Аппараттық жасақтама және бағдарламалық жасақтама



бет2/3
Дата12.02.2023
өлшемі0,54 Mb.
#67204
1   2   3
Портативті компьютерлер
Компьютерлердің екінші типі – бұл ноутбуктер. Бұлардың артықшылығы, батареямен жұмыс істейтіндігінде және жинақы, оңтайлылығында, сондықтан оны кез келген жерде пайдалануға болады.
Ноутбук үстел үстілік компьютерден кішкентай болғандықтан, ішкі компоненттеріне қолжетімділік қиынға соғады. Бұл дегеніміз – сіз оған үстел үстілік компьютердегі сияқты жаңа бөлшектер қосып немесе оңай жаңарта алмайсыз.

Планшеттік компьютерлер
Планшеттік компьютерлер немесе жай ғана «планшет». Олар ноутбуктен де жинақы әрі оңтайлы. Пернетақта мен тачпадтың орнына мәтінді теру мен навигация үшін сенсорлық экран қолданылады. iPad — планшеттік компьютерге мысал бола алады.
Планшет үстел үстілік компьютер немесе ноутбуктың орнын толық баса алмайды, өйткені бағдарламаларды ашуға және құжаттармен жұмыс істеуге ноутбук немесе үстел үстілік компьютер ыңғайлы. Бірақ егер сіз жай ғана ойын ойнап, әлеуметтік желіде отырып, видео көріп, музыка тыңдауды ойласаңыз, онда планшет компьютерді толықтай алмастыра алады.

Серверлер
Сервер — бұл желідегі басқа компьютерлерді қамсыздандыратын компьютер. Көптеген фирмалар, өнеркәсіптер ақпарат сақтайтын файлық серверлерге ие. Сервер қарапайым үстел үстілік компьютер немесе одан да үлкен пішінді бола алады.

Серверлердің интернетте маңызы зор. Олар өздерінде веб-парақшаларды, сайттарды, суреттер мен видеоларды сақтайды. Және олардың қауіпсіздігі мен браузерде жүктелу уақытына жауап береді.
Компьютердің басқа да типтері
Біз компьютер деп қабылдай бермейтін, негізінде мамандандырылған компьютер болып келетін көптеген құрылғылар бар. Міне, бірнеше мысал:
Ұялы телефондар: бүгінде олар бұрындары тек компьютерде ғана істеуге мүмкін болатын көптеген функцияларды ұсына алады, мысалы, ойын ойнау, фильмдер көру және т.б. Мұндай телефондарды смартфон деп атайды.
Ойын приставкалары: видео ойындарды ойнатуға арналған компьютердің мамандандырылған түрі. Олар үстел үстілік компьютерлер сияқты көпфункционалды болмаса да, олардың көбі интернетте веб-парақша ашу сияқты тапсырмаларды орындай алады.
Теледидарлар: көптеген теледидарлар бүгінде интернетке кіруге немесе фильмдерді онлайн көруге мүмкіндік беретін бағдарламалар мен қосымшалардан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет