Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар



Pdf көрінісі
бет17/40
Дата01.12.2022
өлшемі1,95 Mb.
#54142
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40
Hue – реңі немесе өңі, Lightness – жеңілділігі, Saturation – түс қанықтылығы), Saturation, LAB
(ағылшLuminance – жарықтылығы, A – бұл жасылдан қызыл күрең түске дейінгі түстер
гаммасы, B – көгілдірден сарыға дейінгі түстер гаммасы), CIE XYZ (ағылш. Commission
Internationale de l'Eclairage), RYB (ағылш. Red – қызыл, Yellow – сары және Blue – көк), NCS
(ағылш. Natural Color System – түстердің табиғи жүйесі), PMS (ағылш. Pantone Matching
System – Пантон түстер моделі).
Векторлық кескіндер
түзу сызық, тіктөртбұрыш, дөңгелек және мәтін фрагменті секілді
элементтерден тұрады, онда әрбіреуі өзінің жеке қабатында орналасады. Әрбір қабаттың пик-
сельдері басқа қабатқа тәуелсіз түрде орнатылады. Векторлық кескіннің әрбір элементі арнайы
тіл арқылы түзулердің математикалық теңдеулері, доға, дөңгелек және т.б. объектілер көмегі-
мен сипатталады. Осы қарапайым графикалық объектілер көмегімен күрделі объектілер алы-
нады (сынық сызықтар, басқа да геометриялық фигуралар).
Сол себепті векторлық суреттердің кескін масштабын үлкейткенде түйіршіктер көбейіп
кететін, растрлық суреттерден айырмашылығы олар өз көлемін сапасын жоғалтпай өзгерте
алады.
Дыбыстардың берілуі.
Дыбыстың физикалық табиғаты – нақты бір диапазонда тербелу және ауа толқыны
(немесе басқа иілгіш орта) арқылы берілу. Микрофон көмегімен дыбысты электрлік тербеліске
айналдыруға болады және оның тең уақыт аралықтары арқылы амплитудасын өлшеуге болады
(секундына бірнеше ондаған мың рет). Әрбір өлшем екілік кодта жазылады. Бұл үрдіс дискре-
тизациялау үрдісі
деп аталады.
Компьютер жадысында дыбыстық толқындардың екілік кодқа айналу үрдісі 2.8-суретте
келтірілген:
2.8-сурет. Дыбыстық толқындардың екілік кодқа айналу үрдісі
2.9-суретте ЭЕМ жадысында сақталған дыбыстық ақпаратты ойнату үрдісі келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет