Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет34/72
Дата10.12.2023
өлшемі2,18 Mb.
#136232
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72
Бақылау сұрақтары: 
1.
Деректерді талдау негіздері? 
2.
Болжаудың бағалау әдісі?
3.
Жоспар дегеніміз?
4.
Жинау, жіктеу және болжау әдістерін қарастыру. 
5.
Болжамдаудың жоспарлаудан басты ерекшеліктері?
6.
Үлкен көлемді деректерді өңдеудегі мүмкіндіктер? 
7.
Үлкен деректердің қарапайым мысалын қарастыру. 
8.
Data Mining әдістері мен кезеңдерін талдау? 
9.
Деректерді интеллектуалды талдау әдісі?
10.Data Mining әдістерінің тиімділігі немен байланысты?
 
ТАҚЫРЫП 7. Желілер және телекоммуникациялар 
 
7.1 Деректерді тасымалдау құрылғылары 
7.2
 
Желілердің типтері. Стектік хаттамалар: TCP/IP, OSI, IP-
адрестеу 
7.3
 
 Жергілікті және глобальді желілер 
7.4
 
 Телекоммуникациялық технологиялар 
 Бақылау сұрақтары
7.1 Деректерді тасымалдау құрылғылары 
Тасымалдау құралдары (Средства переноса; means of carry) - 
бағдарламалық қамтамасыз етуді басқа компьютерге тасымалдауға 
арналған бағдарламалық және аппараттық құралдар. 
Комьютердегі жұмыс жасауда қолданылатын барлық ақпарат файл 
түрінде сақталады. Біздің білетініміздей, файл - бұл жадтағы орын, оған 
әдетте бірегей атау беріледі. Файлдар машинаның жедел немесе сыртқы 
жадында орналасады. Сыртқы жад - бұл, біріншіден, винчестер, ал 
екіншіден иілгіш және компакт диск. Сондықтан ақпаратты жазу мен оқу 
туралы айтпай тұрып, ақпарат тасуыштар не екенін анықтауымыз қажет. 
Ақпарат тасуыш ақпарат сақтау ортасы болып табылады. Олар сыртқы 
түрі бойынша не дискілік, не таспалық, жадтау принципі бойынша - 
магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық болады.
Соңғы уақытта IBM типті Pentium ДК-де қолданылатын ақпарат 
тасуыштар дискілік, магнитті, магнитті-оптикалық және оптикалық жазу-
оқу әдістерін қолданады. Дискілік тасуыштың қатқыл немесе иілгіш 
негізі болады. Оларға винчестерге кіретін (хард-диск) қатқыл магнитті 
дискілерді, иілгіш дискілерді немесе флоппи дискілерді, компакт-
дискілерді жатқызуға болады. Сондай-ақ соңғы кездерде ақпаратты 
сақтауға қолайлы «Флеш-жады» - брелоктар қолданылады. Олар 
128Мбайтттан - 64Гбайт аралығында ақпарат тасымалдай алады. 
Магнитті-иілгіш (оптикалық) дискіні - винчестер, жесткий диск; Флоппи 
дискіні - дискета; Компакт-дискіні СD, DVD дискі; Flesh-Card дискіні - 


78 
флешка деп айтады. Сыртқы жад - бұл компьютерді өшіргеннен кейін де 
енгізілген ақпаратты сақтайтын жад. Ал ішкі жад ондай қасиетке ие емес. 
Компакт диск дискілерге CD-R, CD-RW, DVD-R, DVD-RW жатады. 
Компакт дискілерге арналған дискіжетектер ішкі және сыртқы болады. 
Дискіжетектің жылдамдығын белгілеу үшін, әдетте дискіжетек дискіні 
аудиокомпакт дискілерге арналған дискіжетектен қанша есе жылдам 
айналдыратынын нұсқайды. Мысалы, дара жылдамдықты дискіжетектер 
150Кб/с оқу жылдамдығын, ал екі еселік жылдамдықты дискіжетек-
300Кб/с, төрт еселік жылдамдықты - 600Кб/с жуық жылдамдықты 
қамтамасыз етеді. Компакт дискідегі ақпаратқа қатынау уақыты 0,6-0,1 с 
дейін, әдетте ол 0,2-0,3 с болады. Лазерлік дискілерді қолдану - ол ең 
алдымен ақпаратты берудің жаңа жолын табу, әсіресе бұл әр түрлі 
анықтамаларға, сөздіктерге энциклопедияларға қатысты. Компакт 
дискілерді лазердің көмегімен ойнатуға болады. 
Дискета (жұмсақ диск) дискіжетек -– бұл дискетадағы деректерді 
оқуға арналған құрылғы. Дискіжетек - бұл иілгіш магнитті дискілерден 
ақпаратты оқуға және жазуға арналған құрылғы. Ол компьютерде 
тұрақты түрде қолданылмайтын ақпараттарды бір компьютерден екінші 
компьютерге ауыстыру және сақтау үшін қолданылады. Ақпарат иілгіш 
магнитті дискіге тікелей жазылады. Дискіжетектер екіөлшемді болады - 
бесдюмді (ол 1995 жылдан бері шығарылмайды) және үшдюмді болады. 
Қатты пластикалық корпус пен металл ысырма дискеттің бетін сыртқы 
зақымданудан қорғайды. Дискетте арнайы айырып-қосқыш ысырма бар, 
ол дискетке жазуға рұқсат етеді немесе тыйым салады. Дискетті бірінші 
рет қолдану алдында арнайы әдіспен оны пішімдеп алу қажет. 
Қатты диск (винчестер) қатқыл магнитті дискідегі жинақтауыштар 
немесе винчестер - бұл дискілер жиыны бар, жетекпен бірге жинақталған 
жадтайтын құрылғы. Қатқыл магнитті дискілердің жинақтауыштарда бір 
емес, бір блокқа жиналған магнитті бастиектер жұмыс істейді. ЭЕМ 
қосылып тұрғанда дискілер пакеті үзіліссіз және үлкен жылдамдықпен 
айналады, сол себепті бастиектер мен дискілердің механикалық түйісуі 
мүмкін емес. Винчесткр әдетте жүйелік блоктың ішіне орналастырылады 
және ақпараттың өте үлкен көлемін тұрақты сақтауға арналған. Енді осы 
және басқа да дискілердің көлеміне (память) тоқталып өтейік: 

Дискілердің атауы, көлемі, қауіп-қатер, қолданылуы, қатқыл диск- 
винчестер - Hard disk - 10Гб - 1000Гб, тоқ күшін көбейту т.б.

Бағдарламалар мен ақпараттардың негізгі қоймасы жұмсақ диск - 
дискет-Floppy disk - 1,4 Мб, жылыту, су құю, т.б. 

Өзге компьютерге ақпарат тасымалдау, лазерлік диск - компакт 
диск- CD, DVD диск - 650Мб - 9,4Гб ластану, сызылу,т.б. 

Бағдарламалар мен ақпараттардың кітапханасы жад картасы – 
флешка - USB disk - 64Мб -64Гб механикалық зақым, вирус, 
соққылар,т.б. 


79 

Өзге компьютерге ақпарат тасымалдау, бағдарламалар мен 
ақпараттардың кітапханасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет