Рефераттың көлемі (бастауыш, 3-5 бет) жалғастырушы деңгей бойынша талап етілетін көлем 5-8 беттен аспауы тиіс.
Жұмыс барысында құрған жоспары бойынша студент өз ойын сілтемелер арқылы бере отырып, жүйелі түрде жазып шығуы қажет.
Титулдық бетінде реферат тақырыбының аты, орындалған жері көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ орындаған және тексерген адамдардың аты-жөні жазылатын орын қалдырылуы керек.
1-бетінде рефераттың жоспары тұруы керек.
Соңғы бетінде пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілуі тиіс. Пайдаланылған материалдар 3 дереккөзінен кем болмауы қажет.
Жоспардың реферат тақырыбына сәйкестігі; мәселенің негізгі түсініктерін ашудың толықтығы мен тереңдігі; - материалмен жұмыс істеу тәсілдері мен әдістерінің негізділігі.
Проблема бойынша әдеби көздерді қолданудың шеңбері, толықтығы; проблема бойынша соңғы жұмыстарды тарту (журналдық басылымдар, ғылыми еңбектер жинағының материалдары және т.б.).
Сауаттылық
Орфографиялық және синтаксистік қателердің, стилистикалық қателердің болмауы;
Қабылданған сөздерді қоспағанда, қате, сөздердің қысқартуларының болмауы.
БАРЛЫҒЫ
Қосымша №1
«Еуразия гуманитарлық институтының жоғары колледжі» мекемесі
Мамандық: 01140600 «Негізгі орта білім берудегі тіл мен әдебиетті оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
Біліктілігі: 4S01140601 «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»