Аппликация



Pdf көрінісі
бет16/28
Дата07.01.2022
өлшемі476,19 Kb.
#17288
түріБағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Байланысты:
2 аппликация

Сөздік жұмыс: жаңажылдық шырша. 

ҰОҚ-нің барысы 

1. Ұйымдастыру кезеңі 

Педагог балалармен шаттық шеңберін жасайды. 



Бал-бал бөбек, бал бөбек, 

Бөгелмей білім ал, бөбек. 

Білмесең білім – бекерсің, 

Бет алдыңа кетерсің  

Елге есті ер керек

Ержет, есей ертерек! 

                              (І. Жансүгіров) 

Ойын жағдаяты: 

Педагог:  




14 

 

–Балалар, біз бүгін қысқы «орманға» саяхат жасайық. 



2.Негізгі кезең: 

Педагог балалармен «орманға» келеді.  



Жаңа  Жыл келеді 

Аспан жерге төгеді, 

Ақ  күмісін  уыстап. 

Жаңа  Жыл да  келеді, 

Бізге  қарай жылыстап. 

Өлең де әзір, ән әзір, 

Ойын да әзір, бәрі әзір. 

Кел, Жаңа Жыл, біздерге, 

Кел, Жаңа Жыл, Жаңа Жыл! 

                                         (С. Жиенбаев) 

– Балалар, айналаға қараңдаршы, біз орманға келдік. (Жаңажылдық шырша және қысқы 

орманның  суреттерін көрсету.) 

– Балалар, мынау қандай ағаш? 

– Балалар, шыршаны қандай мерекеде безендіреді? 

– Жаңа жыл мерекесіне кімдер келеді? 

Сөздік жұмыс: жаңажылдық шырша. 

– Шыршаға нелер ілінеді? 

– Біз шыршаның қасында не істейміз? 

Сергіту сәті: 

Алақай, алақай, 

Қуанды балақай! 

Күз ауды, қар жауды

Құс кетті, қыс келді. 

Дала қар күтеді, 

Жаңа Жыл жетеді. 

                         (Е. Өтетілеуұлы) 

Педагог үлестірмелі материалға назар аударады. 

–Мынау не?  

–Ол не үшін керек? 

–Мынау қандай дөңгелек? 

–Ал, мынау қандай дөңгелек? 

–Мыналар қандай дөңгелектер? 

Педагог дайын шыршаға жаңажылдық ойыншықтарды – түрлі түсті дөңгелектерді қалай 

орналастыруды  магнитті тақтада көрсетеді. 

Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог балалармен жеке жұмыс  жүргізеді. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет