Ақпарат. Оның түрлері және қасиеттері



Дата24.01.2023
өлшемі495,79 Kb.
#62711
Байланысты:
2-ші сабақ. Ақпарат беру

Ақпарат беру

Оқу мақсаты:

5.2.1.2 – байланыс арналары, ақпарат көздері және қабылдағыштарының мысалын келтіру

Ақпаратты беру және қабылдау әдістеріне байланысты келесідей ажыратады:

АҚПАРАТТЫ БЕРУ ТҮРЛЕРІ

  • Ақпаратты беру түрлері: мәтіндік, сандық, графикалық, дыбыстық.
  • Мәтін түрінде берілетін ақпараттар мәтіндік ақпарат деп аталады. Мысалы, ертегі кітаптарындағы қиял-ғажайып ертегілер мәтіндері, өлең кітаптарындағы өлең жолдары және т.б.
  • Сан түрінде берілетін ақпараттар сандық ақпарат деп аталады. Мысалы, математикалық есептер, сағаттардағы уақыт мезгілдері және т.б.
  • График түрде берілетін ақпараттар графикалық ақпарат деп аталды. Мысалы, суреттер, фотографиялар, диаграммалар, гистограммалар және т.б.
  • Дыбыс түрінде берілетін ақпараттар дыбыстық ақпарат деп аталады. Мысалы, мұғалімнің сабақты түсіндіруі, теледидарда берілетін музыкалық хабарламалар, магнитофондағы әуендер және т.б.
  • Ақпараттық процесс – бұл ақпаратты алу, өңдеу, сақтау және жеткізу процестері.

Ақпарат арналары


Биологиялық
Техникалық
Көз, құлақ, мұрын, тіл, тері
Телефон, теледидар, компьютер, т.б.
Ақпарат көзі
Жеткізу арнасы
Қабылдаушы

Ақпараттың қасиеттері

  • өзектілігі (ақпараттың өз уақытында берілуіне байланысты);
  • толықтығы (ақпараттың көлеміне байланысты);
  • объективтілігі (адам факторына байланысты);
  • жеткіліктігі (қойылған талаптарға байланысты);
  • адекваттылығы (шындыққа сәйкестігі);
  • қолжетімділігі (қажетті ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі).

Үй тапсырмасы:


Ақпарат түрлерін анықтап, дәптерлеріңе жазыңдар

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет