Ақпараттың қауіпсіздігі – бұл, берілетін, жинақталатын, өңделетін және сақталатын ақпараттың қоршаған ортаның әсерінен (адам мен табиғат) және сыртқы қауіптерден сақтайтын – бұзылуға қарсы тұрақтылығы мен кедергілерге қарсы тұратын қасиеттері.
Қауіпсіздендіруге негізі – ақпарат, компьютерлік жүйелерде берілгенде, бағдарламалар, командалар, мәліметтер және тағы басқалары, оның иесіне және қауіпсіздік тудырушыға құндылығы бар сақталатын ақпарат.
Ақпараттық ресурстар – жекелеген құжаттар және құжаттар массиві, ақпараттық системаларда адамдар, ұйымдар, жергілікті әкімшіліктер, қоғамдық ұйымдар, мемлекет арасындағы қатынас обьектілері, басқа ресурстар сияқты заңмен қорғалады.
Техникалыққұралдар – сізде өңдеуге не сақтауға арналған ақпараттың оған санкциясыз басқалардың енуін болдырмайтын, оған жол бермейтін арнайы техникалық және бағдарламамен қамтамасыз ету комплекстері.Компьютердің жадысы- Ішкі және сыртқы болып бөлінетін мәліметтерді, бағдарламаларды, нәтижелерді және аралық мәндерді сақтап тұруға арналған құрылғы.
Дыбыс изоляциясы – тосқауылды жолдар арқылы дыбыс энергиясын төмендету. Дыбыс энергиясын тарату жолындағы изоляциялайтын кедергілер ретіндегілер қабырғалар, арнайы кожухтар, кабельдер т.б..
Дыбысты сіңіру - берілетін акустикалық энергияны әлсірету, дыбысты сіңіру коэффициентімен сипатталады. Дыбысты сіңіру конструкцияларына бөлме қабырғаларының дыбыс сіңіргіш облицовкалары, жеке дыбыс сіңіргіштер, акустикалық экрандардың дыбыс сіңіргіш облицовкалары, камералы глушителдердегі дыбыс сіңіргіш кожухтар.
Электронды кілт – бұл шағын прибор, компьютердің портына параллельді не тізбектеліп қосылады және компьютердің сыртқы құрылымдарымен жұмысына әсер етпейді.Бағдарламалық қамту - Компьютердің бағдарламалық жабдықтары.