Ақпараттық жүйе жасақтаудың теориялық негіздері



бет2/5
Дата02.12.2023
өлшемі314,75 Kb.
#132543
1   2   3   4   5
Байланысты:
А паратты ж йе жаса тауды теориялы негіздері

Ақпараттық жүйе – қойылған мақсатқа жету үшін ақпараттарды сақтау, өңдеу және беруге пайдаланатын әдістер мен қызметші әдістердің өзара байланысқан жиынтығы.
АЖ компоненті құрамына берілген мақсатты зерттеуге қажетті программалық жабдықтар (ПЖ), программалық-техникалық кешен (ПТК), АЖ программалық өнім, автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) енеді.

Ақпараттық жүйенің жұмысын қамтамасыз ететін процестерді схема (сурет 2) түрінде көрсетуге болады, олар бірнеше блоктардан тұрады:






Сурет 2.Ақпараттық жүйелердегі процестер

80-ші жылдарда АЖ ақпаратты сақтау және өңдеуге арналған нысан болып саналса, жиырма жылдан соң АЖ орнына «ақпараттық технологиялар» (АТ) термині қолданыла бастады. Ал 2009 жылдан бастап оның орнына «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» (АКТ) термині қолданысқа енді.


АЖ анықтамалары өте көп. Соның бірі – АЖ «пәндік облыстағы функционалдық тапсырмаларды шешуге арналған процестерді, ақпараттық, материалдық және қаржы ағындарын басқару әдістерінің жиынтығы» [58]. АЖ келесі құрама бөліктердің жиынтығы:

  • МҚБЖ бірге қарастырылған МҚ жүйесі;

  • қолданбалы ПЖ;

  • персонал;

  • ұйымдастырушылық-әдістемелік (нормативтік) қамту;

техникалық құралдар.
Ақпараттық жүйенің қасиеттері: кез келген ақпараттық жүйені анализдеу, құру және жүйені құрудың жалпы принциптері негізінде басқарылуы мүмкін; ақпараттық жүйе динамикалық және дамыған болып табылады; ақпараттық жүйені құру кезінде жүйелік үйлесімді пайдалану қажет;ақпараттық жүйенің өнімі ақпарат болып табылады.
Қазіргі уақытта ақпараттық жүйені компьютерлік техника көмегімен дамыды деген ой қалыптасты.
Ақпараттық жүйе жұмысын түсіну үшін оларды шешетін мәселелердің мән-мағынасын, сонымен қатар өндірістік процестерді түсіну қажет.
Кез келген жүйе құрамындағы элементтерімен, қызмет бағытымен анықталады, олар мәселені анықтауға, стратегиялық жоспарлауға және жаңа өнім жасақтауға көмектеседі (кесте 1).
Кесте 1. - Жүйенің жіктелуі


Жүйе

Жүйе элементі

Жүйенің бағытталуы

Компания

Құрылымы, қызметкерлері, қаржысы, ғимараты, құрал-жабдықтары, материалдары

Тауарлар мен қызмет түрлерін өндіру

Компьютерлік есептеуіш жүйе

Компьютерлер, архитектура, конфигурация, электрондық және электрлік механикалық элементтер, программалық жабдық, байланыс сымы, порттар

Мәліметтерді енгізу, өңдеу, сақтау және шығару

Телекоммуни-кациялық жүйе

Компьютерлер, модемдер, кабельдер, желілік программалық жабдық, қызметкерлер

Ақпарат тасымалдау

Ақпараттық жүйе

Компьютерлер, компьютерлік желі, ақпараттық және программалық жабдық, қызметкерлер

Ақпаратты жинақтау, өңдеу, талдау, тасымалдау, сақтау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Компьютерлер мен ақпараттық жүйелердің айырмашылығын қарастырсақ, арнайы мамандандырылған программалық жабдықтармен қамтылған компьютерлер, ақпараттық жүйелердің техникалық базасы мен құралы болып табылады. Ал ақпараттық жүйелерді оның миссиясын, міндетін, құрылысын, инфрақұрылымын, конфигурациясын, телекоммуникация құралдарын мен компьютермен тікелей жұмыс жасайтын қызметкерді анықтамай елестету мүмкін емес.


Ақпараттық жүйені енгізу арқылы математикалық әдістер мен интеллектуалды жүйелер және т.б. енгізу кезінде есептерді шешудің тиімді нұсқаларын алу;оны автоматтандыру негізінде ауыр жұмыстардан жұмысшыларды босату;ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету;мәліметтерді қағаз түріндегі мәліметті магниттік тасымалдаушыларға ауыстыру арқылы компьютерде ақпаратты тиімді өңдеу мен қағаз құжаттары көлемін азайту;құжат айналымы жүйесін жетілдіру;өнімдер мен қызметтерге жұмсалатын шығындарды азайту;біртектес қызметтерді тұтынушыларға беру.
Ақпараттық жүйелердің барлығына дерлік көп аспектілік, көп функциялық, қолдану салаларының әртүрлі болуы тән. Сондықтан да ақпараттық жүйелерді жіктеу күрделі үрдіс. Жіктеу кім қандай мақсатта осы үрдісті жүргізетіндігімен сипатталады.
Басқару жүйесінде ақпараттық процестерді автоматтандыру дәрежесіне қатысты АЖ қолмен жасалған, автоматтық, автоматтандырылған деп анықталады. Қолмен жасалған АЖ ақпаратты қайта өңдеудің техникалық құралдарының және адаммен орындалатын барлық операциялардың жоқтығымен сипатталады. Автоматтық АЖ адамның қатысуынсыз ақпараттарды қайта өңдеу бойынша барлық операцияларды орындайды.Автоматтандырылған АЖ ақпарат пен адамды және техникалық құралдарды өңдеу процесіне қатысуды болжайды, мұнда басты роль компьютерге негізделген. Қазіргі «ақпараттық жүйе» терминін талқылағанда автоматтандырылған жүйе түсінігі айтылады.
Басқару процесін ұйымдастыруда олардың кең пайдалануын ескере отырып, автоматтандырылған ақпараттық жүйелердің әртүрлі боп жіктелуі 6-суретте берілген.

Сурет 3. - Әртүрлі белгілері бойынша ақпараттық жүйелердің жіктелуі
Ақпаратты пайдалану сипаты бойынша жіктесек, ақпараттық-іздеушілік жүйелер (сурет 3) енгізуді, жүйелендіруді, сақтауды, мәліметтердің қайта өңделуін тұтынушы сұранысы бойынша ақпаратты беруді өндіреді. Мысалы, кітапхана, билеттер сататын темір жолдар мен авиа кассаларда ақпараттық-іздеушілік жүйелер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет