5.2.1.2 – байланыс арналары, ақпарат көздері және қабылдағыштарының мысалын келтіру
Ақпаратты беру және қабылдау әдістеріне байланысты келесідей ажыратады:
АҚПАРАТТЫ БЕРУ ТҮРЛЕРІ
Ақпаратты беру түрлері: мәтіндік, сандық, графикалық, дыбыстық.
Мәтін түрінде берілетін ақпараттар мәтіндік ақпарат деп аталады. Мысалы, ертегі кітаптарындағы қиял-ғажайып ертегілер мәтіндері, өлең кітаптарындағы өлең жолдары және т.б.
Сан түрінде берілетін ақпараттар сандық ақпарат деп аталады. Мысалы, математикалық есептер, сағаттардағы уақыт мезгілдері және т.б.
График түрде берілетін ақпараттар графикалық ақпарат деп аталды. Мысалы, суреттер, фотографиялар, диаграммалар, гистограммалар және т.б.
Дыбыс түрінде берілетін ақпараттар дыбыстық ақпарат деп аталады. Мысалы, мұғалімнің сабақты түсіндіруі, теледидарда берілетін музыкалық хабарламалар, магнитофондағы әуендер және т.б.
Ақпараттық процесс – бұл ақпаратты алу, өңдеу, сақтау және жеткізу процестері.
Ақпарат арналары
Биологиялық
Техникалық
Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері
Телефон, теледидар, компьютер, т.б.
Ақпарат көзі
Жеткізу арнасы
Қабылдаушы
Ақпараттың қасиеттері
өзектілігі (ақпараттың өз уақытында берілуіне байланысты);
толықтығы (ақпараттың көлеміне байланысты);
объективтілігі (адам факторына байланысты);
жеткіліктігі (қойылған талаптарға байланысты);
адекваттылығы (шындыққа сәйкестігі);
қолжетімділігі (қажетті ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі).