Ақпаратты қорғаудың криптографиялық принциптері Криптография –бұл мәліметтерді алмастыру әдістерінің жиынын көрсетеді, қарсы жақ үшін бұл мәліметтерді пайдасыз ету үшін бағытталған (криптография - cryptos - құпия, белгісіз logos – хабар байланыс).
Криптоанализ – (қорғаныс жүйесін бұзу) бұл кілтке ену рұқсатынсыз шифрланған хабардың бастапқы мәтінін ашу жөніндегі ғылым.
Жіберуші қорғалмаған канал бойынша заңды қабылдаушыға берілуі қажет бастапқы М хабарының ашық мәтінін генерациялайды. Каналды ұстап алушы берілетін хабарды ашу және ұстап алу мақсатында бақылайды. Ұстап алушы М хабарының мазмұнын біліп алмау үшін, жіберуші оны Ек алмастыру көмегімен шифрлейді және қабылдаушыға жіберілетін шифрмәтінді С=Ек(М) алады.
Қабылдаушы С шифрды кері алмастыру көмегімен ашады Ек-1=Dk(C) және бастапқы хабарды алады.
Dk(C)=E-1k(Ek(M))=M.
Ек алмастыру криптоалгоритмі деп аталатын криптографиялық алмастыру түрлерінен таңдалады.
Жеке қолданылатын алмастыру таңдалатын параметр криптографиялық кілт К деп аталады.
Криптографиялық жүйе – бұл Ек: түрге келтіретін ашық мәтіні хабарды кеңістіктен шифрланған мәтінді кеңістікке көшірілетін бір параметрлік (Ek) түрі.
К(кілт) параметрі кілттер кеңістігі деп аталатын К жиынынан таңдап алынады.
Криптожүйенің класын екіге бөлеміз:
1) симметриялық (біркілтті) криптожүйе;
2) асимметриялы (екікілтті) криптожүйе (ашық кілтпен).
1-кластың жүйелерінде шифрлау және шифрды ашу кезінде бір ғана құпия кілт қолданылады.
Асимметриялық жүйеде шифрлау және шифрды ашу үшін К1 және К2 әртүрлі екі кілтті қолданады.