RGB (ағылш. Red, Green, Blue – қызыл, жасыл және көк) комбинациялары Компьютер мониторында әр пиксельде әртүрлі жарықпен жанып тұратын үш «кіші
лампа» бар: қызыл, жасыл және көк. RGB (аддитивті модель) қағидасы – кез келген түсті
арнайы цифр және әріп коды арқылы беруге болатын ережелер жиынтығы. Осының көмегімен
компьютер қызмет атқарады, оның жадысында әрбір жиынтыққа сәйкес келетін барлық ком-
бинациялар мен түстер туралы ақпарат бар. Түсті жазу үшін он алтылық санау жүйесі пайда-
ланылады және он алтылық сан алдына «#» белгісін қояды. Мысалы, #FFFFFF(255, 255, 255)
– ақ түс.
Ал егер кескінді қағаз бетінде бейнелейтін болса, онда RGB қағидасы жұмыс істемейді,
себебі бояулар кейбір түстердің спектрін шығарудың орнына жұтады. Бұл бояулардың түстері
RGB түстерін ақ түстен бір-бірлеп азайту арқылы анықталады. Сонда мынадай түстер шығады:
көгілдір, қызыл күрең, сары.
Мысалы, кейбір CMY (ағылш. С – Cyan, көгілдір, M – Magenta, қызыл күрең, Y – Yellow,
сары) комбинацияларын 2.3-кестеде келтірейік.
2.3-кесте CMY комбинациялары Бірақ қағазға басып шығарғанда, қара түс күлгін қоңыр болады, сұр болса сұр түске
ұқсамайды, ал күңгірт түстерді жасау қиындау болып келеді. Ақырғы түсті қалыпқа кел-
тіру үшін тағы бір қара бояу қолданылады. Қағазда басып шығару үшін CMYK (ағылш. С
– Cyan, көгілдір, M – Magenta, қызыл күрең, Y – Yellow, сары, – blacK, қара) (субтрактивті
модель) қағидасын пайдаланады. Соңғы әріптің мағынасын ашсақ ол blacK сөзінің қысқаруы-
нан шыққан. CMYK қағидасында әрбір түстің негізгі мағынасы «түссіздік» дегенді білдіреді
және 0 % бен 100 % аралығында анықталады (бояулар саны).
. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
26
Сонымен қатар келесі түстер моделі де бар: grayscale (сұр түс реңі), HSB (ағылш. Hue
– реңі немесе өңі, Saturation – түс қанықтылығы, Brightness – ашықтық) және HLS (ағылш.