10. Жаңа сабақты түсіндіру 25 минут
· Біздің балаларымыз кейде өздеріне әртүрлі жағымсыз келеңсіздіктерді тартып тұратындай, ыстық судың үстіне құйылып кеуі, ваннаның бұрышына қабағын жару.... Қай ата-ана осы сөздерді теріске шығара алады! Егер бөбегіңіз қақалып қалса ше? Мұрыннан аққан қанды қалай сауатты тоқтату керек? Қандай жағдайда дәрігерді шақыру керек? Біздің ойымызша, осы сұрақтарға жауап алу үшін, әр ата-анаға біздің «Оқыту- үйрету орталығынан» дәріс алып, үйрену керек.
·Жұмыста. Көптеген мамандықтар қатерлі істермен байланысты - әртүрлі өнеркәсіптер, құрылыстар, көшпелі жұмыстар, көлік қызметтері сияқты орындар. Көп жағдайларда, сізге сеніп тапсырған, адамның – бірінші кезекте балалардың өмірі сіздің сауатты, дұрыс іс-әрекеттеріңізге байланысты. Сонымен қатар офистік өмірде де алғашқы көмек көрсете білу пайдалы: сіздің әріптесіңіздің жүрек ұстамасы ұстаса, тоқ соқса, төбе құлап кетсе .... Жалпы айтқанда, өмірдің тосын сыйлары аз ба?
·Саяхаттауда.Санақ бойынша, саяхатқа шыққан кезде әртүрлі келеңсіз жағдайлар өте жиі кездеседі: күнге күю, зиянды шыбын-шіркейлердің шағуы, уланулар, жарақаттар тағыда сол сияқтылар. Алыс сапарларға шыққанда, дәрігерлік сақтандыруды рәсімдеу – жақсы әдеттердің бірі. Бірақ, демалыс орнында қандай жағдай болмасын, зардап шегушінің өмірі мен денсаулығы, мамандандырылған дәрігерлік көмек, нақ алғашқы сауатты көрсетілген көмекке байланысты.
·Саяжайда. Сіздің саяжай мамандандырылған дәрігерге дейін қаншалықты алыс екенін анықтадыңызба? Тәжірибеде, оқыс, аяқасты жағдайларда бар ауыртпашылықты өзіңізге көтеруге тура келеді- күйікті өңдеу, сыныққа шендеуіш салу, уланғанда асқазанды жуу....Сонымен қатар, саяжайда шұғыл босандыру сияқты – әр түрлі жағдай болады! Сондықтан саяжайдың мезгілі басталғанша керек білім мен машықтануды «Оқыту- үйрету орталығынан» алыңыз.
·Автокөлікте. Өзіңіз көлікті қауіпсіз және сеніммен жүргізсеңізде, өкінішке орай, басқа жол жүргіншілері туралы бұлай айта алмаймыз. Жол апатынан кейін - ең маңыздысы алғашқы минуттарында. Санақ бойынша, уақытында және сапалы, сауатты көрсетілген алғашқы көмек, зардап шегушілердің санын екі есеге артық аман алып қалады. Кім біледі - мүмкін сіз де аман қалушылардың санын көбейтетін шығарсыз?
·Спортпен шұғылданған кезде. Жалпы спортпен шұғылданудың қай түрін алсақта қауіптілікпен байланысты. Доппен ойнап жүріп, аяғын қайырып алу, велосипедтен құлау, шаңғы тебетін тау баурайында сынық алу .... Егер экстремальды спорт - дайвинг, парашютты спорт, мотоспорт түрлерін алсақ, зардап шегушінің өмірі көбіне дәрігерге дейінгі көмектің дұрыс көрсетілуіне байланысты. Әр түрлі оқыс, аяқасты жағдайларда мамандандырылған көмек әруақытта тез келе бермейді, сондықтан барлығына ертерек дайын болған жөн. · Үйде. «Менің үйім – менің қамалым» - деген қағидаға сенбеңіз. Жарақаталу пункті қызметкерлерінің растауынша – атап айтқанда үйде, бос жерде, қисынсыз оқиғалардың жиі кездесетінін айтады. Өзіне қайнап тұрған сағанды (кастрюль) құйып алу, диваннан қисынсыз құлау, үстелдің қырына соғылу .... Алғашқы диагностиканы жүргізу, жедел жәрдемді сауатты шақырту, қолда бар заттармен жарақатты таңу, адамды тасымалдауға дайындау – осының барлығына сізді «Оқыту- үйрету орталығында» үйретеді.
· Дәрігерлер үшін.Дәрігерлер өздерінің алған мамандықтары бойынша кәсіпқой мамандар, бірақ жалпыдәрігерлік білімдері ақырындап жойыла бастайды. Егер бақытсыз жағдайға тап болсаңыз, қолыңызда «дәрігерлік қобдиыңыз» болмаса, не істер едіңіз? Сіз жүрек-өкпе реанимациясын сауатты жасай аласызба? Зақымның алғашқы диагностикасын өткізесізбе? Егер сіздің көзіңізше бақытсыздық жағдай болса - жан-жағыңыздағы адамдар дәл сізге сенеді, олардың сенімін ақтауға тырысыңыз! Сол себепті көптеген дәрігерлік мекемелерде қосымша алғашқы көмек көрсету бойынша білімдерін толықтырып, әр түрлі өмірлік жағдайларда не және қалай істеу керектігі жайлы айқын нұсқаулар кездейсоқ емес.
· Студенттер үшін.Осы орталықта оқып кетсеңіз, халықаралық студенттік бағдарлама бойынша (Work and Travel; Camp USA; Au Pair) сізге жұмысқа орналасу артықшылығын аласыз. Қазақстанда халықаралық стандартқа сай жұмыс істеп жатқан компанияларға жұмысқа орналасу үміті арта түседі.
Оқытудың бағыттары
1. Әрекет. Алғашқы көмек және Төтенше жағдайдағы жүріс-тұрыс
· Алғашқы көмек көрсетудің заңдық аспектілері
· Төтенше жағдайлардағы әрекет алгоритмі
· Анатомия және физиология негіздері
· Зардап шегушіні тасымалдау.
· Тыныс алу жолдарының бұзылуы
· Жүрек ұстамасы. Жүрек-өкпе реанимациясы
· Жарақаттар және қан кету. Жарақаттар. Естен тану (Шок).
· Күйік және үсік. Суық өту.
· Кейінге қалдыруға болмайтын жағдай ( талма, эпилепсия, инсульт, қант диабеті, жоғары температура)
· Ерекше жағдайлар (электрден жарақаттану,суға кету)