Ақпаратқа кiру, шешiмдер қабылдау процесiне жұртшылықтың қатысуы және қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша сот әдiлдiгiне



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата08.01.2017
өлшемі171,9 Kb.
#1428
1   2   3

тапсырылғаннан кейiн мұндай қосымшаға осы түзетулер бұл Тарап үшiн күшiне 

енедi.  


      6. Жоғарыдағы 4-тармақта көзделген Депозитариймен хабар берiлген күннен 

кейiн он екi ай iшiнде жоғарыдағы 5-тармақтың ережелерiне сәйкес, Тараптар 

санының үштен бiрiнен аспайтын бөлiгi мұндай хабарлама бермеген жағдайда, 

қосымшаға түзету туралы Депозитарийге хабарлама бермеген Тараптар үшiн күшiне 

енедi.  


      7. Осы баптың мақсаттары үшiн "болатын және дауыс беруге қатысатын 

Тараптар" деп қатысатын және "жақтап" немесе "қарсы" дауыс беретiн Тараптар 

түсiнiледi.  

 

                                   15-бап 



 

 

 



                              Сақталуын қарау  

 

 



 

 

 



      Тараптардың кеңесi осы Конвенция ережелерiнiң сақталуын қарау үшiн 

теке-тiреспеу, соттық емес және консультациялық сипаттағы факультативтiк 

шараларды бiр ауыздан белгiлейдi. Бұл шаралар жұртшылықтың тиiстi қатысуын 

қамтамасыз етедi және осы Конвенцияға қатысты мәселелер бойынша жұртшылық 

өкiлдерiнiң хабарламаларын қарау мүмкiндiгiн қамтуы мүмкiн.  

 

                                   16-бап 



 

 

 



                              Дауларды реттеу  

 

 



 

 

 



      1. Осы Конвенцияны түсiндiруге немесе қолдануға қатысты екi немесе одан 

да көп Тараптардың арасында даулар туындаған жағдайда олар шешiмдi 

келiссөздер немесе дауға қатысушы Тараптар үшiн қабылдауға болатын дауларды 

реттеудiң кез келген басқа әдiсiмен iздестiруге ұмтылады.  

      2. Осы Конвенцияға қол қою, оны бекiту, қабылдау, мақұлдау кезiнде 

немесе оған қосылу кезiнде немесе бұдан кейiн кез келген кезде Тарап 

жоғарыдағы 1-тармақтың ережелерiне сәйкес шешiлмеген дауларға қатысты 

Депозитарийге жазбаша өтiнiш жiберуi мүмкiн, кез келгенiне қатысты  

 

 

мiндеттi болып табылатын дауды реттеудiң келесi құралдарынан ол бiреуiн  



немесе екеуiн мойындайды.  

     Өзiне мынадай мiндеттемелер алатын Тараптар: 

     а) Халықаралық Сотқа беру; 

     b) II қосымшада белгiленген рәсiмге төрелiк. 

     3. Егер дау тараптары жоғарыдағы 2-тармақта аталған дауды реттеудiң  

екi құралын қабылдаса, егер тек тараптар өзге туралы уағдаласпаса, дау тек  

Халықаралық Сотқа ғана берiлуi мүмкiн. 

 

                                   17-бап 



                                   Қол қою  

      


 

 

      Осы Конвенция 1998 жылғы 25 маусымда Орхуста (Дания), ал содан соң 1998 



жылғы 21 желтоқсанға дейiн Еуропа экономикалық комиссиясына мүше 

мемлекеттердiң, 1947 жылғы 28 наурыздағы Экономикалық және Әлеуметтiк 

Кеңестiң 36 (IV) қарарының 8 және 11-тармақтарына сәйкес Еуропа экономикалық 

комиссиясының жанындағы консультациялық мәртебесi бар мемлекеттердiң, осы 

мәселелерге қатысты шарттар жасасу өкiлеттiгiн қоса алғанда, осы Конвенциямен 

реттелетiн мәселелерге қатысты өздерiнiң мүше мемлекеттерi өкiлеттiгiн берген 

Еуропа экономикалық комиссиясының егемендi мүше мемлекеттерi құрған 

экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары қол қоюы үшiн ашық.  

 


                                   18-бап 

 

 



 

                                 Депозитарий  

 

 

 



 

 

      Осы Конвенцияның Депозитарийi ретiнде Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас 



хатшысы әрекет етедi.  

 

                                   19-бап 



 

 

 



 

 

                     Бекiту, қабылдау, мақұлдау және бiрiгу  



 

      1. Осы Конвенцияны оған қол қойған мемлекеттер және экономикалық  

 

 

интеграцияның аймақтық ұйымдары бекiтуге, қабылдауға немесе мақұлдауға  



тиiс. 

     2. Осы Конвенция мемлекеттер және 1998 жылғы 22 желтоқсандағы  

17-бапта көрсетiлген экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары үшiн  

ашық. 


     3. Жоғарыдағы 2-тармақта көрсетiлмеген, Бiрiккен Ұлттар Ұйымының мүше  

мемлекетi болып табылатын кез келген басқа мемлекет Тараптар Кеңесiнiң  

келiсiмiмен Конвенцияға қосылуы мүмкiн. 

     4. Бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы өз құжаттарында  

17-бапта аталған экономикалық интеграцияның аймақтық ұйымдары осы  

Конвенциямен реттелетiн мәселелерде өз құзыретiнiң шектерi туралы  

мәлiмдейдi. 

 

                                   20-бап 



                                Күшiне енгiзу  

      


 

 

      1. Осы Конвенция бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы он 



алтыншы құжат сақтауға тапсырылғаннан кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi.  

      2. Жоғарыдағы 1-тармақтың мақсаты үшiн экономикалық интеграцияның 

қандай да бiр аймақтық ұйымына сақтауға тапсырылған кез келген құжат мұндай 

ұйымның мүше мемлекеттерiне сақтауға тапсырылған құжаттарға толықтыру ретiнде 

қарастырылмайды.  

      3. 17-бапта аталған және осы Конвенцияны бекiтетiн, қабылдайтын немесе 

мақұлдайтын немесе оған қосылатын әрбiр мемлекет немесе ұйым үшiн бекiту, 

қабылдау, мақұлдау немесе қосылу туралы он алтыншы құжат сақтауға 

тапсырылғаннан кейiн осы Конвенция бекiту, қабылдау, мақұлдау немесе қосылу 

туралы құжатты мұндай мемлекет немесе ұйым сақтауға тапсырғаннан  

 

 

кейiн тоқсаныншы күнi күшiне енедi. 



 

                                   21-бап 

                              Конвенциядан шығу  

      


     Қандай да бiр Тарапқа қатысты осы Конвенция күшiне енген күннен  

бастап үш жыл өткенше кез келген уақытта бұл Тарап Депозитарийге жазбаша  

хабарлама жiберу арқылы Конвенциядан шыға алады. Мұндай кез келген шығу  

Депозитарий ол туралы хабарлама алған күннен кейiн тоқсаныншы күнi күшiне  



енедi. 

 

                                   22-бап 



                               Түпнұсқа мәтiндер  

      


     Осы Конвенцияның түпнұсқасы, түпнұсқа мәтiндер болып табылатын  

ағылшын, орыс және француз мәтiндерi Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Бас  

хатшысына сақтауға тапсырылады. 

     ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРЫП осыған уәкiлеттi адамдар осы Конвенцияға қол қойды. 

     Бiр мың тоғыз жүз тоқсан сегiзiншi жылғы жиырма бесiншi маусымда  

Орхуста (Дания) ЖАСАЛДЫ. 

 

                                                          1-қосымша 



 

       6-баптың 1 а) тармағында аталған қызмет түрлерiнiң тiзбесi  

      

     1. Энергетика: 



     - мұнай өңдеушi және газ өңдеушi зауыттар; 

     - газдандыруға және көмiрдi сұйылтуға арналған қондырғылар; 

 

 

      - жылу электр станциялары және жағу үшiн 50 мегаватт (МВт) немесе одан 



да көп жылу қуаты әкелiнген басқа да қондырғылар;  

      - кокос пештерi;  

      - мұнай электр станцияларын немесе 1-реакторларды бөлшектеудi немесе 

пайдаланудан шығаруды қоса алғанда (барынша қуатты тұрақты жылу жүктемесiнiң 

1 кВт-нан аспайтын бөлiнетiн және өндiрiлетiн материалдарды өндiру мен 

консервациялауға арналған зерттеу қондырғыларын қоспағанда) атом электр 

станциялары және атомды реакторы бар басқа да қондырғылар;  

      - сәулеленген ядролық отынды ұқсатуға арналған қондырғылар;  

      - мынаған арналған қондырғылар:  

      - ядролық отынды өндiру мен байытуға арналған;  

      - сәулеленген ядролық отынды немесе жоғары радиоактивтiк қалдықтарды 

өңдеуге арналған;  

      - сәулеленген ядролық отынды түпкiлiктi ажыратуға арналған;  

      - өндiрiстiк объектi аумағынан тысқары басқа орындардағы сәулеленген 

ядролық отынды немесе радиоактивтi қалдықтарды тек сақтауға арналған (10 

жылдан астам уақытқа жоспарланған).  

      2. Металдар өндiру және өңдеу:  

      - металл рудаларын (сульфиттi руданы қоса алғанда) күйдiруге немесе 

агломерациялауға арналған қондырғылар;  

      - сағатына 2,5 тоннадан асатын өнiмдiлiктегi үздiксiз ағызуды қоса 

алғанда, шойынды немесе болатты қайта балқытуға (бiрiншi немесе екiншi 

балқыту) арналған қондырғылар;  

      - қара металдарды өңдеуге арналған қондырғылар:  

      i) сағатына 20 т шикi болаттан асатын қуаты бар ыстық прокаттау 

стандары;  

      ii) балғаға 50 кДж-ден асатын, тұтынылатын жылу қуаты 20 МВт-тан асатын 

ұста балғалары;  

      iii) сағатына 2 тоннадан асатын шикi болатты бере отырып қорғаныш 

шашыратқы металл жамылғыларын жағу;  

      - өндiрiстiк қуаты күнiне 20 тоннадан асатын қара металлдар құю;  

      - мыналарға арналған қондырғылар:  

      i) рудадан қышқылдандырылмаған металдарды, металлургиялық, химиялық 

немесе электролиттiк процестер арқылы концентраттарды немесе қайталама 

шикiзат материалдарын өндiру;  

      ii) қорғасын мен кадмий үшiн күнiне 4 тоннадан немесе басқа барлық 

металдар үшiн 20 тоннадан асатын балқыту қуаты бар, легирленгенiн қоса 

алғанда, түстi металдардың, оның iшiнде рекуперирленген өнiмдердiң 

(рафинирленген, құю өндiрiсi және т.б.) қорытпалары;  

      - электролиттiк немесе химиялық процестердi пайдалана отырып металдарды 

және пластикалық материктердi беткi өңдеуге арналған қондырғылар, бұл кезде 

өңдеу үшiн пайдаланылатын күбiлердiң көлемi 30 текше м-ге артады.  

      3. Минерал шикiзатын ұқсату жөнiндегi өнеркәсiп:  



      - күнiне 500 т-дан асатын өндiрiстiк қуаты бар айналмалы күйдiру 

пештерiнде цемент клинкерiн, немесе күнiне 50 т-дан асатын өндiрiстiк қуаты 

бар айналмалы күйдiру пештерiнде, немесе күнiне 50 т-дан асатын өндiрiстiк 

қуаты бар басқа да пештерде әк өндiруге арналған қондырғылар;  

      - асбест өндiруге немесе құрамында асбест бар өнiмдердi әзiрлеуге 

арналған қондырғылар;  

      - әйнек талшығын қоса алғанда, күнiне 20 т-дан асатын балқытқыш қуаты 

бар әйнек өндiрiсiне арналған қондырғылар;  

      - күнiне 20 т-дан асатын балқытқыш қуаты бар, минералдық талшықтар 

өндiрiсiн қоса алғанда, минералды заттар ерiтуге арналған қондырғылар;  

      - күйдiру арқылы керамикалық өнiмдердi, атап айтқанда шатыр қыштарын, 

кiрпiш, отқа төзiмдi кiрпiш, керамикалық плиткалар, тас керамикалар немесе 

фарфор бұйымдар өндiруге арналған, күйдiру пештерiнiң қуаты 4 текше метрден 

асатын және күйдiру пештерiндегi садкидiң тығыздығы 300 кг/текше метрден 

асатын қондырғылар.  

      4. Химия өнеркәсiбi: осы тармақта аталған қызмет санаттарының мәнi 

шегiндегi өндiрiс а) - g) тармақшаларында аталған заттарды немесе заттар 

топтарын химиялық өңдеу көмегiмен өнеркәсiптiк көлемдерде өндiрудi бiлдiредi:  

      а) мынадай негiзгi органикалық химиялық заттарды өндiруге арналған  

 

 



химиялық қондырғылар; 

     i) қарапайым көмiрсутектер (линиялық немесе циклдiк, қаныққан немесе  

қанықпаған, алифаттық немесе ароматтық); 

     ii) спирттер, альдегидтер, кетондар, карбонды қышқылдар, күрделi  

эфирлер, ацетаттар, қарапайым эфирлер, тотықтар, эпоксидтi смолалар  

секiлдi құрамында қышқыл бар көмiрсутектер; 

     iii) күкiрттi көмiрсутектер; 

     iv) аминдер, амидтер, азоттың қосылысы секiлдi азотты көмiрсутектер; 

     v) құрамында фосфор бар көмiрсутектер; 

     vi) галогенизделген көмiрсутектер; 

     vii) органометалдық қосылыстар; 

     viii) негiзгi пластикалық материалдар (полимерлер, синтетикалық 

талшықтар және целлюлоза базасындағы талшықтар); 

     iх) синтетикалық каучук; 

     х) бояулар мен пигменттер; 

     хi) беткi-активтi заттар; 

     b) мына секiлдi негiзгi бейорганикалық заттарды өндiруге арналған  

химиялық қондырғылар: 

 

 

      i) аммиак, хлор немесе хлорлы сутек, фтор немесе фторлы сутек, көмiртек 



оксидтерi, күкiрт қосылыстары, азот оксидтерi, сутек, күкiрт диоксидi, 

көмiртек хлорокисi секiлдi газдар;  

      ii) хромды қышқыл, азот қышқылы, хлорлы-сутектi қышқыл, күкiрт қышқылы, 

олеум, күкiрттi қышқыл секiлдi қышқылдар;  

      iii) аммоний гидрокисi, калий гидрокисi, натрий гидрокисi секiлдi 

сiлтiлер;  

      iv) хлорлы аммоний, хлорлықышқыл калий, көмiрқышқыл калий, көмiрқышқыл 

натрий, перборат, азотқышқыл күмiс секiлдi тұздар;  

      v) металл еместер, металдардың оксидтерi немесе кальций карбидi, 

кремний, кремний карбидi секiлдi басқа да бейорганикалық қосылыстар;  

      с) фосфор, азот немесе калий минералды тыңайтқыштарын (қарапайым немесе 

күрделi тыңайтқыштарды) өндiруге арналған химиялық қондырғылар;  

      d) өсiмдiк шаруашылығы және биоцидтер үшiн негiзгi өнiмдердi өндiруге 

арналған химиялық қондырғылар;  

      е) негiзгi фармацевтикалық өнiмдердi өндiру үшiн химиялық немесе 

биологиялық процестер қолданылатын қондырғылар;  

      f) жарылғыш заттарды өндiруге арналған химиялық қондырғылар;  

      g) белок жем қоспаларын, ферменттер және басқа белоктық заттар өндiру 

үшiн химиялық немесе биологиялық процестер пайдаланылатын химиялық 

қондырғылар.  

      5. Қалдықтарды өңдеу және алып тастау:  

      - қауiптi қалдықтарды өртеуге, рекуперациялауға, химиялық өңдеуге 



немесе көмуге арналған қондырғылар;  

      - сағатына 3 т-дан асатын өнiмдiлiгi бар коммуналдық-тұрмыстық 

қалдықтарды жағуға арналған қондырғылар;  

      - күнiне 50 т-дан асатын өнiмдiлiгi бар қауiптi емес қалдықтарды жоюға 

арналған қондырғылар;  

      - инерттiк қалдықтарды қоспағанда, күнiне 10 т-дан астам қалдықтар 

түсетiн, немесе жалпы сыйымдылығы 25 000 т-дан асатын төгiндi орындар.  

      6. 150 000 адам мөлшерiндегi халық санының эквивалентiнен асып түсетiн 

өнiмдiлiгi бар сарқынды суларды тазартуға арналған қондырғылар.  

      7. Мыналарға арналған өнеркәсiптiк қондырғылар:  

      а) ағаштан немесе соған ұқсас талшықты материалдардан целлюлоза 

өндiрiсi;  

      b) күнiне 20 т-дан асатын өндiрiстiк қуаты бар қағаз және картон 

өндiрiсi.  

      8. а) Алысқа қатынайтын темiр жол линияларын және негiзгi ұшу-қону 

алаңының ұзындығы 2 100 м немесе одан да астам аэропорттар салу;  

      b) автомагистральдар мен ұшқыр жолдар салу;  

      с) төрт немесе одан да көп жүрiс жолы бар жаңа жолдар салу немесе төрт 

немесе одан да көп жүрiс жолдарын жасау мақсатында, жаңа жол немесе қайта 

жаңғыртылған және/немесе кеңейтiлген участок 10 км немесе одан да үздiксiз 

ұзақ болатындай, екi немесе одан аз жүрiс жолдары бар бұрынғы жолдарды қайта 

жаңғырту және/немесе ұлғайту.  

      9. а) Iшкi кеме жүрiсiне арналған, 1 350 т-дан астам су сыйымдылығы бар 

кемелердiң өтуiне жол беретiн iшкi кеме жүзiсiне арналған iшкi су жолдары;  

      b) 1 350 т-дан астам су сыйымдылығы бар кемелердi қабылдай алатын 

жағалаулық және шығыңқы порттармен байланысты (паромдық өткел айлақтарын 

қоспағанда) жүк тиеу мен түсiруге арналған сауда порттары, айлақтар.  

      10. Жер асты суларын жинау немесе жыл сайынғы жиналатын немесе 

толтырылатын су 10 млн. текше метрге тең болатын немесе одан асып түсетiн жер 

асты суларын жасанды жолмен толықтыру жүйелерi.  

      11. а) Өзен бассейндерi арасындағы су ресурстарын ауыстырып отыру 

жөнiндегi жұмыстар, мұндай жағдайда бұл ауыстыру су жетiмсiздiгiн болдырмауға 

бағытталған және ауыстырылатын су мөлшерi жылына 1000 млн. текше метрден 

асады;  


      Екi жағдайда да су құбырының ауыз суын ауыстырып жiберуге болмайды.  

      12. Коммерциялық мақсаттарда мұнай мен табиғи газ өндiру, бұл жағдайда 

алынатын мөлшер мұнай жағдайында күнiне 5000 тоннадан және газ жағдайында 500 

000 текше метрден асады.  

      13. Ұсталатын немесе сақталатын судың жаңа немесе қосымша мөлшерi 10 

млн. текше метрден асатын суды ұстауға немесе үнемi сақтауға арналған 

бөгендер немесе басқа да объектiлер.  

      14. Диаметрi 8000 мм-ден астам және ұзақтығы 40 км-ден астам газды, 

мұнайды немесе химиялық заттарды тасымалдауға арналған құбыр желiлерi.  

      15. Құстарды немесе шошқаларды қарқынды өсiруге арналған:  

      а) құстар үшiн 40 000-нан;  

      b) бордақы шошқалар (салмағы 30 кг-нан астам) үшiн 2 000 орыннан;  

      с) аналық шошқалар үшiн 750-ден астамға есептелген қондырғылар.  

      16. Карьерлер және 25 га-дан асатын учаске бетiнен пайдалы қазбаларды 

ашық алу немесе 150 га-дан асатын учаске бетiнен торф алу.  

      17. Кернеуi 2220 кВ немесе ұзақтығы 15 км-ден асатын электр 

берiлiстерiнiң әуе желiлерiн салу.  

      18. Мұнай, мұнай-химия немесе химия өнiмдерiн сақтау үшiн сыйымдылығы 

200 000 т немесе одан да көп қондырғылар.  

      19. Қызметтiң басқа да түрлерi:  

      - күнiне өңделетiн материалдардың көлемi 10 т-дан асып түсетiн алдын 

ала өңдеуге (жуу, ағарту, мерсеризация секiлдi операциялар) немесе талшықты 

немесе текстильдi бояуға арналған қондырғылар;  

      - ұқсату мөлшерi күнiне 12 т-дан асып түсетiн былғары мен терiлердi 

илеуге арналған қондырғылар;  

      а) күнiне 50 т-дан асатын тұтас еттi ұқсату бойынша қуаты бар 

қасапханалар;  

      b) мыналардан тамақ өнiмдерiн өндiру мақсатында өңдеу және ұқсату:  

      i) күнiне 75 т-дан асатын дайын өнiм өндiру жөнiнде қуаты бар мал 

шикiзаты (сүттен басқа);  



      й) күнiне 300 тоннадан асатын дайын өнiм өндiретiн өндiрiстiк қуаты бар 

(тоқсандық негiзде орташа көрсеткiш) өсiмдiк шикiзаты;  

      с) сүттi өңдеу мен ұқсату, бұл кезде алынатын сүттiң мөлшерi күнiне 200 

т-дан асады (жылдық негiзде орташа көрсеткiш);  

      - күнiне 10 т-дан асатын ұқсатушы қуаты бар үй жануарларының тұтас 

еттерiн немесе мал шаруашылығы қалдықтарын бөлуге немесе рециркуляциялауға 

арналған қондырғылар;  

      - сағатына 150 кг-нан астам немесе жылына 200 т-дан астам өндiрiстiк 

қуаты бар, органикалық ерiткiштердi пайдалана отырып заттарды, бұйымдарды 

немесе өнiмдердi беткi өңдеуге арналған, атап айтқанда әрлеуге, басуға, 

жабуға, майсыздандыруға, гидрооқшаулауға, калибровкалауға, бояуға, тазалауға 

немесе дымқылдауға арналған қондырғылар;  

      - жағу немесе графиттендiру арқылы көмiртек (табиғи кокс) немесе 

электрографит өндiруге арналған қондырғылар.  

      20. 1 - 19-тармақтарда қамтылмаған кез келген қызмет түрi жұртшылықтың 

қатысуы ұлттық заңдарға сәйкес қоршаған ортаға ықпал етудi бағалаудың 

рәсiмдерi шеңберiнде көзделедi.  

      21. Осы Конвенцияның 6-бабының 1 а) тармағының ережесi, егер тек 

олардың қоршаған орта мен денсаулыққа айтарлықтай зиянды ықпал жасау 

мүмкiндiгi болмаса, айрықша немесе негiзiнен жаңа әдiстердi немесе өнiмдердi 

әзiрлеу және тексеру мақсатында жүзеге асырылатын жоғарыда аталған жобалардың 

ешбiрiне қолданылмайды.  

      22. Осы сөйлемде белгiленген өлшемдерге/ақаулы мөлшерлерге өзiнше жауап 

беретiн қызметтiң кез келген өзгеруi немесе ұлғайтылуы осы Конвенцияның 6-

бабының 1 а) тармағының қолданылуына iлiгедi. Қызметтiң кез келген өзгеруi 

немесе ұлғайтылуы осы Конвенцияның 6-бабының 1 b) тармағының қолданылуына 

iлiгедi.  

 

      Ескерту:  



      1) Атом электр станциялары және басқа да атом реакторлары барлық 

ядролық отын немесе басқа радиоактивтi ластаушы элементтер қондырғының 

өнеркәсiптiк алаңынан түпкiлiктi әкетiлген кезде мұндай қондырғылар болудан 

қалады.  

      2) Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "аэропорт" 1944 жылғы Чикаго 

конвенциясының мазмұнында бар, Халықаралық азаматтық авиация ұйымын құратын 

(14-қосымша) анықтамаға сәйкес келетiн аэропортты бiлдiредi.  

      3) Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "ұшқыр жол" 1975 жылғы 15 қарашада 

Халықаралық автомагистральдар туралы Еуропа келiсiмiнде мазмұндалған 

анықтамаға сәйкес келетiн жолды бiлдiредi.  

 

                                                         II қосымша 



 

 

 



 

 

 



                                Төрелiк  

 

 



 

 

 



 

      1. Осы Конвенцияның 16-бабының 2-тармағына сәйкес дау төрелiк iс 

қарауға берiлген жағдайда тарапты немесе тараптарды хатшылық төрелiк iс қарау 

нысанасы туралы хабарлайды және атап айтқанда, түсiндiру немесе қолдану дауды 

тудырған осы Конвенцияның баптарын көрсетедi. Хатшылық осылайша алынған 

ақпаратты осы Конвенцияның барлық Тараптарына жолдайды.  

      2. Төрелiк сот үш мүшеден тұрады. Дауға қатысушы талапкер-тарап немесе 

талапкер-тараптар да, сондай-ақ басқа тарап немесе басқа тараптар да бiр 

төрешiден тағайындайды, осылайша тағайындалған екi арбитр өзара келiсiм 

бойынша төрелiк соттың төрағасы қызметiн атқаратын үшiншi төрешiнi 

тағайындайды. Соңғысы дау тараптары бiрiнiң азаматы бола алмайды және осы 


тараптардың бiрiнiң аумағында өзiнiң әдеттегi тұрғылықты жерiне ие бола 

алмайды, оларда қызметте бола алмайды немесе қандай да бiр сапада бұл iске 

қатысы бола алмайды.  

      3. Егер екiншi төрешi тағайындалғаннан кейiн екi ай өткенде төрелiк 

соттың төрағасы тағайындалмаса, тараптардың кез келгенiнiң өтiнiшi бойынша 

Еуропа экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысы оны келесi екi ай iшiнде 

тағайындайды.  

      4. Егер дау тараптарының бiрi екi ай iшiнде төрешiнi тағайындамаса, 

басқа тарап бұл туралы Еуропа экономикалық комиссиясының Атқарушы хатшысын 

хабардар етуге құқылы, ол төрелiк соттың төрағасын келесi екi айдың iшiнде 

тағайындайды. Өзi тағайындалғаннан кейiн төрелiк соттың төрағасы төрешi 

тағайындамаған тарапты мұны екi айдың iшiнде жасауды өтiнедi. Егер ол мұндай 

мерзiмнiң iшiнде мұны жасамаса, төраға Еуропа экономикалық комиссиясының 

Атқарушы хатшысын хабардар етедi, ол келесi екi айдың iшiнде бұл төрешiнi 

тағайындайды.  

      5. Төрелiк сот халықаралық құқыққа және осы Конвенцияның ережелерiне 

сәйкес өз шешiмiн шығарады.  

      6. Осы қосымшаның ережелерiне сәйкес құрылған кез келген төрелiк сот 

жеке өзiнiң рәсiм ережелерiн әзiрлейдi.  

      7. Рәсiмдiк мәселелер бойынша да, мәнi мәселелерi бойынша да төрелiк 

соттың шешiмдерi оның мүшелерiнiң көпшiлiк даусымен қабылданады.  

      8. Сот фактiлердi анықтау үшiн барлық тиiстi шараларды қолдануы мүмкiн.  

      9. Дау тараптары төрелiк сот жұмысына жәрдемдеседi және, атап айтқанда 

өздерiнiң иелiгiнде бар құралдардың бәрiн пайдалана отырып:  

      а) оған барлық тиiстi құжаттарды, шарттарды және ақпаратты бередi;  

      b) қажет болған жағдайда сотқа куәларды немесе сарапшыларды шақыру және 

олардың жауаптарын тыңдау мүмкiндiгiн бередi.  

      10. Стороны спора и члены арбитражного суда соблюдают 

конфиденциальность любой информации, получаемой ими в конфиденциальном 

порядке в ходе разбирательства в арбитражном суде.  

      Ескерту. 10-тармақтың қазақша аудармасы жоқ.  

 

      11. Төрелiк сот тараптардың бiрiнiң өтiнiшi бойынша уақытша қорғау 



шараларын қабылдауын ұсынуы мүмкiн.  

      12. Егер тараптардың бiрi төрелiк сотқа келмесе немесе өз iсiн қарауға 

қатыспаса, екiншi тарап соттан iс қарауды жалғастыруды және өзiнiң түпкiлiктi 

шешiмiн шығаруды өтiнуi мүмкiн. Тараптардың бiрiнiң сотта болмауы немесе 

тараптардың бiрiнiң iстi қарауға қатыспауы iстi қарау үшiн кедергi бола 

алмайды.  

      13. Төрелiк сот даудың мәнiнен тiкелей туындайтын қарама-қарсы 

талаптарды тыңдап, олар бойынша шешiм шығаруы мүмкiн.  

      14. Егер төрелiк сот өзге шешiм қабылдамаса, iстiң нақты мән-жайларын 

негiзге ала отырып, сот мүшелерiнiң көрсеткен қызметiне ақы төлеудi қоса 

алғанда, сот шығындарын дау тараптары тең бөлiп төлейдi. Сот өзiнiң барлық 

шығындарын тiркейдi және осы шығыстар туралы түпкiлiктi есептi дау 

тараптарына бередi.  

      15. Осы Конвенцияның дау нысанасына құқықтық сипаттағы мүдделiлiгi бар 

және осы iс жөнiндегi шешiммен қозғалуы мүмкiн кез келген Тарабы соттың 

келiсiмiмен iс қарауға қатысуға құқығы бар.  

      16. Төрелiк сот, егер тек ол бұл мерзiмдi бес айдан асатын кезеңге 

созуды қажет деп есептемесе, өзi тағайындалған күннен кейiн бес айдың iшiнде 

өзiнiң шешiмiн шығарады.  

      17. Төрелiк соттың шешiмi себептер түсiндiрiлумен қатар жүредi. Бұл  

 

 

шешiм түпкiлiктi және даудың барлық тараптары үшiн мiндеттi болып  



табылады. Төрелiк сот өз шешiмiн даудың тараптарына және хатшылыққа  

жiбередi. Хатшылық өзi алған ақпаратты осы Конвенцияның барлық Тараптарына  

жолдайды. 

     18. Соттың шешiмiн түсiндiруге немесе орындауға қатысты тараптар  

арасында тууы мүмкiн кез келген дауды кез келген тарап осы шешiмдi  

шығарған төрелiк сотқа бере алады, немесе соңғысының қызметiн пайдалану  

мүмкiн болмаған жағдайда бiрiншiсi сияқты жолмен осы мақсатта құрылған  

басқа сотқа беруi мүмкiн. 



      

      


     Мамандар: 

     Қасымбеков Б.А.  

     Икебаева Ә.Ж.  

      


       

       


 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет