Апта 2 Отбacы – шaғын мeмлeкeт Лексикалық тақырып


-тaпcырмa. Мaқaл-мәтeлдeрдiң мaғынacын түciнiп, жaттaп



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата22.04.2023
өлшемі418,98 Kb.
#85613
1   2   3   4
9-тaпcырмa. Мaқaл-мәтeлдeрдiң мaғынacын түciнiп, жaттaп 
алыңыздaр. 
 
Жaқcы дa, жaмaн дa тeгiнe тaртaды.
***
Тeгiн бiлмeгeн тeкciз, жeтi aтacын бiлмeгeн жeтeciз.
***
Eртe тұрғaн әйeлдiң бiр ici aртық. 
Бaлaның бac 
ұcтaзы – aтa-
aнacы
Түтiнi
бөлeктiң 
тәрбиeci бөлeк


11 
Eртe тұрғaн eркeктiң ырыcы aртық. 

10-тaпcырмa. Қара шаңырақ тақырыбына байланысты түсірілген 
бeйнeматериалмен (әуенмен) танысыңыздар: 
https://youtu.be/v9D263ObMfc 
(Динара Кемелхан, Қара шаңырақ).
 
 

13-тaпcырмa. Бейнематериал бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер?
 
1) Бейнематериал бойынша пікір білдіріңіздер? 
2) Әнбаянның әсерлі тұстарына сипаттаңыздар. 
3) Ән мәтінінде кездесетін «алаша құрау», «ата-анасы әруақ», «аласару», «күнге 
беттеу» тіркестерінің мағынасына назар аударып, талқылаңыздар. 
Сөздік
 
неке салты – брачный обряд ұрпақ – поколение
салғырт – халатность өлшенбеу – несоизмеримость
дағды – дағды салт-дәстүр – традиция
имену – стесняться отбасылық дәстүр – семейные традиции
14-тaпcырмa. Мәтiндi түciнiп оқыңыздaр. 
 
Қара шаңырақтың қасиеті кемімесін 
 
Қазақ халқы жеті атаға толмай қыз алысып, қыз беріспей, неке салтымен қан 
тазалығын сақтаса, «қара шаңырақ» ұғымы арқылы ұлттық идеологиялық бірліктің 
іргетасын қалады. Осы бірлік бүгінге дейін жалғасын тауып, әр қазақ отбасының 
босағасы берік, шаңырағы биік болуына ұлттық дүниетаным тұрғысынан қызмет етіп 
келеді.
Қазақтың ұрпақ тәрбиесі қара шаңырақта ананың ақ сүті мен әлдиі, әкенің 
ақылы мен өнегесі арқылы қалыптасады. Қазақ салтында әке-шеше баланы кәмелет 
жасына толғанша бағып-қағуға жауапты болса, бала есейгенде әке-шешесін қарап-
күтуге, ұлдың біреуі әкесінің орнын басып, қара шаңыраққа ие болуы парыз. Ұзақ 
жолға аттанарда қара шаңырақтан дәм татып, үлкендерден бата алып жатса, жаңа 
түскен келін, ең әуелі, шаңыраққа сәлем жасап құрметін білдіреді. Онан да 
маңыздысы, саналы ұрпақтың қара шаңырақты қастерлеуінің арқасында қазақ 
даласында қарттар үйі болмаған. Қазір осы дәстүр қандай деңгейде? Бүгінгі кенжелер 
өз шаңырағының түтінін түзу ұшырып, ата дәстүрді ардақтап жүр ме? Әрине, 
жалпы жақтан айтқанда, бұл дәстүріміз әлі де өз жалғасын тауып келеді. 
Дегенмен, жастарға ақыл айтып отыратын қазыналы қарттары қатары сирегелі 
қасиетті шаңырақтың қадірін біреуіміз білсек, екіншіміз бағалай алмай жүрміз. Ата-
анасының күш-жігерімен оқуын оқып, қызметке ілінген соң, көпшілік жастарымыз 
бұл мәселеге салғырт қарауда. Бүгінгі қоғамда жастары ұлғайған шақта қарттар үйін 
жағалап жүрген ата-аналарымыздың да кездесетіні өзекті өртейді


12 
Әр ұлттың өзіне тән отбасылық дәстүрі бар.Тақырыпқа сай мына мәселені де 
айту керек. Сол отбасылық дәстүр, жоғарыда айтқанымыздай, уақыт ұзара келе бір 
өңірдің, ұлттың, керек десеңіз, бір мемлекеттің отбасылық әдет-ғұрпына айналады. 
Мәселен, Америка, Италия, Франция, Германия сияқты елдерде қазақ ұлты секілді 
ата-анасына қарасып, қартайған тұста бағу міндеттелмеген. Керісінше, бала кәмелет 
жасына толған соң өз күнін көріп, ата-анасы жеке өмір сүрулері дағдыланған. Көп 
жағдайда жастар арасында қазағы болмыс, ділімізге жат осы тектес ой-пікірлер де 
орын алуы өкінішті. 
Қазақы дәстүрге сай кез келген ата-ата атам қазақ қызын құтты ұясына 
қондыруға асыққан. Сондықтан да қыз перзентті басқа әулеттің, өзге шаңырақтың 
адамы деп мәпелеп, ерекше құрметтеген. Қара шаңырақта бабалар рухын бізге 
жеткізетін тылсым күш бар. Жігітке қуат беретін екі күштің бірі – кіндік қаны тамған 
туған жерінен алатын энергиясы болса, енді бірі – осы қара шаңырақтан алатын 
жігер-қасиеті. Әрине, қазіргі нарық заманында қызмет, кәсіп жағдайымен ата-анадан 
алыста, қара шаңырақтан ұзақта жүрсек те, бұл киелі ұғым алдындағы жауапкершілік 
пен ата-ана алдындағы перзенттік парыздың күнкөріс қамымен өлшенбейтінін 
түсінгеніміз дұрыс. 
(Мәлiмeт мына aқпaрaт көзiнeн өңделіп aлынды: https://www.astana-akshamy.kz/qara-shangyraqtyng-
qasieti-kemimesin/). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет