Ақпаратты сығу – файлда жадтың сақтау көлемін кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі. Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді архивтеу



Дата20.05.2023
өлшемі14,54 Kb.
#95456
түріПрограмма
Байланысты:
Архивтеу программалары


Архивтеу программалары. Файлдарды архивтеу туралы жалпы мәліметтер
Егер файл жадтың көп көлемін алып, дискетке сыймайтын болса ақпаратты бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады
Ақпаратты сығу – файлда жадтың сақтау көлемін кішірейтетін ақпаратты түрлендіру процесі.
Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді архивтеу терминімен аталады.
Архивтеу мәні әдеттегі файлдарды немесе қапшықтарды арнайы архивтік файлға ретпен қаттаудан және орналастырудан тұрады.
Архивтік файл – арнайы әдіспен ұйымдастырылған файл, оның ішінде бір немесе бірнеше файл сығылған қапшық, сондай-ақ файлдардың аты, оларды жасау немесе өзгерту күні мен уақыты, өлшемі т.б. туралы қызметтік ақпараттар болуы мүмкін.
Архиваторлардың (немесе архивтеушілер) жұмысының принципі файлда “артық” (“асып төгілген”) ақпарат іздеуге және сондан кейін ең кіші (минимал) көлемге келтіру үшін соны кодтауға негізделген. Файлдарды архивтеудің ең кең тараған әдісі – бірдей символдар тізбегін сығу. Мысалы, файлдарыңның жиі қайталанатын байттар тізбегі бар делік. Әрбір байтты сақтаудың орнына қайталанатын символдардың саны және олардың орны (позициясы) белгіленеді. Көрнекілік үшін келесі мысалды көрсетейік.
Кең тараған ARJ, RAR, PKPAK, PAK, WINZIP архивтеушілері Лемпел-Зивтің алгоритмінің негізінде жұмыс істейді. Бұл архивтеушілер адаптивті сөздік кодтаушылар ретінде жіктеледі, олар ұқсас жолдарға нұсқаушымен ауыстырылады.
Архивтеуші-программа тек архивтік дискеттерде орын үнемдеуге ғана емес, бірлесіп пайдаланатын файлдардың топтарын бір файлға біріктіруге де мүмкіндік береді. Бұл архив жүргізуді әжептәуір жеңілдетеді.
Көлемі бойынша үлкен архивтік файлдар бірнеше дискілірде (томдарда) орналасуы мүмкін. Мұндай архивтер көп томды деп аталады. Том – бұл көп томды архивтің құраушы бөлігі. Архивті бірнеше бөліктерден құрастыра отырып оның бөліктерін бірнеше дискетке жазуға болады.
Бір архивтеу немесе қаптаудың – алғашқы файлдарды сығылған түрде архивтік файлға орналастыру екенін айтқан болатынбыз. Егер қаттау процесі болса, онда кері архивтік файлдарды шешу (архивтен алу) процесі де болу керек.
Архивтен алу – бұл файлдарды архивке орналастырғанға дейін қандай түрде болса, архивтен тура сондай түрде қалпына келтіру процесі.
Архивті шешкенде файлдар архивтен алынады да, дискіге орналастырылады.
Файлдарды қаттау мен шешуді жүзеге асыратын программалар архивтеуші-программалар деп аталады.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет