Гентингтонхореясы – мутантты геннің толық пенетранттылығымен сипатталатын аутосомды доминантты ауру. Әр түрлі популяцияларда таралуы 100000 тұрғынға шаққанда 4 пен 10 адам арасында кездеседі. Ген 4 хромосомада (4p16.3) орналасқан, 67 экзоны бар «Гентингтин» ақуызын кодтайды. Бұл ақуыз қызметі толық зерттелмеген. Дені сау адамдарда бірінші экзонда 6-дан 32 дейін тандемді ЦАГ- қайталанулар болады. Қайталану саны 36-дан 180 дейін артса, ГХ дамиды, мутантты генде қаншалықты қайталанулар саны көбірек пайда болса, соншалықты ауру ерте басталып, тез үдей түседі. Қайталану саны артуы (триплеттер) аминқышқылы - глутамин есебінен ұзарған ақуыз синтезіне алып келеді. ГХ екі клиникалық түрде – гиперкинетикалық және акинетико-ригидті түрде кездеседі. Ауру патогенезінде орталық жүйке жүйесінде қыртыс асты ядродағы гентингтин мен басқа да ақуыздар арасындағы жартылай глутамин- арқылы байланыстардың түзілуінің маңызы бар, ол амилоидты текті агрегаттардың түзілуіне және стрио-паллидарлық жүйесінің нейрондарының өліміне алып келеді. ГХ гиперкинетикалық түрі40-50 жаста пайда болады және үш негізгі белгілерімен: хореялық гиперкинез, ақыл-есінің төмендеуі (деменция) жән психикалық бұзылулармен сипатталады. Ауру тез үдейді, басталғаннан 10- 20 жыл ішінде өлімге әкеледі. ГХ акинетико-ригидты түріаурулардың 10 % құрайды, жас кезінде дамиды (10-20 жас) және бұлшық ет сіреспесі, буын қимылының шектеліп, қатып қалуы, қол дірілдеуі, атаксия (тәлтіректеу), миоклония және пирамида жүйесінің бұзылу белгілерімен көрінеді. ГХ бұл түрі (Вестфаль нұсқасы) ауру тек әкесінен берілгенде байқалады, антиципация феномені қоса жүреді. Ауруға диагноз қою тән клиникалық белгілеріне және ПТР көмегімен ДНҚ молекулалық-генетикалық талдауға негізделеді. Туғанға дейінгі және белглілері көрінгенге дейін диагностика, ауру дамуының қатері жоғары пробандтың дені сау туыстарының мутацияларын анықтау үшін ұсынылады.
Фридрих атаксия синдромы -фратаксин ақуызын кодтайтын FXN геніндегі мутацияға байланысты жүйке жүйесінің дегенеративті зақымдануымен сипатталатын ауру. Ауру аутосомды-рецессивті типпен тұқым қуалайды. Ген 9 хромосоманың ұзын иығында орналасқан. 98% жағдайда Фридрейх атаксиясының дамуы FXN генінің 1-ші интронындағы GAA тринуклеотидті қайталануларының кеңеюіне байланысты. Қалған 2% жағдайда геннің нүктелік мутациясының нәтижесі. GAA қайталануларының саны әдетте 5-30 құрайды, патологиялық жағдайда ол 70-1000-ға дейін артады. GAA қайталануының артуы FXN генінің функциясының толық бұзылуына әкеледі. Фратаксин митохондрия органоидының жұмысында маңызды рөл атқарады, ол митохондрия мембраналарының ішкі бетінде орналасқан және темірді периомитохондриялық кеңістіктен шығаруға қатысады. Фратаксин дисфункциясында темірдің артық болуы бос радикалдардың пайда болуына әкеледі. Митохондриялардың тұтастығы мен функциясының қайтымсыз зақымдануы, тотығу фосфорлану процестерінің бұзылуы және энергияға тәуелді органдардың (ОЖЖ, миокард және т.б.) жасушаларының өлімі орын алады. Белгілер өмірдің 1-ші, 2-ші онжылдығында, кейде 3-ші 4-ші онжылдықта көрінеді. Клиникалық белгілері: жүру кезінде атаксия, қолжазбаның бұзылуы, дизартрия, аяқтың әлсіздігі, есту қабілетінің жоғалуы. Терең сезімталдық бұзылады, бұлшықет атрофиясы біртіндеп артады, бастапқы кезеңде төменгі аяқтарда айқынырақ болады, аурудың ағымы біртіндеп дененің жоғарғы бөлігіне жетеді. Көру нерві атрофияланады, катаракта дамиды, бұл соқырлыққа әкеледі, жамбас мүшелерінің қызметі бұзылады, деменция дамиды. Сонымен қатар эндокриндік жүйенің бұзылуы дамиды - қант диабеті, гипогонадизм, жыныс бездердің дисфункциясы, кардиомиопатия, қаңқа деформациясы-омыртқаның қисаюы