2.
Негізгі кезең
– Ал сендер аналарыңа сыйлық жасағыларың келе ме?
Педагог үлестірмелі материалға назар аудартады.
– Мына орамал, ол «қошқармүйіз» және «көз» деген қазақтың ою-өрнектерімен
әшекейленген. Қазақ халқы өзінің үй тұрмысында қолданылатын заттарды ою-
өрнектермен әсемдеген.
Сөздік жұмыс: ою-өрнек.
– Біз де анамызды бір қуантайық, – деп, педагог аналарға орамал сыйлауды ұсынады.
Қағазға «қошқармүйіз» және «көз» оюларының орналасуын магнитті тақтада көрсетеді:
«қошқармүйіз оюын орамалдың ортасына орналастырамыз, «көз» оюларын төрт
бұрышына орналастырамыз.
–Орамал дайын болды, енді анамызға сыйлауға болады.
Балалар жұмысқа кіріседі. Педагог балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
3. Рефлексия
Педагог қорытынды жасайды. Балалардың сыйлықтарына ризашылығын білдіреді.
– Балалар, біз бүгін қандай сыйлық жасадық, оны кімге сыйлаймыз?
Достарыңызбен бөлісу: |