Кеңес берудің этикалық принциптері



бет1/2
Дата06.03.2023
өлшемі81,51 Kb.
#71816
  1   2
Байланысты:
Кеңес беру

Кеңес берудің этикалық принциптері

Орындаған:Кенжегулова Дильназ


Көптеген мамандықтарда кәсіпкерлер үшін міндетті болып келетін өзінің принциптері мен талаптары болады.
Ең әуелі, ол клиенттің алдында жауапты болып келеді. Міне, осындай жауапекершілік психологиялық консультациялау мен психотерапиядағы этикалық принциптардың ерекше маңыздылығын анықтайды. «Психологтар тұлғаның ар-намысын құрметтейді, бағалайды және адамның негізгі құқықтарын қорғап, қамтамасыз етуге тырысады. Олар адамдардың мінез-құлқы туралы, адамдардың бір-бірін түсінуі туралы, өзін-өзі түсінуі туралы мәліметтерді жинақтап, сосын осы мәліметтерді қоғамның жақсаруын қамтамасыз ету үшін қолдануы керек».
Кеңес беруші құпиялықты қамтамасыз ете отырып, клиентті кәсіби құпия сақталмайтын кездермен таныстыру керек.

Ю. Е. Алешина бойынша кеңес берудің этикалық принциптері


Алешина Юлия Евгеньевна

Жауапкершілік. Консультант пайдаланылатын әдістердің барабарлығы, диагностикалық рәсімдердің дұрыс жүргізілуі, пайымдардың, тұжырымдардың, ұсынымдардың негізділігі үшін дербес жауапты болады.

Құзыреттілік. Консультанттың қажетті арнайы теориялық және практикалық дайындығы болуы, өзінің біліктілігі мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес келетін тәсілдер мен әдістерді пайдалануы, өз біліктілігін үнемі жетілдіріп отыруы, өзінің кәсіби қызметі саласындағы жаңа әзірлемелермен танысуы, нақты консультация беру жағдайына барабар әдістерді таңдауы тиіс

Еріктілік. Клиент өз қалауы бойынша кеңес беруге қатысады және кеңесшімен қандай да бір жұмыс түрінен (тестілеу, сауалнама жүргізу және т.б.) себебін түсіндірместен бас тартуға құқылы.

Құпиялылық. Консультант клиентпен жұмыс істеу процесінде алған ақпарат жария етуге (саналы немесе кездейсоқ) жатпайды, ал оны басқа адамдарға беру консультанттың келісімімен және егер бұл оның мүдделеріне сәйкес келсе ғана мүмкін болады.

Белсенділік. Клиент психологқа жүгінген мәселе бойынша өз бетінше шешім қабылдайды. Консультант клиенттің сұрауына жауап ретінде ақпараттық және психологиялық көмек көрсетеді, кеңес берушінің шешім қабылдаудағы белсенділігі мен дербестігін көтермелейді және жағдай жасайды. Клиентпен жұмыс жасау барысында кеңесшінің пікірлері мен бағалары оның шешім қабылдаудағы еркіндігін шектемеуі керек.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет