54
«Наурыз шапағаты» жалпыұлттық
іс-шарасын өткізу
КІРІСПЕ
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және
«Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында қоғамдық сананы жаңғыртудың
негізгі бағыттарын атап көрсетті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының идеялық құндылықтарын жүзеге
асыру контекстінде Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамын тойлаудың мәні
жоғары. Наурыз – ұлттық бірегейлік пен үйлесімнің, береке мен бірліктің
мерекесі. Бұл ұлттық бірегейлікті сақтау, прагматизмді қалыптастыру,
сананың ашықтығын көтермелеу тұрғысынан маңызды мереке.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991 жылғы
15 наурыз күнгі Жарлығымен күн мен түннің теңелген мезгілі, Ұлыстың ұлы
күнін «Халықтық көктем мерекесі – Наурыз мейрамы» ретінде ресми тойлау
бекітілді. Ал, 2009 жылы 22 сәуірде «Мерекелер» туралы Қазақстан
Республикасының Заңына өзгерістер еніп, Наурыз мейрамы 21-23 наурыз
аралығында атап өтілетін болды.
Наурыз – жаңа күннің бастауы. Табиғаттың жаңарып, тіршіліктің
жанданып, ниеттің тазарып, жақсылықтың, ізгіліктің оянатын шағы.
Әз-Наурыз
тарихи
құндылығын, халық арасындағы
өзектілігін жоғалтпаған мейрам.
Халықтық сипат алған бұл мерекеде
адами құндылықтар дәріптеліп,
салт-дәстүріміз жаңғыратын ұлы
күн. Бес мыңжылдық тарихы бар
наурыз
мерекесі
көне
құндылықтарымызды
сақтап,
ұлттық дәстүрімізді жаңғыртудың
арқасында ғасырларды жалғап, ұрпақ пен салт-дәстүрдің сабақтастығын
сақтайтын қасиетке ие. Сондықтан жастар мен балаларды мәдениетке, салт-
дәстүрлерімізді тануға тәрбиелеуде Ұлыстың ұлы күнінің маңызы зор.
Ұлық мереке заманауи қазақ қоғамына еркін бойлап, қоғамдағы достық
пен ынтымақтың символына айналды. Қазақстанда өмір сүріп жатқан 140-қа
жуық өзге ұлт пен ұлыс өкілдері Ұлыстың ұлы күнін қадір тұтып,
жалпыхалықтық сипатта тойлап келеді. Көпұлтты мемлекетіміздегі халықтар
достығы күшейіп, ұлттық бірегейлігімізді сақтап, бейбітшілік пен бірліктің,
достықтың жарқын үлгісін көрсеткен мереке.
Достарыңызбен бөлісу: