Ақпаратқа кiру, шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата08.01.2017
өлшемі171,9 Kb.
#1428
  1   2   3

Ақпаратқа кiру, шешiмдер қабылдау процесiне 

жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға 

қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне 

қол жеткiзу туралы конвенцияны бекiту 

туралы 

Қазақстан Республикасының Заңы 2000 жылғы 23 қазан N 92-II 

 

"Егемен Қазақстан" 2000 жылғы 28 қазан N 267 



 

 

 



 

     Орхуста (Дания) 1998 жылғы 25 маусымда жасалған Ақпаратқа кiру,  

шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға  

қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзу туралы конвенция  

бекiтiлсiн. 

      


     Қазақстан Республикасының 

             Президентi  

 

 

           Ақпаратқа кiру, шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың         



          қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот  

                        әдiлдiгiне қол жеткiзу туралы  

                                 КОНВЕНЦИЯ 

 

     Осы Конвенцияның Тараптары, 



     адамды қоршаған орта проблемалары жөнiндегi 1 Стокгольм  

декларациясының принципiне сүйене отырып, 

     сондай-ақ қоршаған орта және даму жөнiндегi 10 Рио-де-Женейро  

принципiне сүйене отырып, 

 

 

      одан әрi Бас Ассамблеяның Бүкiлдүниежүзiлiк табиғат хартиясы туралы 



1982 жылғы 28 қазандағы 37/7 және адамдардың әл-ауқатын арттыру мүдделерiнде 

салауатты қоршаған ортаны қамтамасыз ету қажеттiгi туралы 1990 жылғы 14 

желтоқсандағы 45/94 қарарларына сүйене отырып,  

      1989 жылғы 8 желтоқсанда Германияның Майндағы Франкфуртында 

Бүкiлдүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының "Қоршаған орта және денсаулық" 

бiрiншi Еуропа конференциясында қабылданған қоршаған орта және денсаулық 

жөнiндегi Еуропа хартиясына сүйене отырып,  

      қоршаған ортаны қорғау және сақтау, оның жай-күйiн жақсарту, тұрақты 

және экологиялық жағынан қауiпсiз дамуды қамтамасыз ету қажеттiгiн растай 

отырып,  

      адамның әл-ауқатын қамтамасыз ету және өмiр сүруге құқықтың өзiн қоса 

алғанда, адамның негiзгi құқықтарын жүзеге асыру үшiн қоршаған ортаны барабар 

қорғау қажеттiгiн мойындай отырып,  

      сондай-ақ әрбiр адамның өз денсаулығы мен әл-ауқаты үшiн қолайлы 

қоршаған ортада өмiр сүруге құқығы бар екенiн, жеке-дара да, сол секiлдi 

басқалармен ынтымақтастықта да қазiргi және болашақ ұрпақтардың игiлiгiне 

қоршаған ортаны қорғауға және жақсартуға мiндеттi екенiн мойындай отырып,  

      осы құқықты қорғаудың және осы мiндеттi орындаудың мүмкiндiгiн 

қамтамасыз ету мақсатында азаматтар экологиялық ақпаратқа қолы жетуге, 

шешiмдер қабылдау процесiне қатысу құқығы болуға және қоршаған ортаға қатысты 

мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қолы жетуге тиiс деп есептей отырып және 

осыған байланысты азаматтарға өз құқықтарын жүзеге асыру үшiн қажеттi көмек 

көрсетiлуi мүмкiн екенiн мойындай отырып,  

      қоршаған ортаға қатысты мәселелерде ақпаратқа қол жеткiзудi және 

шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуын жетiлдiру қабылданатын 

шешiмдердiң және оларды жүзеге асыру процесiнiң сапасын арттыратынын, 



экологиялық проблемалар туралы хабардарлықты жақсартуға жәрдемдесетiнiн, 

жұртшылықтың өз алаңдаушылығын бiлдiруiне мүмкiндiк жасайтынын, мемлекеттiк 

органдарға мұндай мүдделердiң лайықты есебiн жүргiзудi қамтамасыз етуге 

мүмкiндiк беретiнiн мойындай отырып,  

      сөйтiп, есеп жүргiзудi және шешiмдер қабылдау процесiнiң ашықтығын 

күшейтуге және қоршаған орта саласындағы шешiмдердi жұртшылықтың қолдауын 

күшейтуге жәрдемдесуге ұмтыла отырып,  

      мемлекеттiк басқарудың барлық тармақтарында ашықтықтың қажеттiгiн 

мойындай отырып және өз жұмысында осы Конвенцияның принциптерiн жүзеге 

асыруды заң органдарына ұсына отырып,  

      сондай-ақ жұртшылықтың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша 

шешiмдер қабылдау процесiне қатысу рәсiмдерi туралы хабардар болуға, оларды 

еркiн алуға және оларды қалай пайдалануды бiлуге тиiс екенiн мойындай отырып,  

      қоршаған ортаны қорғауда жекелеген азаматтар, үкiметтiк емес ұйымдар 

мен жеке сектор атқара алатын тиiстi рольдердiң маңызды мәнiн одан әрi 

мойындай отырып,  

      қоршаған ортамен және тұрақты дамумен байланысты процестердi түсiнудi 

тереңдету мақсатында экологиялық ағартуға жәрдемдесу, қоршаған ортаға және 

тұрақты дамуға ықпал жасайтын шешiмдер туралы жұртшылықтың кеңiнен хабардар 

болуын және оның мұндай шешiмдер қабылдау процесiне қатысуын көтермелеп отыру 

қажет деп есептей отырып,  

      осыған байланысты бұқаралық ақпарат құралдарын және электронды немесе 

болашақта пайда болатын басқа да байланыс құралдарын пайдаланудың маңызды 

ролiн атап өте отырып,  

      үкiметтiк деңгейде шешiмдер қабылдау кезiнде экологиялық пайымдардың 

толық есепке алынуының маңызды мәнiн және осыдан туындайтын мемлекеттiк 

органдарда дәл, жан-жақты және жаңа экологиялық ақпарат болу қажеттiгiн 

мойындай отырып,  

      мемлекеттiк органдардың жұртшылықтың мүдделерiне сай экологиялық 

ақпаратқа ие болатынын мойындай отырып,  

      тиiмдi сот механизмдерi заңды мүдделерiн қорғауды және заңды қолдануды 

қамтамасыз ету мақсатында ұйымды қоса алғанда, жұртшылық үшiн алуға жеңiл 

болуға тиiс деп есептей отырып,  

      тұтынушыларға қоршаған ортаны қорғаудың мүдделерiн ескере отырып негiзi 

бар таңдау жасау мүмкiндiгiн беру үшiн өнiмдер туралы тиiстi ақпарат берудiң 

маңыздылығын атап өте отырып,  

      қоршаған ортаға генетикалық өзгерiске түскен организмдердiң қасақана 

жiберiлуiне байланысты жұртшылықтың алаңдауын, ашықтықты арттыру және бұл 

саладағы шешiмдердiң қабылдану процесiне жұртшылықтың көбiрек қатысуы 

қажеттiгiн мойындай отырып,  

      осы Конвенцияны жүзеге асыру Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Еуропа 

экономикалық комиссиясы (ЕЭК) аймағында демократияны нығайтуға жәрдемдесетiн 

болатынына сенiмдi бола отырып,  

      ЕЭК осыған байланысты атқаратын рольдi мойындай отырып және атап 

айтқанда, Болгарияда, Софияда 1995 жылғы 25 қазанда "Еуропа үшiн қоршаған 

орта" үшiншi Министрлер конференциясында қабылданған, Министрлер 

декларациясында мақұлданған экологиялық ақпаратқа қол жеткiзудi және қоршаған 

ортаны қорғау саласындағы шешiмдердi қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуын 

қамтамасыз ету жөнiндегi ЕЭК-ның Басшы принциптерiне сүйене отырып,  

      1991 жылғы 25 ақпанда Финляндияда, Эспода қабылданған Аралық шекара 

контексiндегi қоршаған ортаға ықпал етудi бағалау туралы конвенцияның, 

Өнеркәсiп аварияларының аралық шекара ықталы туралы конвенцияның және 1992 

жылғы 17 наурызда Хельсинкиде қабылданған аралық шекара су ағыстары мен 

халықаралық көлдердi қорғау және пайдалану жөнiндегi конференцияның,  

 

 

сондай-ақ басқа да аймақтық конференциялардың тиiстi ережелерiн назарға  



ала отырып,  

     осы Конвенцияны қабылдау "Еуропа үшiн қоршаған орта" процесiн одан  

әрi нығайтуға және 1998 жылғы маусымда Данияда, Орхуста өткен төртiншi  

Министрлер конференциясы қорытындыларын дамытуға жәрдемдесетiнiн түсiне  

отырып, 

     мына төмендегiлер туралы уағдаласты: 

 


                                   1-бап 

                                   Мақсат  

      

     Қазiргi және болашақ ұрпақтардың әрбiр адамының оның денсаулығы мен  



әл-ауқаты үшiн қолайлы қоршаған ортада өмiр сүру құқығын қорғауға  

жәрдемдесу үшiн әрбiр Тарап осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес  

экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу, жұртшылықтың шешiмдер қабылдау  

процесiне қатысуы, қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот  

әдiлдiгiне қол жеткiзу құқығына кепiлдiк бередi. 

 

                                   2-бап 



                                 Анықтамалар  

      


     Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн: 

     1. "Тарап", егер мәтiнде өзгеше нұсқау болмаса, осы Конвенцияның  

Уағдаласушы Тарабын бiлдiредi. 

     2. "Мемлекеттiк орган": 

     а) ұлттық, аймақтық және басқа деңгейдегi әкiмшiлiктi; 

 

 



      b) қоршаған ортаға қатысы бар нақты мiндеттердi, қызметтi немесе 

қызметтер көрсетудi қоса алғанда, ұлттық заңдарға сәйкес мемлекеттiк 

әкiмшiлiк функцияларды атқаратын жеке немесе заңды тұлғаларды;  

      с) мемлекеттiк мiндеттердi немесе функцияларды атқаратын немесе 

жоғарыда а) немесе b) тармақшаларында аталған органның немесе адамның 

бақылауымен қоршаған ортаға қатысы бар қызметтердi халыққа көрсететiн кез 

келген басқа жеке немесе заңды тұлғаларды;  

      d) осы Конвенцияның Тарабы болып табылатын, 17-бапта аталған 

экономикалық интеграцияның кез келген аймақтық ұйымының мекемесiн бiлдiредi.  

      Бұл анықтама сот немесе заң шығарушы ретiнде әрекет ететiн органдарды 

немесе мекемелердi қамтымайды.  

      3. "Экологиялық ақпарат" жазбаша, аудиокөргi, электронды немесе кез 

келген өзге де материалдық нысанда мынау туралы жазылған кез келген ақпаратты 

бiлдiредi:  

      а) ауа және атмосфера, су, топырақ, жер, ландшафт және табиғи 

объектiлер секiлдi қоршаған орта элементтерiнiң жай-күйi, генетикалық жағынан 

өзгертiлген организмдердi қоса алғанда, биологиялық алуан түрлер мен оның 

компоненттерi және осы элементтер арасындағы өзара әрекет;  

      b) заттар, энергия, шу және сәулелену секiлдi факторлар, сондай-ақ, 

әкiмшiлiк шараларды қоса алғанда, қызмет немесе шаралар, қоршаған орта 

саласындағы келiсiмдер, саясат, заңдар, жоғарыда а) тармақшасында қамтылған 

қоршаған орта элементтерiне ықпал жасайтын немесе ықпал жасауға қабiлеттi 

жоспарлар мен бағдарламалар, шығындар мен нәтижелердiң талдамасы және басқа 

да экономикалық талдау және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша 

шешiмдер қабылдаған кезде пайдаланылған жорамалдар;  

      с) адамдардың денсаулығы мен қауiпсiздiгiнiң жай-күйi, адамдар өмiрiнiң 

жағдайлары, мәдениет объектiлерiнiң және үйлер мен ғимараттардың жай-күйi, 

олардың әрқайсысына қоршаған орта элементтерiнiң жай-күйi ықпал ететiнi 

немесе ықпал ете алатыны немесе осы элементтер арқылы жоғарыда  

b) тармақшасында айтылған факторлар, қызмет немесе шаралар.  

      4. "Жұртшылық" ұлттық заңдарға және олардың қауымдастығы, ұйымы  

 

 



немесе тобы практикасына сәйкес бiр немесе бiреуден көп жеке немесе заңды  

тұлғаны бiлдiредi. 

     5. "Мүдделi жұртшылық" қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша  

шешiмдер қабылдау процесiмен қозғалатын немесе қозғалуы мүмкiн, немесе бұл  

процесте мүдделiлiгi бар жұртшылықты бiлдiредi; осы анықтаманың мақсаттары  

үшiн қоршаған ортаға жәрдемдесушi және ұлттық заңдармен қойылатын кез  

келген талаптарға сай келетiн үкiметтiк емес ұйымдар мүдделiлiгi бар  

ұйымдар деп есептеледi. 

 

                                   3-бап 



                               Жалпы ережелер 

      

     1. Әрбiр Тарап осы Конвенцияның ақпаратқа, жұртшылықтың қатысуына  

және  

 

сот әдiлдiгiне қол жеткiзуге қатысты ережелерiн жүзеге асыру тәртiбiн 



регламенттейтiн ережелердiң бiрлесуiне жету жөнiндегi шараларды қоса алғанда, 

қажеттi заңдық, регламенттеушi және басқа шаралар, осы Конвенцияның 

ережелерiн жүзеге асыру үшiн айқын, ашық және келiсiлген құрылым құру және 

оны ұстау үшiн олардың қолданылуын қамтамасыз ету жөнiнде тиiстi шаралар 

қолданады.  

      2. Әрбiр Тарап лауазымды адамдар мен мемлекеттiк органдардың 

жұртшылыққа көмек көрсетуiн және ақпарат алуда, оның шешiмдер қабылдау 

процесiне қатысуын жеңiлдетуде және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша 

сот әдiлдiгiне қол жеткiзуде оған бағдар беруiн қамтамасыз етуге ұмтылады.  

      3. Әрбiр Тарап экологиялық ағартуға және қоршаған орта туралы, әсiресе 

ақпарат алуға, шешiмдер қабылдау процесiне қатысуға және қоршаған ортаға 

қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзуге қатысты жұртшылықтың 

хабардарлық деңгейiн арттыруға жәрдемдеседi.  

      4. Әрбiр Тарап қоршаған ортаны қорғауға жәрдемдесушi бiрлестiктердiң, 

ұйымдардың немесе топтардың тиiсiнше танылуын қамтамасыз етедi және оларға 

тиiстi қолдау көрсетедi және өзiнiң ұлттық құқықтық жүйесiнiң осы 

мiндеттемеге сәйкес келуi қамтамасыз етедi.  

      5. Осы Конвенцияның ережелерi қайсы бiр Тараптың ақпаратқа неғұрлым 

кеңiрек қол жеткiзiлуiн, шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың неғұрлым 

белсендi қатысуын және осы Конвенцияда көзделгендей қоршаған ортаға қатысты 

мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне неғұрлым кеңiрек қол жеткiзiлуiн көздейтiн 

шараларды жүзеге асыруды жалғастыру немесе енгiзу құқығын қозғамайды.  

      6. Осы Конвенция экологиялық ақпаратқа енуге, шешiмдер қабылдау 

процесiне жұртшылықтың қатысуына және қоршаған ортаға қатысты мәселелер 

бойынша қол жеткiзуге қолданылып жүрген құқықтарды қандай да бiр әлсiретудi 

қажет етпейдi.  

      7. Әрбiр тарап қоршаған ортаға қатысты шешiмдер қабылдаудың халықаралық 

принциптерiне және қоршаған ортаға қатысты мәселелерде халықаралық ұйымдар 

шеңберiнде осы Конвенцияның принциптерi қолданылуына жәрдемдеседi.  

      8. Әрбiр Тарап осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес өз құқықтарын жүзеге 

асыратын адамдар өз қызметi үшiн жазаға, қуғындауға және кез келген нысанда 

қысымға ұшырамауын қамтамасыз етедi. Осы ереже ұлттық соттардың сот 

шығындарына байланысты ақылға сыйымды шығыстарды жабу туралы қаулы шығару 

өкiлеттiгiн қозғамайды.  

      9. Осы Конвенцияның тиiстi ережелерi шеңберiнде азаматтық, қай ұлтқа 

жататындығы немесе тұрғылықты жерi белгiлерi бойынша кемсiтусiз және заңды 

тұлға жағдайында, оның тiркелген жерi немесе iс жүзiндегi қызмет орталығы 

белгiлерi бойынша кемсiтусiз, жұртшылық ақпаратқа қол жеткiзедi, шешiмдер 

қабылдау процесiне қатысу мүмкiндiгiне ие болады және қоршаған ортаға қатысты 

мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне қол жеткiзедi.  

 

                                   4-бап 



 

 

 



 

 

                        Экологиялық ақпаратқа қол жеткiзу  



 

      1. Әрбiр Тарап осы баптың келесi тармақтарын сақтау жағдайында 

мемлекеттiк органдар экологиялық ақпарат беру туралы өтiнiшке жауап ретiнде, 

ұлттық заңдар нормаларын ескере отырып, сауал болған кезде және төмендегi b) 

тармағына сәйкес, мұндай ақпараттан тұратын немесе оны қамтитын iс жүзiндегi 

құжаттаманың көшiрмесiн қоса алғанда, жұртшылыққа мұндай ақпарат беруiн 

қамтамасыз етедi:  

      а) өз мүдделiлiгiн тұжырымдаудың қажеттiлiгiнсiз;  

      b) сұрау салынған нысанда, егер тек:  

      i) мемлекеттiк органда оны басқа нысанда беруге негiздер болмаса, 

мұндай жағдайда ол осындай нысанда ақпарат берiлуiн ақтайтын себептердi 


көрсетуге тиiс; немесе  

      ii) ақпарат жұртшылыққа басқа нысанда берiлмеген болса.  

      2. Жоғарыда 1-тармақта айтылған экологиялық ақпарат, егер тиiстi 

ақпараттың тек көлемi мен күрделiлiгi бұл кезеңдi өтiнiш берiлгеннен кейiн 

екi айға дейiн ұзартуды ақтамайтын болса, барынша қысқа мерзiмде, бiрақ 

өтiнiш берiлгеннен кейiн бiр айдан кешiктiрмей берiледi. Бұл кезеңнiң кез 

келген ұзартылуы туралы және мұндай шешiм қабылдануын ақтайтын себептер 

туралы өтiнiш берушi хабардар етiледi.  

      3. Егер:  

      а) өтiнiш жiберiлген мемлекеттiк органда сұрау салынған экологиялық 

ақпарат болмаса;  

      b) өтiнiш анық негiзсiз болып табылса немесе тым жалпылама түрде 

тұжырымдалса; немесе  

      с) өтiнiш әзiрлеудiң ақырғы кезеңiнде, немесе мемлекеттiк органдардың 

iшкi хат жазысуларында және олардың арасында тұрған, ұлттық заңдарда немесе 

қалыптасқан практикада мұндай жағдай көзделген материалдарға қатысты болса, 

экологиялық ақпарат беру туралы өтiнiштен бас тартылуы мүмкiн, бұл орайда 

жұртшылықтың мұндай ақпарат алуға мүдделiлiгi ескерiледi.  

      4. Егер мұндай ақпаратты жария ету мыналарға терiс ықпал ететiн болса, 

экономикалық ақпарат беру туралы өтiнiштен бас тартылуы мүмкiн:  

      а) мұндай құпиялық ұлттық заңдарда көзделген жағдайларда мемлекеттiк 

органдар жұмысының құпиялылығына;  

      b) халықаралық қатынастарға, ұлттық қорғанысқа немесе мемлекет 

қауiпсiздiгiне;  

      с) сот әдiлдiгiн жасауға, адамдардың әдiлеттi сот тергеуiне ұшырау 

мүмкiндiгiне немесе мемлекеттiк органдардың қылмыстық немесе тәртiптiк 

сипаттағы тергеу жүргiзу қабiлетiне;  

      d) заңды экономикалық мүдделердi қорғау мақсатында мұндай құпиялылық 

заңмен қорғалатын жағдайларда коммерциялық және өнеркәсiптiк ақпараттың 

құпиялылығына. Бұл шеңберде қоршаған ортаны қорғауға қатысты шығарылып 

тасталған қалдықтар туралы ақпарат ашып көрсетiлуге тиiс;  

      е) интеллектiлiк меншiк құқықтарына;  

      f) ұлттық заңдардың ережелерiне сәйкес жұртшылыққа мұндай ақпарат 

беруге тиiстi адам келiсiм бермеген кезде жеке адамға қатысты жеке 

деректердiң және/немесе мұрағаттардың құпиялылығына;  

      g) егер бұл тарап бұлайша әрекет жасауға құқықтық мiндеттемемен 

байланысты болмаса, немесе егер бұл тарапқа мұндай мiндеттеме жүктелуi мүмкiн 

болмаса және бұл тарап материалды жария етуге келiсiм бермесе, сұрау салынған 

ақпаратты берген үшiншi тараптың мүдделерiне; немесе  

      h) осы ақпарат қатысты қоршаған ортаға, мысалы, сирек кездесетiн 

түрлердiң өсiп-өнетiн орындарына.  

      Бас тарту үшiн жоғарыда аталған негiздемелер осы ақпараттың ашылуына 

жұртшылықтың мүдделiлiгi ескерiле отырып және сұрау салынған ақпараттың 

қоршаған ортаға қалдықтар шығарып тастауға қатысы бар-жоғы ескерiле отырып 

шектеулi түсiндiрiледi.  

      5. Мемлекеттiк органда сұрау салынған экологиялық ақпарат болмаған 

жағдайларда, бұл мемлекеттiк орган барынша қысқа мерзiмде ақпарат беру туралы 

өтiнiш жасауға болады деп есептеген мемлекеттiк орган туралы өтiнiш берушiнi 

хабардар етедi немесе бұл өтiнiштi сондай органға бередi және тиiстi түрде 

бұл туралы өтiнiш берушiге хабарлайды.  

      6. Жоғарыдағы 3 с) және 4-тармақтарға сәйкес ашып көрсетiлуге жатпайтын 

ақпарат ақпараттың құпиялылығы үшiн нұқсан келтiрмей басқа ақпараттан бөлiп 

алынуы мүмкiн болған жағдайларда, мемлекеттiк органдар сұрау салынған 

экологиялық ақпараттың қалған бөлiгiн беруiн әрбiр Тарап қамтамасыз етедi.  

      7. Егер ақпарат беру туралы өтiнiш жазбаша түрде жiберiлсе немесе егер 

өтiнiш берушi бұл туралы өтiнсе, онда бас тарту да жазбаша түрде берiледi. 

Бас тартуда оның себептерi көрсетiледi және 9-бапқа сәйкес қабылданған 

шешiмдi қарау рәсiмiне қол жеткiзу туралы тиiстi ақпарат келтiрiледi. Егер 

ақпараттың күрделiлiгi ғана өтiнiш берiлген кезден бастап екi айға дейiн бұл 

мерзiмдi ұзартуды ақтамайтын болса, ақпарат беру туралы өтiнiштен бас тарту 

барынша қысқа мерзiмде, бiрақ бiр айдан кешiктiрмей берiледi. Өтiнiш берушi 

бұл мерзiмнiң кез келген ұзартылуы және оның себептерi туралы хабардар 

етiледi.  

      8. Әрбiр Тарап бұл төлем ақылға сыйымды деңгейден аспайтын жағдайда 



ақпарат бергенi үшiн төлемақы өндiрiп алуға өз мемлекеттiк органдарына рұқсат 

етуi мүмкiн. Берiлген ақпарат үшiн төлемақы өндiрiп алғысы келетiн 

мемлекеттiк органдар алым өндiрiп алуды көздейтiн немесе оларды төлеуден 

босататын мән-жайларды және мұндай алымды алдын ала төлеу жағдайында ақпарат 

берiлетiн жағдайларды көрсете отырып, алымдар өндiрiп алынуы мүмкiн 

ставкалардың тарифтерiн өтiнiштер берушiлерге хабарлайды.  

 

                                   5-бап 



 

 

 



 

 

                     Экологиялық ақпарат жинау және тарату  



 

      1. Әрбiр Тарап:  

      а) мемлекеттiк органдардың өздерiнiң функцияларына қатысы бар 

экологиялық ақпаратқа ие болуын және оны жаңғыртып отыруын;  

      b) жоспарланған және жүзеге асырылатын, қоршаған ортаға едәуiр ықпал 

ете алатын қызмет туралы ақпараттың мемлекеттiк органдарға тиiстi дәрежеде 

түсуiн қамтамасыз ету үшiн мiндеттi жүйелер құрылуын;  

      с) адам қызметiнiң нәтижесiнде және табиғи сипаттағы себептер бойынша 

адамның денсаулығына немесе қоршаған ортаға кез келген қатер төнген жағдайда 

осындай қатерге байланысты туындайтын залалдың зардаптарын болдырмау немесе 

жеңiлдету үшiн жұртшылықтың шаралар қолдануына мүмкiндiк беретiн, мемлекеттiк 

органның қолында бар барлық ақпарат әлеуеттi қатер төнген қоғам мүшелерiнiң 

арасында дереу және кiдiрiссiз таралуын қамтамасыз етедi.  

      2. Әрбiр Тарап ұлттық заңдар шеңберiнде мемлекеттiк органдардың 

жұртшылыққа ақпарат беру рәсiмдерi түсiнiктi болуын және экологиялық ақпарат 

оңай жолмен алынуын, оның iшiнде:  

      а) тиiстi мемлекеттiк органдардың иелiгiндегi экологиялық ақпараттың 

түрi және қамтылуы туралы және мұндай ақпарат берудiң мүмкiндiгiн айқындайтын 

негiзгi шарттар және оған қол жеткiзу туралы, оны алудың процесi туралы 

жұртшылыққа жеткiлiктi ақпарат берiлуiн;  

      b) мұндай практикалық шаралардың ұйымдастырылуы мен жүзеге асырылуын;  

      i) тiзiмдердi, тiзiлiмдердi немесе мұрағаттарды жұртшылықтың алуын 

қамтамасыз етудi;  

      ii) осы Конвенцияға сәйкес ақпарат алуда жұртшылыққа қолдау жасаудағы 

лауазымды адамдардың мiндеттерiн белгiлеудi; және  

      с) жоғарыдағы b) i) тармақшасына сәйкес тiзiмдердегi, тiзiлiмдердегi 

немесе мұрағаттардағы бар экологиялық ақпаратты тегiн берудi қамтамасыз 

етедi.  


      3. Әрбiр Тарап байланыстың көпшiлiкке арналған тораптары арқылы 

жұртшылықтың алуына жеңiл электронды деректер базаларындағы экологиялық 

ақпарат көлемiнiң бiртiндеп ұлғайтылуын қамтамасыз етедi. Мұндай нысанда 

алынатын ақпарат мыналарды қамтуға тиiс:  

      а) төменде 4-тармақта аталған қоршаған ортаның жай-күйi туралы 

баяндамалар;  

      b) қоршаған орта немесе бұған қатысы бар мәселелер жөнiндегi заң 

актiлерiнiң мәтiндерi;  

      с) тиiстi жағдайларда, саясат мәселелерi жөнiндегi құжаттар, қоршаған 

ортаны қорғау саласындағы немесе оған қатысты жоспарлар мен бағдарламалар, 

сондай-ақ табиғат қорғау келiсiмдерi; және  

      d) мұндай ақпарат электронды нысанда болған жағдайда, мұндай нысандағы 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет