Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар


«ФАКУЛЬТЕТ» ДҚ-ның құрылымы



Pdf көрінісі
бет38/40
Дата01.12.2022
өлшемі1,95 Mb.
#54142
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40
«ФАКУЛЬТЕТ» ДҚ-ның құрылымы
Бес байланыс нұсқар арқылы белгіленіп, бағытталған мәндерді байланыстырады:
ҚОСЫЛУ арақатынасы бір факультетте бірнеше кафедра бар болуын көрсетеді; КІРУ арақа-


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
59
тынасы бір кафедрада студенттерді бірнеше мамандық бойынша бітіре алатынын көрсетеді;
ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ арақатынасы бір кафедрада бірнеше оқытушылар бар екендігін көрсетеді;
екіұшты нұсқары бар ҮЙРЕТЕДІ арақатынасы бір оқытушы бірнеше топқа сабақ бере алаты-
нын, ал бір топ бірнеше оқытушыда оқи алатынын көрсетеді; ҮЙРЕНУ арақатынасы бір топ
бірнеше студенттерден тұратынын көрсетеді.
5.1-сурет. «ФАКУЛЬТЕТ» ДҚ-ның ЕR-диаграммасы
Жобалаған ДҚ-ның нақты қасиеттері болуы керек;
– тұтастық. Деректер бір-біріне қарама-қайшы болмау керек;
– қайта қалпына келтіре алуы. Жүйенің программалары істен шыққан кезде қалпына
келтіре алу мүмкіндігі;
– қауіпсіздік. Рұқсат етілмеген қол жетімділік кезінде деректердің қауіпсіздігі.
ДҚ-ның тиімділігі оның сұратуды өңдеуге кеткен уақыты мен жадыда алып жатқан орны-
мен анықталады.
Ақпаратты өңдеуге кететін жылдамдықты арттыру үшін индексацияны қолдануға
болады.
Индексация – деректі белгілі бір параметр бойынша сұрыптау.
Негізгі кілт – бірегей индекс. Бірде-бір жол екі бірдей негізгі кілтке ие бола алмайды.
Әдетте, негізгі кілттерді кестелерді бір-бірімен байланыстыру үшін қолданады. Берілген тап-
сырма бойынша логикалық және суррогатты кілттер ажыратылады.
Логикалық негізгі кілт – бұл жазбаны табиғи жолмен анықтайтын кілт. Мысал ретінде,
ҚР азаматының ЖСН-і, жеке куәлік нөмірі. Осы деректер бірегей, яғни ЖСН және жеке куәлік
нөмірлері ұқсас екі ҚР азаматы жоқ.
Суррогатты негізгі кілт – негізгі кілтпен қамтамасыз етілетін табиғи кілт болмаған жағ-
дайда қолданылатын кілт. Бұл кілттерге автоматты белгілеу қояды.
ДҚБЖ – пайдаланушыларға ДҚ-ны анықтауға, құруға, өзгертуге және сүйемелдеуге
мүмкіндік беретін, оған қоса қорға басқарылатын қолжетімділікті жүзеге асыратын ПҚ.
ДҚБЖ-ның функционалдық мүмкіндіктерінің тізімі.
1. Дерек сақтауды басқару – ақпаратты қосу, кетіру және жаңарту алу мүмкіндік. Дерекке
қолжетімділікті жылдамту үшін ДҚ ақпаратын сыртқы жадыда сақтауды қамтамасыздандыру.
2. Оперативті жадының буферін басқару – ақпаратты өңдеуді жылдамдату үшін
деректерді оперативті жадыға буферлеу.


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
60
3. Жүйелік деректер каталогын басқару – оны деректер сөздігі деп те атайды. Мұнда
сақталатын ақпараттардың аты, типі және көлемі; қолданушылардың аты және олардың қол-
жетімділігі; статистикалық деректер сақталады.
4. Журналды басқару – журнал қолданушыларға қолжетімсіз. Онда кез келген өзгерістер
туралы дерек сақталады.
5. Мәмілені басқару – тұтас болып есептелетін деректерге жүргізілетін операциялардың
реттілігі. Деректі өңдеу барысындағы бір этап істен шықса, деректердің бастапқы қалпына ора-
лады.
6. Қауіпсіздікті басқару – қауіпсіздік белгілі бір кестеге құқық ДҚ-да сол немесе басқа
кестелерге қолжетімділік және мүмкіндіктер құқығын орнату есебімен қауіпсіздікке жетеді.
Мысалы, кейбіреуге сол кестедегі қарауға, кейбіреуге кестедегі деректерді өңдеуге рұқсат
етіледі, ал администратор ДҚ-ның құрылымын өзгерте алады.


. Коллектив авторов. «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»
61


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет