дигибридті, ал бірнеше жұптары бойынша – полигибридті деп атайды.
Тұқым қуалау –тұқым қуалайтын ақпараттың көбеюдің формаларына
байланысты өзгеріп отыратын берілу әдістері. Жыныссыз көбеюде тұқым
қуалау вегетативті жасушалар және споралар арқылы жүреді, сондықтан
аналық дара мен ұрпақтары арасындағы ұқсастық көбірек болады.
Жыныстық көбеюде тұқым қуалау жыныс жасушалары тұқым қуалау
арқылы жүреді. Ата-аналары мен балалары арасындағы ұқсастық
вегетативтіге қарағанда әлдеқайда азырақ. Жыныстық көбею кезінде
сұрыптауға және эволюция үдерісіне керекті материал жинайтын
рекомбинативті өзгергіштік жүреді.Тұқым қуалаудың негізгі заңдылықтарын
1865 жылы Грегор Мендель ашты.
Мендель жүргізген зерттеулеріндегі жетістіктерге тек өзі қолданған
гибридологиялық әдісіне байланысты жетті.
Бұл әдістің негізгі ерекшеліктері мыналар:
- Мендель ата-аналардағы және ұрпақтарындағы көптеген белгілер
жиынтығын есептеген жоқ, тек альтернативті жеке белгілері бойынша
ажыратып, сол белгілердің тұқым қуалауын талдады;
- әрбір альтернативті белгінің ұрпақтар қатарында тұқым қуалауына нақты
есеп жүргізді;
- шағылыстырудан алынған бірінші ұрпақты ғана талдамай, әрбір гибридтің
өздігінен ұрықтануынан иайда болған ұрпақтары сипатын жеке есептеді.
Мендель зерттеуге көптеген альтернативті белгілерімен
ажыратылатын асбұршағының даралрын зерттеу объектісі ретінде қолданды.
Сары
және
жасыл
дәндері
бар
асбұршақ
іріктемелерін
шағылыстырғанда барлық ұрпақтың (бірінші ұрпақ гибридтерінің) дәндері
сары түспен болды. Бұл жағдайда аналық және аталық өсімдіктер дәндерінің
түстері қандай болғаны рөлі болмады. Осы байқалған заңдылық бірінші
ұрпақтың біркелкілік ережесі деп аталды. Бірінші ұрпақта байқалған белгіні
– доминантты, ал көрінбегенін – рецессивті деп деп аталды. Белгілердің
―Тұқым қуалайтын факторларын‖ (гендерді) Мендель латын алфавиті
әріптерімен белгілеуді ұсынды. Бір жұпқа жататын гендерді бірдей
әріптермен белгіленетін болды, бірақ белгінің доминантты аллелін – бас
әріппен АА, ал рецессивтісі аа, кішімен белгіленді. Доминантты аллель
бойынша гомозиготалы дараларды – АА, рецессивтіні – аа, гетерозиготаны –
Аа деп жазатын болды. Рецессивті аллель тек гомозиготалық жағдайда, ал
доминантты аллель – гомозиготалы және гетерозиготалы жағдайларда
байқалатынын тәжірибелер көрсетті.
Гендер хромосомасомаларда орналасады. В процессе Гомолог
хромосомалар мейоз үдерісі кезінде түрлі гаметаларға ажырайдырасходятся в
различные гаметы. Гомозиготалардың екі аллелі де бірдей, сондықтан
гомозиготалыдаралар бір типті гаметалар түзеді (гомогаметалы).
Шағылыстыру бойынша тәжірибелерді сызба нұсқа түрінде жазу
ұсынылды.Ата – аналарды Р әріпімен ( латынша рarentes - ата – аналар),
бірінші ұрпақ дараларын – F
1
(лат. filii - балалар), екінші ұрпақ дараларын –
F
2
белгілеукелісілді. Шағылыстыруды көбейту белгісімен (х), аналық дараның
генотиптік формуласын бірінші жазады, ал аталық генотипін - екінші.
Бірінші қатарға ата - ана генотиптері, екіншіге – олардың гаметаларының
типтері, ал үшіншіге – бірінші ұрпақтың генотипотиптері және әрі қарай тағы
осылай жазылады.
Бірінші ұрпақтың біркелкілігі ережесін, жалпы түрде былайша айтуға
болады: бірі бірінен бір жұп альтернативті белгілері бойынша
ажыратылатын гомозиготалы дараларды шағылыстырғанда, бірінші
ұрпақтың бәрі фенотипі де және генотипі де бойынша біркелкі
болады(сызба нұсқа 1) .
Р ♀ АА Х ♂аа
Гаметалар Г А а
F
1
Аа
Сызба нұсқа 1. Бірінші ұрпақтың біркелкілігі.
Бірінші ұрпақ гибридтерін өзара шағылыстырғанда екінші ұрпақта
доминантты және рецессивті белгілері бар даралар пайда болып, белгілер
генотипі
1 : 2 : 1, ал фенотипі бойынша 3 : 1 немесе даралардың 75 % доминантты
белгілермен, ал 25 % - рецессивтімен үшінболды (сызба 2). Бұл
заңдылықМендельдің екінші ережесі немесе ажырау ережесі деп аталды.
Шағылыстыруды жазу үшін ағылшын генетигі Пеннет ұсынған, оның
атымен аталатын, арнайы торларды жиі қолданады. Күрделі
шағылыстыруларды талдағанда оны қолдану ыңғайлы. Торды құрастыру
ұстанымытөмендегідей: үстіңгі горизонталь сызық бойымен аталық дараның
гаметаларын жазады, ал солжақ вертикаль бойымен - аналық дараның
гаметаларын, қиылысқан нүктелерге – ұрпақтардың мүмкін болатын
генотиптері:
F
1
♀ Аа х ♂ Аа
♂ А а
♀
Г
А АА Аа
F
2
а Аа аа
2 - сызба. Ажырау ережесі.
Мендельдің екінші ережесі: бір жұп альтернативті белгілері бойынша
талданатын екі гетерозиготалыдараларды (немесеF
1
гибридтерін) өзара
шағылыстырғанда, ұрпақтарында фенотипі бойынша 3:1 және генотипі -
1:2:1 ажырау байқалады (сызба 2).
Гаметалардың тазалығы заңы
Бірінші ұрпақ гибридтерін өзара шағылыстырғанда белгілердің ажырауы
2- сызбада келтірілген қатынастарда ажырайды. Бұл құбылысты түсіндіру
үшін Мендель «гаметалар тазалығы гипотезасын», «гаметалар тазалығы
заңын» ұсынды. Мендель болжамы бойынша:
1. Белгілердің қалыптасуына дискретті тұқым қуалайтын факторлар
жауап береді;
2. организмде белгінің дамуын анықтайтын екі фактор болады;
3. жұп факторлар гаметалардың түзілуі кезінде оларға тек бір біреуден
ғанаберіледі;
4. аталықжәне
аналық гаметалар қосылғандабұлтұқым қуалайтын
факторлар араласпайды (таза қалады).
Бұл тұқым қуалайтын факторларды В. Иогансен 1909 жылы ген деп
атады.
Рецессивті белгісі бар организмнің генотипін, оның фенотипі бойынша
анықтауға болады. Егер рецессивті белгі көрінсе, организм рецессивті ген
бойынша гомозиготалы болғаны.
Доминантты белгісі бар даралар гомозиготалы да, гетерозиготалы да
болуы мүмкін, олардың генотипін фенотипі бойынша ажырату мүмкін емес.
Сондықтан,
генотиптерін
анықтау
үшін
талдаушы,
анализдеуші
шағылыстыру жүргізу керек, дараның генотипін ұрпақтарына қарап
анықтайды. Ата-аналық даралардың біреуінің белгісіз генотипін анықтау
үшін талдаушышағылыстыру жүргізеді. Ол үшін белгісіз генотипі бар
дараны рецессивті гомозиготамен шағылыстырады, егер ұрпақтарында
ажырау байқалса, белгісіз генотип – гетерозиготалы 6олғаны, егер ұрпақ
біркелкі болса – гомозиготалы 6олғаны. Талдаушы шағылыстыру
жүргізгенде гетерозиготалы дараның ұрпағына сызбада көрсетілгендей 1:1
қатысындай ажырау тән (сызба 3).
Р. ♀ ? х ♂аа
Гаметы Г. А а а
Достарыңызбен бөлісу: |