Ақпараттық кеңістікке деген сұраныс цифрлық дәуірдің басталуына әсер етті



Дата16.07.2023
өлшемі11,1 Kb.
#104417

Ақпараттық кеңістікке деген сұраныс цифрлық дәуірдің басталуына әсер етті. Бұл жағдайда цифрлық экономиканың дамуы экономиканың барлық түрлеріне, соның ішінде бухгалтерлік есеп процестеріне әсер етті, соған байланысты бухгалтерлік есеп ғылым ретінде және шаруашылық есептің саласы ретінде соңғы онжылдықтарда технологиядағы инновацияларға байланысты елеулі өзгерістерге ұшырады. Цифрлық технологиялардың дамуы ақпаратты жинау, өңдеу мен сақтау жылдамдығын, оның көлемін арттырып, сондай-ақ ақпараттың сапасы айтарлықтай жоғарылап, пайдаланушылар үшін ақпараттың қолжетімділігі мен тиімділігіне жағдай жасауға мүмкіндік берді.
Бухгалтерлік есеп теориясы мен есеп тәжірибесінің мазмұнын өзгерту ақпараттық және компьютерлік технологиялардың дамуымен, математикалық модельдеумен, экономикалық процестерді басқару жүйелерінің жаңаруымен байланысты. Айта кету керек, деректер қағаздан цифрлық форматқа түрлендіріліп қана қоймай, сонымен қатар іздеу, өңдеу, есеп беру синтезі, қателерді бақылау және салыстыру IT құралдарының көмегімен үрдістер мен олардың нәтижелерін визуализациялауды қамтамасыз етіледі [1].
Бүгінгі күні бухгалтерлік есепті кез келген кәсіпорындар жүргізеді. Бухгалтерлік есепті толықтай автоматтандыру бухгалтердің қолмен жинақтаған ақпаратттардан босата алады. Сондықтан технологиялық инновациялар (блокчейн, жасанды интеллект, BigData, 1С-Бухгалтерия) мен бухгалтерлердің кәсіптілігінің үйлесімі бухгалтерлік есептіліктің үлкен өзгерістерге ұшырауына себеп етуде.
Қазіргі таңда цифрландыру жағдайында кейбір мемлекеттік кәсіпорындар заманауи ERP жүйелерін пайдалана отырып, бизнес-процестерді автоматтандырудың интеграцияланған шешімдерін белсенді түрде енгізуде [2].
ERP (Enterprise Resource Planning, кәсіпорынның ресурстарын жоспарлау) – бұл өндіріс пен операцияларды, адам ресурстарын, қаржылық менеджментті және активтерді басқаруды біріктіруге арналған ұйымдық стратегия. Ол кәсіпорынның ресурстарын жалпыға ортақ пайдалануды қамтамасыз етеді. Дәл осы кәсіпорындар ішкі IТ-инфрақұрылымын жаңғыртудың жаңа кезеңінің мысалы: автоматтандырудан біріктірілген басқару жүйелеріне көшу.
Бухгалтерлік есеп тәжірибесінде үнемі өзгерістер орын алуда, оның негізгі катализаторлары соңғы жылдары блокчейн, жасанды интеллект, Big Data болып табылады.
Қазіргі кезеңде бухгалтерлік есепті цифрландырудың ең тиімді және танымал бағыттарының бірін қарастырайық. Соңғы он жылда бухгалтерлік есеп саласында «блокчейн» түсінігі барған сайын танымал бола бастады. Бұл технология қажетті ережелерге сәйкес салынған блоктардың үздіксіз тізбегінен (тізімінен) тұрады. Жазбалар блоктарының мұндай тізбегі пайдаланушыға таратылған ақпаратты сақтауға мүмкіндік береді. Жүйедегі әрбір келесі блок алдыңғы блок мәліметтермен байланысты және цифрлық таңбамен фиксацияланған, яғни алдыңғы мәліметтерді өзгерту мүмкін емес болып табылады. Бұл технология бухгалтерлік есеп саласында үлкен мүмкіндіктерге ие және қазіргі таңдағы өте перспективалы дамудың бір түрі.
Блокчейн бүгінгі күнге дейін келесі салаларда ең жоғары артықшылықтарға ие болды:
криптовалюта саласы;
– банк секторы (инвестициялар);
– төлем операцияларының жүйесі;
– жермен байланысты құқықтық қатынастар (бірыңғай тізілім);
– мемлекеттік қызметтер (жеке куәлік).
Бұл технология қаржы саласында осындай танымалдылыққа ие болуы оның жұмысында теңдесі жоқ артықшылықтармен байланысты, яғни:
1) орындалатын операциялардың ашықтығы. Әрбір желі пайдаланушысы транзакциялар тарихын бақылай алады;
2) тұрақты цифрлық жазбаның болуына байланысты деректерді өзгерту, жою, қолдан жасаудың мүмкін еместігі;
3) блокчейнге қатысушылардың деректерді жаңартудың қажеті жоқ – әр адамда деректер қорының үнемі жаңартылып тұратын көшірмесі болады;
4) блокчейн технологиясында транзакциялардың жоғары дәлдігі мен жылдамдығы;
5) жоғары қауіпсіздігі.
Ғалымдардың айтуы бойынша, цифрлық экономикадағы бухгалтерлік есептіліктің жаңғырту саласындағы негізгі өзгерістер:
– бухгалтерлік есепте ұйымның қызмет саласын көрсетуді кеңейту;
– бухгалтерлік есептің сапасы мен тиімділігін арттыру;
– жаңа есеп объектілерін анықтау және олардың санын көбейту;
– жаңа есеп объектілерін бағалаудың инновациялық әдістерін әзірлеу;
– бухгалтерлік есептің әртүрлі түрлерін біріктіру тәсілдерін қалыптастыру;
– анағұрлым озық отандық және шетелдік ақпараттық технологияларды пайдалану;
–бухгалтерлік есепті дамытудың теориялық және практикалық аспектілерін дамыту.
Берілген тұжрымдарды қорытындылай келе, қазіргі кезде бухгалтерлік есептің цифрлық трансформациясы қаржылық инвестицияларды ұйымдастыру, мәдени және кәсіби құзыреттілігін өзгерту жағдайында тиімді жұмыс істеудің маңызды қадамына айналуда деп айта аламыз.
Бухгалтерлік есепті жоғары сапалы жаңғырту жағдайында біртұтас ақпараттық кеңістікті құрып қана қоймай, барлық деңгейдегі басқару сапасын арттырып, сонымен қатар, бизнесті ақпараттандыру үрдісі цифрлық форматта жұмыс істей алатын мамандарға деген сұраныстың жылдам қарқынмен өсуіне әкеледі. Технологияларды, ақпараттандыруды және цифрлық экономиканы дамыту жағдайында уақыт талаптарын ескере отырып, бухгалтерлік есеп мамандарын даярлау бағдарламаларын жаңарту, кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлауды дамыту, оның ішінде осы саладағы кәсіби стандарттарға сәйкес, тек бухгалтерлік (қаржылық) есеп беруді жасап қана қоймай, оларды талдай алатын, сондай-ақ, басқару шешімдерін ақпараттық қамтамасыз етумен қамтамасыз ететін мамандар аса бағалы болмақ.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет