Ақпараттық – дидактикалық блок



Pdf көрінісі
бет8/11
Дата04.03.2023
өлшемі0,49 Mb.
#71542
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
АҚПАРАТТЫҚ Блок каз5 цитология

 
5. Оқыту әдістері:
- студенттердің сабақтың мәнін, мақсатын және міндеттерін; түсінгенін 
қысқа, анық, ойын жүйелі жеткізу және түсінген материалын сызба нұсқа, 
кесте, сурет түрінде көрсету; тест қателіктерімен топпен жұмыс: есептер 
шығаруды көрсету және түсіндіру, сызбалар толтыру. 
АҚПАРАТТЫҚ – ДИДАКТИКАЛЫҚ БЛОК 
Алдағы сабақта шағылыстырудың барлық мысалдарында түрлі 
аллелдерге жататын гендердің тәуелсіз тұқым қуалауы қарастырылған. Ол 
тек гендер түрлі хромосомалар жұбында орналасса ғана болуы мүмкін. Бірақ, 
гендердің саны хромосомалар санынан әлдеқайда көп. Мысалы, 
дрозофилының - 8 хромосомалары, ал гендер саны 6000, адамда - 46 
хромосомалары, гендер саны 30000 асады. Сонымен, әрбір хромосомада 
бірге тұқым қуалайтын көптеген гендер орналасады. Бір хромосомада 
орналасқан гендер тіркесу тобын құрайды. Гомолог хромосомаларда бірдей 
гендер орналасады, сондықтан екі гомолог хромосомалар бір тіркесу тобы 
деп есептелінеді.
Бір хромосомадағы гендердіңбірге тұқым қуалауын тіркес тұқым 
қуалау, ал гендердің бір хромосомада орналасуын – гендердің тіркесуі деп 
аталады. Тіркесіп тұқым қуалау нәтижесінде гибридтердің гаметаларында 
көбінде ата-аналар аллелдерінің жиынтығы сақталады. Тіркес гендерді 
белгілеу үшін символ АВ/ав қолданылады.
Тіркес тұқым қуалау — гендері бір хромосомада орналасқан 
белгілердің гендердің тұқым қуалауы. Гендер арасындағы тіркесу күші 
олардың арасындағы арақашықтыққа тәуелді: аралары неғұрлым алыс болса, 
кроссинговер жиілігі жоғарылайды немесе керісінше.
Толық тіркесу — талданатын белгілердің гендері бірі-біріне жақын, 
кроссинговер жүруіне мүмкіндігі болмайтын тіркес тұқым қуалаудың түрі.


Толық емес тіркесу — талданатын белгілердің гендері бірі-бірінен 
біраз қашықтықта орналасқандағы, кроссинговер жүруіне мүмкіндік беретін 
тіркес тұқым қуалаудың түрі. 
Тіркесу тобы — бір хромосомада орналасқан және бірге тұқым 
қуалайтын гендер.Тіркесу тобының саны хромосомалардың гаплоидты 
жиынтық санына тең. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет