2. Конкурстың құрылтайшылары мен ұйымдастырушылары
Конкурстың құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві болып табылады; Конкурстың тең құрылтайшысы ретінде жергілікті атқарушы органдар, ғылыми-зерттеу, білім беру және архив мекемелері қатыса алады.
Жұмыстар оқушылар және олардың оқытушылары, сонымен қатар жеке бастамалық негізде қабылданады.
Конкурсқа қатысушылардың жұмыстарын бағалау үшін Қонкурстық комиссия құрылады. Конкурстық комиссия жолданған жұмыстармен танысып, жеңімпаздарды анықтайды.
3. Конкурсқа қатысушылар
Конкурсқа жалпы білім беру мектептерінен ниет білдірген 6–11 сынып оқушыларының барлығы қатыса алады.
4. Байқаудың тақырыптық мазмұны
Конкурсқа архив құжаттарын, ауызша тарих және ғылыми-зерттеу әдебиеттерін пайдалану негізінде және өзіндік зерттеу жұмыстарының нәтижесінде жүзеге асырылған тарихи тақырыптағы жұмыстар қабылданады. Презентация түрінде жасалған жұмыстар Конкурсқа қабылданбайды. Конкурсқа ұсынылған жұмыстардағы тарихи зерттеу тақырыбы шектелмейді.
5. Байқауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Конкурсқа қазақ және орыс тілдеріндегі жұмыстар қабылданады.
Конкурсқа жеке зерттеушілер, сондай-ақ авторлық ұжымдар (үш автордан көп емес) қатысады. Екі немесе үш автордың жұмысын ұсынғанда кіріспеде олардың әрқайсысының материалды жинау, өңдеу және сипаттау кезеңдеріне қатысу дәрежесін көрсету қажет.
Оқушының оқу-зерттеу жұмысына мыналар кіреді: титулдық бет, онда мыналар көрсетіледі:
- автор оқитын оқу орнының атауы;
- Т.А.Ә., автор(-лар)дың туған жылы, сыныбы;
- жұмыс тақырыбы;
- Т.А.Ә. жұмыс жетекшісі мен кеңесшілері (егер болса);
- жұмыс авторы мен ғылыми жетекшілерінің электронды поштасының мекенжайы, телефондары.
Жұмыстар электронды форматта ұсынылады, қаріп өлшемі 14. Жұмыстың көлемі (негізгі мәтін, қосымшасыз және түсіндірмесіз) машинада басылған 15 беттен аспауы керек; қосымшалар – негізгі мәтіннен және ескертулерден кейін 3 парақтан аспайды (барлығы бір файлда). Жұмыс мәтіні және қосымшалар беттері нөмірленуі керек.
Архив құжаттарын зерттеуге негізделмеген жұмыстар қарауға қабылданбайды, сонымен қатар презентация түрінде жасалған жұмыстар да қабылданбайды.
Конкурсты өткізу шарттары, оның ішінде хабарландыру, байқаулық жұмыстарды қабылдау және жеңімпаздарды анықтау мерзімі Конкурсты ұйымдастырушылардың ақпараттық хатында, сондай-ақ http://archive.president.kz/ru сайтында және Қазақстан Республикасы Президентінің Архивінің әлеуметтік желілерінде көрсетілген.
Конкурсты ұйымдастырушылардың электрондық поштасының мекенжайы: umc.aprk@gmail.com.
Байланыс телефондары: +7 (727) 262 21 72, +7 777 723 0307.
Достарыңызбен бөлісу: |