Дәріс № 7 Тақырыбы: Сандық қолтаңба Ақпаратты аутентификациялау үшін Диффи және Хеллман 1976 жылы «сандық қолтаңба» негізінде аутентификациялау концепциясын ұсынды. Жүйедегі әрбір тұтынушының өзінің құпия кілті бар, ол қолтаңба құрау үшін қажет, осы құрия кілтке сәйкес ашық кілт қолтаңбаны тексеруге арналған, ол жүйедегі басқа тұтынушыларға мәлім /открытый ключ известен всем другим пользователям/. Ұсынылған схемада сандық қолтаңба осы мәліметті жіберген нақтылы тұтынушының қорғалатын мәліметі мен құпия кілті негізінде анықталады. Әрбір тұтынушы оған сәйкес ашық кілті болса, мәліметті қолтаңба арқылы аутентификациялай алады. Сонымен қатар ашық кілтті білу қолтаңбаны өзгерте алмайды. Мұндай аутентификациялау схемаларын ассиметриялық деп атайды .
Қолданылатын алгоритмге қарамастан қандық қолтаңба схемасында екі процедурасы бар: қолтаңбаны құру процедурасы және тексеру процедурасы, олардың арасындағы айырмашылық келесідей: қолтаңбаны құру процедурасын орындағанда, осы процедураны орныдаушыға ғана белгілі құпия кілт қолданылады. Тек осы жағдайда пайда болған келіспеушілікті арбитр шешу кезінде берілген қолтаңбаны оған сәйкес кілті бар адам қойғанын дәлелдей алады.
Сандық қолтаңбаны қолдану аясы – өзара сенімі жоқ орта арасындағы информационды жүйелер (финанс системалары, халықаралық келісім –шарттардың орындалуын бақылайтын системалар, мысалы, ядролық жарылыстарды бақылау туралы келісім шарттар т.б). Сандық қолтаңба схемаларын бағдарламалық өнімдерге авторлық құқықтарын сақтау мақсатында «электронды нотариус» құру үшін пайдаланылуы мүмкін. Сандық қолтаңба туралы сөз болғанда:
Әрбір адам құжаттарға қол қою үшін өзінің әмбебаб кілтін қолданады.
Құжатқа оған сай келетін құпия кілтті білмей қол қою іс жүзінде мүмкін емес./без знания соответствующего секретного ключа практически не имеет успеха/.
Құжаттағы сандық қолтаңба- бұл осы құжат пен құпия кілтті сақтау функциясы.
Сандық әдіспен қол қойылған құжаттың көшірмесінің оның оригиналынан айырмашылығы жоқ (әрбір көшірмеге қол қою проблемасы жоқ).