Тәрбиешілердің ата-аналармен жүргізілетін жұмыс барысында берілетін кеңес.
1. Балаға жан және дене өзгерістерінің байланыстарын табуға көмектесу.
2. Барлық ескертулерді шын пейілмен, үстірт бағаламай, айдар тақпай жай түсіндіру.
3. Балалардың бойында салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, салауатты өмір салты мәдениетіне тәрбиелеу. Денсаулықтың маңыздылығын құндылық ретінде түсіну.
4. Дене тұрғысынан жетілдіру. Ертеңгілік жаттығу, күн режимін сақтау, таза ауада болып қимыл қозғалыс ойындарын ойнау.
Мектеп жасына дейінгі баланың түсінігінше, жақсы және жаман туралы түсінік араласып келеді. Оның өмірлік тәжірибесі аз болғандықтан, ол әлі жақсы мен жаманды ажырата алмайды. Тіпті адамгершілік түсінігін меңгергеннің күннің өзінде мектеп жасына дейінгі бала оны назарда ұстай алмайды. Мұның барлығына баланы үйрету керек.
Балаларға ата-аналарының көңіл-күйі көрініс береді. Егер үлкендер көңілді, жылы жүзді, салмақты болса, бала да сондай болады. Әсіресе, баланың мінез-құлқына отбасындағы эмоциялық атмосфера, үлкендердің қарым-қатынас стилі ерекше әсер етеді.
Бала бір нәрсені олай істемеуге келісім береді, бірақ нақ жағдайда оны ұмытып кетеді. Ол басқа балаға айтылған ескертуді өзіне де айтылды деп ойламайды. Оған кеше айтылғанды, бүгін есіне түсіре алмайды. Ол тез әрекет етеді, көпшілік жағдайда оның қылықтарының себебі – тілегі, қалауы болады. Оның ерік процестері (ұстамдылық, шыдамдылық, жауапкершілік және т.б.) әлі қалыптаспағандықтан ол өзін басқара білмейді. Біз үлкендер баланың осы ерекшеліктерін ескермей, оның қылықтарын әдейі жасады деп ойлаймыз. Мектеп жасына дейінгі баланың мінез-құлқынан бұл байқалады, сондықтан үлкендер бала қылықтарына орынсыз ашуланбай, үнемі жоғарыда айтылғанды есте ұстауы керек. Салмақтылық – балаға әсер ету тәсілінің ішіндегі ең тиімдісі.
Балалардың үнемі үлкендерге қарап әрекет ететінін ұмытпаңыз, оларда біздің көңіл-күйімізді танып-білетін ерекше бір қабілет бар және олар оны өзіне тез қабылдап алады; біздің оларға деген қатынасымызды тез біледі; біз оларды тыңдауға даярмыз банемесе өз талабымызды қоямыз ба, көңіл-күйіміз қандай.
Кішкентай балалар еліктеуге бейім келеді. Бала қоршағандар тілімен
сөйлейді – олардың ойын айтады, қимыл-қозғалыстарын қайталайды, олардың қылықтарына еліктейді. Әсіресе бұл балалар ойынынан айқын көрінеді. Егер бала үлкендердің мінез-құлқынан үлгілі мінез-құлықты көріп еліктесе, онда бұл тәрбиелеуге көмектеседі. Баланың бұл ерекшелігі үнемі жағымсыз жағдайдың себебі бола бермейді, бірақ ол бір нәрсеге аса сенімді: үлкендер не істесе де бәрі жақсы. Баланың тез есейгісі келеді.
Отбасындағы тәрбиенің маңызды шартының біріне отбасы мүшелерінің талаптарының келісімімен жүзеге асырылуы жатады. Отбасы мүшелерінің бірінің бала алдында қатал тәрбиеші болып, ал екіншісінің – қайырымды қорғаушы болуы мүлдем қате. Ал бала отбасы мүшелерінің қайсысымен өзін қалай ұстау керек екенін жақсы біледі.
Сотқарлық пен тентектік арасында айырмашылық бар ма? Баланың тентектігін сотқарлықтан ажырату керек. Баланы дер кезінде тоқтатуымыз осыған байланысты. Тентектік – күнәсіз ермек: бала көңілді, өзінше істейді, өз қылықтарымен қоршағандарды күлдіреді, өзіне қаратады. Сөздің қысқасы, ол өзінің бар көңілді күйі үшін сізден қолдау күтеді. Бұл қоршағандармен байланыс ортнатудың өзінше бір формасы. Дегенмен, бала өз тентектігінің шегін білмесе, ол сотқарлықа апаруы әбден мүмкін. Әрине оның жағымсыз сипаты бар. Егер бала үлкеннің сөзін тыңдап үйренсе, онда баланың эмоциялық ұстамсыздығының алдын алып, тентектікті жоюға болады. Жалпы бала эмоциясының көріну түрі мен күші тәрбиеге тікелей байланысты екенін есте ұстау қажет. Баладағы жағымсыз эмоция – бұл онымен теріс қатынастың орныққанын көрсетеді.
Егер баланы дұрыс тәрбиелесе, ол мінез-құлық мәдениетінің қарапайым ережелерін білетін болады. Егер сіздің ұлыңыз (қызыңыз) тентек қылық көрсетсе, оны әдеппен тоқтату керек.
Жақсы болуға талпыну барлық балаға тән. Бала өзінің жақсы екендігіне сенеді. Ал үлкен адам оның осы сенімін қолдауы керек, ол адамның көңілін көтеріңкі етеді. Үлкен адамнан өз әрекеттеріне тиесілі бағаны есту – бала үшін аса пайдалы болмақ. Ұмытпаңыз. Баланың дұрыс жасаған қылықтары (тәртіпті ұл немесе жақсы аға, нағыз дос, жақсы көмекші, әдепті және т.б.) дұрыс бағалап, қолдасақ, онда «мен жақсымын» ұғымы ол үшін маңызды болады. Ұмытпаңыз.
Табандылық кейде қырсықтық деп қаламыз. Ал баланың әрекеттерінде бұлар аса ұқсас. Бірақ оларды шатастыруға болмайды, қырсықтық – бұл баланың мінез-құлқының жағымсыз жағы. Дегенмен, ойлаған мақсатына жетуге талпыну бұл жақсы қасиет, ал ата-ана оны білуі керек. Баланың бастаған ісін қалай болғанда да аяқтауына мүмкіндік беру керек, олай етпегенде ондағы мақсаттылық өшіп қалуы әбден мүмкін.
Қырсықтық шектен тыс ерке балаларға тән қылық. Ол үлкен адам балаларға үнемі «бүйтпе», «олай істеме» және т.б.
Сөздерін жиі қолданғанда көрініс береді. Бұл жағдайдағы баланың қырсықтығы – оған деген теріс қатынастың нәтижесі, яғни шамадан тыс «тәрбиелік шаралардан» өзін қорғау тәрізді көрінеді.
Жылы сөз. Баланың абырой, намыс сезімін дамытуда, оның маңызы айтарлықтай «сен үлкен болдың» деген жылы сөз балалардың жағымды қылықтарын белсендіре түседі. «Мен үлкенмін» яғни мен бәрін білемін, істей аламын. «Мен үлкенмін» яғни, кішкентайларға, үлкендерге көмектесуім керек. «Мен үлкенмін» яғни, мен күштімін, әлсіздерге көмектесуім керек. «Мен үлкенмін» яғни кішкентайларға үлгімін. Өзіңді жаман ұстау – бұл ұят.
Балалар қырсық, қыңыр болып тумайды және бұл балалардың жастық ерекшеліктері де емес. Мұны мінезбен түсіндіруге болмайды, себебі мінез туып берілмейді, ол бүкіл өмірі барысында қалыптасады. Қырсық бала теріс тәрбиеден қалыптасады.
Екі және үш жастағы баланың қырсықтығы табиға қажеттілігі (су ішкісі келеді, тамақ ішкісі келеді, ұйықтағысы келеді) қанағаттандырылмағанда, қолайсыздықты сезінгенде (суық, ыстық, аяқ киімі тар, киімі кең және т.б.) көрінеді. Бірақ мұны қырсықтық деп түсінбеу керек, тек балаға қолайсыз жағдайды жойса болғаны, бәрі орнына келеді. Егер мұндай кезде балаға дауыс көтерсек, бұл қырсықтықтың пайда болуының алғы шарты болады. Көпшілік жағдайда баладағы қырсықтықты жүйке жүйесімен байланыстырады (невроз). Бала тек қана айғайлап жыламай, қолдарындағы ойыншықтарын үлкендерге қарай лақтырғанда, оны расында да күйгелектік, ашыланшақтық деп қабылдаймыз. Мұндай кезде баланы дәрігерге көрсету керек. Бала қырсықтығының ашық көрінуі – бұл баланың өз дегеніне жету жолы.
Достарыңызбен бөлісу: |