Ақпараттық Технологиялар Факультеті


«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ)



бет3/5
Дата12.06.2022
өлшемі38,53 Kb.
#36710
1   2   3   4   5
«Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ)
Қазақстан ақпараттық технологиялар нарығындағы ірі компания. Компания 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі сәуірдің 4-і бекіткен «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамыту туралы» № 492 Қаулыға сәйкес құрылған.
2008 жылдан бері «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2016 жылы қаңтардың 29-ы бекітілген № 40 Қаулыға сәйкес «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып айқындалды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылы ақпанның 26-сы бекіткен №118 Қаулысына сәйкес Бірыңғай байланыс-орталығы операторы саналады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 қарашада «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамын қайта құру» туралы № 696 қаулысына сәйкес «Kazsatnet» Ұлттық компаниясы» АҚ «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ құрамына кірді.
2016 жылы күшіне енген «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңында айқындалғандай «ҰАТ» АҚ Ақпараттық-коммуникация инфрақұрылымының Операторы ретінде келесі міндеттерді атқарады:
- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
- уәкілетті орган бекіткен тізбеге сәйкес мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына және «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының объектілеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және оларды қолдап отыруды жүзеге асырады;
- ақпараттық-коммуникациялық қызметтер каталогына сәйкес «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы базасында мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсетеді;
- операторға бекітіліп берілген «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына орналастырылған мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
- ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету кезінде мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардың сақталу қауіпсіздігін қамтамасыз етеді;
- ақпараттық-коммуникациялық қызметтер, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде анықталған кемшіліктерге жедел ден қойылуын және оларды жою жөнінде шаралар қолданылуын қамтамасыз етеді;
- мемлекеттік органдардың жергілікті (Интернетке шыға алатын жергілікті желілерді қоспағанда), ведомстволық және корпоративтік телекоммуникациялар желілерін «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымына интеграциялауды және қосуды жүзеге асырады;
- мемлекеттік органдарға, олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарына, жергілікті атқарушы органдарға, сондай-ақ уәкілетті орган айқындаған және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасына қосылған өзге де ақпараттандыру субъектілеріне олардың электрондық ақпараттық ресурстары мен ақпараттық жүйелерінің жұмыс істеуі үшін деректер беру бойынша қызметтер көрсетеді;
- «электрондық үкiметтiң» ақпараттық-коммуникациялық платформасын және мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасын құруды және дамытуды жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзін қолдап отыруды және оған жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады;
- «электрондық үкіметтің» веб-порталын ақпараттық толықтыруды жүзеге асырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет