Ақпараттандыру. Ақпараттық революция. Қоғамды ақпараттандыру


білім беруді ақпараттандыру



Pdf көрінісі
бет4/7
Дата26.04.2023
өлшемі0,81 Mb.
#87060
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7
білім беруді ақпараттандыру 
деп 
аталады.


Роберт И.В. 


Білім беруді ақпараттандыру қандай 
міндеттерді шешуі тиіс?

білім беруді дамытудың ғылыми-педагогикалық, әдістемелік, нормативті-технологиялық
және техникалық алғышарттарын ашу;

білім беру мазмұнын іріктеудің методологиялық базасын жетілдіру, оқушының жеке 
тұлғалық міндеттеріне сәйкес, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен ұйымдастыру 
формаларын жасау; 

инновациялық модельдерді жасау және негіздеу, бұрыннан бар технологияларды, оның
ішінде оқыту формасы, әдісі мен құралдарын дамыту, білім берудің әртүрлі буынында 
АКТ-ды қолдану;

оқушының интеллектуалдық потенциалын дамытуға, өз бетімен білім алу іскерлігін 
қалыптастыруға, ақпаратты жинау, өңдеу, тарату, ақпараттық ресурсты сақтау және 
құруға бағытталған іс-әрекетті орындауға қажетті оқытудың әдістемелік жүйесін құру;

білім беру мақсатындағы электрондық құралдардың, оның ішінде, программалық
инструментальдық құралдар мен жүйелердің зерттеу бағытындағы және 
демонстрациялық прототипін жасау;



білім беру мақсатында бүкіл әлемдік Интернет желісіндегі үлестірілген ақпараттық
ресурстарды пайдалану және ауқымды телекоммуникация негізінде ақпараттық өзара 
әрекеттесу технологияларын жасау;

ашық білім беру жүйелеріне телекоммуникациялық кіру жолымен үлестірілген ақпараттық
ресурстың потенциалы негізінде желіде педагогикалық қосымшаларды құру;

шынайы және виртуалды оқу зерттеу, демонстрациялық, лабораториялық экспериментті 
өңдеу процесін автоматтандыру құралдары мен жүйелерін жасау;

психологиялық - педагогикалық тестілеуді автоматтандыру құралдарын құру және қолдану, 
оқушылардың білімін бақылау мен бағалау әдістемесін жасау, оның оқу барысындағы 
қозғалысын қадағалау, оқушының интеллектуалдық потенциалын тағайындау;

білім беру жүйесіндегі басқару механизмін жетілдіру, оның ішінде, ғылыми-педагогикалық
ақпараттардың автоматтандырылған мәліметтер қоры мен банкін, ақпараттық-әдістемелік 
материалдарды, коммуникациялық желілерді пайдалану негізінде білім беру 
мекемелерін (білім беру мекемелер жүйесін) басқару.
Білім беруді ақпараттандыру қандай 
міндеттерді шешуі тиіс?


Негізгі ұғымдар мен категориялар



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет