Конференцияның жұмыс тілдері – қазақ, орыс, ағылшын.
Жарияланымдар тегін. Жариялауға арналған материалдар (ғылыми баяндамалар) талаптарға сәйкес дайындалуы тиіс.
Мақаланы ресімдеуге қойылатын талаптар:
мәтін Microsoft Office Word-та терілуі тиіс;
Times New Roman қарпі, 14 кегль, интервал – бір, жиектері: жоғарғы және төменгі – 2, сол жақ – 3 см., оң жақ – 1,5 см.;
мәтіннің көлемі А4 форматты парақшамен кемінде 5 толық бетке дейін қамтуы тиіс;
беттің жоғары жағының ортасында – секцияның атауы, интервалдан соң автордың тегі, аты, әкесінің аты, автор жайлы мәлімет (студент немесе магистрант), оқу орнының, қаланың толық атауы, болған жағдайда ғылыми жетекші туралы мәлімет (ғылыми дәрежесі, атағы, тегі, аты, әкесінің аты), интервалдан соң бас әріптермен баяндаманың аты, содан кейін екі интервалдан соң мәтін (ресімдеу үлгісін қараңыз);
формулалар Microsoft Word (2003, 2007, 2010) редакторында орындалуы тиіс;
суреттер жинақты шығаруға дайындау кезінде оларды редакциялауға мүмкіндік беретін түрде (форматта) ұсынылуы тиіс, яғни суреттер мәтінде орын ауыстыруға және мөлшерін өзгерту мүмкіндігіне жол беруге тиіс. Суреттердің түпнұсқалары Microsoft Word мәтіндік редакторында жасалған суреттерден басқа JPG немесе PDF форматындағы файлдар болуы керек;
мақалаларды электронды түрде (файл электронды пошта бойынша жіберілуі тиіс) ұсынуыңызды сұраймыз;
мәтін автор (оқушы / студент / магистрант / аспирант / докторант / жас ғалым) және ғылыми жетекші тарапынан өнделіп, тексерілуі тиіс.
Конференция материалдары PDF форматында ұсынылады.
Жеңімпаздардың дипломдары көрсетілген электрондық поштаға жіберіледі. Құжаттардың түпнұсқалары пошта арқылы жіберіледі немесе басшыларға беріледі.
Өтінімді ресімдеу үлгісі
«Жаңа қоғамдағы жастар әлеуеті: білім және ғылым сапасы» атты конференцияға қатысуға
ӨТІНІМ
1
Секцияның нөмірі мен атауы
2
Баяндаманың атауы
3
Баяндамашының тегі, аты, әкесінің аты (толық көрсетіледі)
4
Баяндамашы туралы мәлімет (студент немесе магистрант екендігін, курсын, мамандығын, тобын көрсете отырып)
5
Жетекшінің тегі, аты, әкесінің аты (толық көрсетіледі)