Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


Пайдаланушы интерфейсінің басқарушы құралдарын жіктеу



Pdf көрінісі
бет30/40
Дата01.12.2022
өлшемі1,95 Mb.
#54142
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40
Байланысты:
А паратты -коммуникациялы технологиялар

Пайдаланушы интерфейсінің басқарушы құралдарын жіктеу
Пайдаланушы интерфейсінің жаңа түрі – түйсіну пайда бола бастады. Бұл сала әлі
де толық зерттелмеген болса да, түйсіну сезіміне негізделген аппаратура жақында пайда
болды. Түйсіну құрылғыларының басқа интербелсенді құрылғыларынан айырмашылығы
сезіну қабілеттілігі мен ақпарат жөнелту қабілеттілігі болып табылады. Осылайша, түйсіну
интерфейстерінің дизайнерлері екі маңызды жағдайды қарастырады: түйсіну сезімі (жанасу
сезімі) және «кинестетикалық» (kinesthetic) сезім (сезім, дене қайда орналасқан). Бұл құры-
лғылар жалпы ортақ ерекшеліктерге ие: олар қимыл мен жағдайлар туралы ақпарат алатын
әрі берілген нүктедегі күш шамасын қайтаратын PHANToM сияқты күштің кері байланыс
құралдарымен жабдықталған. Осылайша, пайдаланушы дененің сыртқы бетіне жанасу кезін-
дегі әртүрлі қысымдар қабаты арқылы қозғалыстағы объектінің формасын сезінуі мүмкін.
Жоғарыда айтылғандай, қазіргі кезде пайдаланушы интерфейсін ұйымдастырудың екі
түрлі тәсілі қалыптасқан. Біріншісі тарихи ерте кезде қалыптасқан пайдаланушыға жеке
командалар түрінде безендірілген программа жүктелетін командалық тілді беретін тәсілден
тұрады. Бұл тәсіл командалық жолдар интерфейсі (ағылш. Command Line Interface – коман-
далық жолдар интерфейсі, CLI) деген атпен белгілі.
Балама тәсіл пайдаланушыға тінтуірдің немесе басқа да координаталық енгізу құрылғы-
сының көмегімен әрекеттерді таңдауға мүмкіндік беретін экрандағы – икон (icons) кескіндері
түріндегі символдық бейнелерден тұрады. Бұл тәсіл пайдаланушының графикалық интер-
фейсі
атымен белгілі.
GUI (екі өлшемді) ішкі класының бірін WIMP аббревиатурасымен белгілеу қабылданға-
нын жоғарыда айтып кеттік, ол іске қосылған интербелсенді элементтерді көрсететін – терезе,
пиктограммлар, мәзір және позициялаушы құрылғылар (тінтуір) болып табылады. Интерфей-
стің нақ осындай түрі 1984 жылы Macintosh-пен бірге кең таралымға ие болды, кейіннен
бұл дербес компьютерлерге арналған Windows-қа көшірілді де, Windows бүгінгі күнге дейін
басымдылыққа ие болуда.
Заманауи ОЖ-ларды дайындаушылар әдетте екі тәсілді де жүзеге асыруға керекті құрал-
дармен әрі көбінесе екі типтегі интерфейстерді де пайдаланатын қабықшаларды әзірлеу құрал-
дарымен қамтамасыз етеді. Олардың артықшылықтарын салыстырайық.
CLI артықшылықтары.
Сәтті жобаланған командалық тілдер өңдеудің жоғары жылдамдығын, жүйе ресурста-
рын тиімді және үнемді қолдануды қамтамасыз етеді. GUI-мен салыстырғанда олардың алго-
ритмдік толықтылығы командалық тілдердің маңызды артықшылығы болып табылады. GUI-де
пайдаланушы программаны дайындаушы салған иконкалар немесе мәзірдегі пунктілерді құра-
стыру сияқты мүмкіндіктермен шектелген, ал командалық тілдер кез келген алгоритмдік тап-
сырмаларды, тіпті тілді дайындаушы ешқашан ойламаған есептерді де шешуге пайдаланылады.
Пайдаланушы интерфейстері саласындағы соңғы жетістік – сөзді тану және дауыспен
басқару, бұл негізінен командалық тілге қайту болып табылады, себебі бұл жердегі айырма-
шылық тек команда сөзбен айтылады.
Заманауи интербелсенді командалық процессорлар командалық тілдердің алдыңғы
ұрпақтарының барлық проблемаларын шеше алады.


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
46
Командалардағы және тізбектелген бірдей немесе ұқсас командалар жиынтығынан қате-
лерді түзету бұрынғы терілген жолдарды еске түсіру арқылы жүзеге асырылады. Заманауи
командалық процессорлар бұрынғы терілген тарихи тізімдерден командаларды іздеу, редак-
циялау, осы командалардың кейбір бөлімдерін қайта пайдалану сияқты иілгіш құралдармен
қамтамасыз етеді.
Файлдардың, каталогтардың және басқа да объектілердің ұзын атаулар жиынтығы атау-
ларды автоматты кеңейтумен жеңілдетілген. Бұл құрал файл атауының бастапқы бірнеше сим-
волын теру арқылы атты толығымен кеңейтіп немесе осындай атпен басталатын барлық файл-
дар тізімін алуға мүмкіндік береді.
Ыңғайсыз, есте сақтауға нашар немесе қандай да бір пайдаланушыны қанағаттандыр-
майтын командалар синонимдерді (aliases) пайдалану арқылы атауларын ауыстыруға мүмкіндік
береді. Бұл механизм үнемі қолданылатын күрделі командаларды қысқарту үшін пайдаланы-
луы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет