Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет35/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72
7.2
 
Желілердің типтері. Стектік хаттамалар: TCP/IP, OSI, IP-
адрестеу 
Компьютерлік желілер (Computer NetWork, net-желі, work- жұмыс) – 
берілген ережелерге сәйкес компьютерлер арасында мәлімет алмасу 
жүйесі немесе ресурстарды ортақ пайдалану мақсатында бір-бірімен 
мәлімет алмасу арналарымен байланысқан компьютерлер тобы. 
Компьютер 
құрылғыларының арасындағы мәлімет алмасу ережелері

Жалпы компьютерлік желі құру үшін арнаулы аппараттық 
жабдықтама 
(желілік жабдықтар) 
және арнаулы бағдарламалық 
жабдықтама 
(желілік бағдарламалық құралдар) 
қажет болады. Мәлімет 
алмасу үшін компьютерлерді қарапайым түрде бір-бірімен байланыстыру 
түрі тікелей байланыс деп аталады. Компьютерлік желілерді құру кезінде 
шешілетін негізгі мәселе - аппараттық жабдықтардың электрлік және 
механикалық сипаттамалары мен информациялық жабдықтамалардың 
(бағдарламалық мәліметтердің) форматтары мен кодталу жүйелерінің 
бір-біріне сәйкес келіп үйлесуін қамтамасыз ету болып табылады. Соңғы 
мәліметтер үйлесімін жүзеге асыру үшін оларды стандарттау мақсатында 
OSI (Model of Open System Interconnections - ашық жүйелердің өзара 
әрекеттесу моделі) 
моделі жасалып шықты. Бұл модел Халықаралық 
стандарттар жасау ұйымының - OSI (International Standards Organization) 
техникалық ұсыныстары негізінде құрылған еді. 
Осы 
ISO/OSI 
моделіне сәйкес компьютерлік желілер архитектура-
сының әр түрлі деңгейлерін (деңгейлер саны - жетіге дейін) қарастыру 
керек. Олардың ең жоғарғысы - 
қолданбалы деңгей
, ал ең төменгісі - 
физикалық деңгей
болып табылады. 
Компьютерлік желі архитектурасының осы жеті деңгейінде 
мәліметтердің бір-біріне қажетті сәйкестігін қамтамасыз ету үшін 
протокол ( хаттама) 
деп аталатын арнайы стандарттар жасалған. 
Пайдаланылатын хаттамаларға байланысты компьютерлік желілер 
жергілікті 
(LAN – Ljcal Area Network) және ауқымды (WAN – Wide Area 
Network) 
деп екіге бөлінеді. 
Дүниежүзілік желі негізін құрайтын, бүгінге дейін кең пайдаланып 
келе жатқан 
TCP/IP 
байланыс хаттамасының сол стандартталған мерзімі 
Интернеттің бастау алған күні болып табылады. 
TCP хаттамасы.
 
TCP (transfer control protocol) 
хаттамасына сәйкес 
жөнелтілетін мәліметтер шағын пакеттерге (дестелерге) бөлінеді де, 
олардың әрқайсысы белгілі бір тәртіппен таңбаланады. Бұлай таңбалау 
тәсілі мәліметтерді керекті компьютерге жеткізгеннен кейін қайтадан 
біріктіруге мүмкіндік береді. 
IP хаттамасы.
 
IP (Internet Protocol) 
адрестік хаттама болып 
табылады. Оған сәйкес Дүниежүзілік желіге қосылған әрбір компью-


80 
тердің өзіндік ерекше адресі (
IP-адрес) 
болуы тиіс. Осы адреске қарай 
TCP пакеттері керекті компьютерге тез жеткізіледі. Адрес нүктемен 
бөлінген төрт саннан тұрады. Соларға байланысты желі тораптары 
арасында қажетті байланыс орнатылады да, мәлімет «жақын» немесе 
«алыс» орналысқан бір компьютерге жөнелтіледі. Бұл тырнақшадағы 
сөздер ара қашықтықты емес, мәліметті жылдам жеткізуге болатын 
нүктелер мүмкіндігін көрсетеді. Қай компьютердің «жақын» немесе 
«алыс» екендігін арнайы құралдар 
маршрутизаторлар 
анықтайды. 
Ашық жүйелердің әрекеттесу моделі.
 
ISO/OSI 
моделінде компью-
терлер арасындағы байланыстың жеті деңгей арқылы орындалатыны 
айтылған болатын. Енді әр түрлі құрылықтарда орналасқан компьютер 
арасында қалай мәлімет тасымалданатынын қарастырайық. 
1. Тұтынушы алғашқы 
қолданбалы деңгейде 
өз компьютеріндегі 
бағдарламалар көмегімен жіберілетін құжатын даярлайды. 
2. 
Ұсынылу деңгейінде 
тұтынушы компьютеріндегі операциялық жүйе 
мәліметтің қайда жазылып тұрғанын анықтап, оның келесі деңгеймен 
әрекеттесуін қадағалайды. 
3. Келесі 
сеанстық деңгейде 
тұтынушы компьютері жергілікті немесе
ауқымды желімен байланысады. 
4. 
Тасымалдау (транспорт) деңгейінде 
жөнелтілетін құжат қолданы-
латын желі хаттамалары талаптарына сәйкес тасымалдауға ыңғайлы 
форматқа (пакеттерге) түрлендіріледі. 
5. 
Желілік деңгейде 
мәліметтің тасымалдану маршруты анықталып, ол 
адреспен толықтырылады. 
6. 
Байланысу деңгейінде 
желілік деңгейден алынған мәлімет модем 
көмегімен физикалық деңгейге қажет нақты сигналдарға түрлендіріліп, 
оны модульдеу ісі атқарылады. 
7. Мәліметтерді нақты түрде тасымалдау соңғы 
физикалық деңгейде 
орындалады. Мұнда мәлімет тек биттер түрінде өрнектеліп тасымал-
данады. Мәліметті қабылдап алу тағы да екінші тұтынушы компью-
терінде осы деңгейлердің кері бағытта жұмыс істеуі арқылы биттерді 
қайтадан нақты құжатқа түрлендіру жолымен атқарылады. 
Байланыс моделінің деңгейлері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет