Апта Дәріс тақырыбы және тезистер Сағат көлемі


Қазақ тілінің этимологиясы және оны оқыту



бет24/27
Дата13.05.2022
өлшемі91,64 Kb.
#34327
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Қазақ тілінің этимологиясы және оны оқыту.

1. Этимология туралы жалпы түсінік.

2. Этимологияның зерттеу объектісі
Этимология тіл білімінің ең бір күрделі, әрі қызықты саласы. Этимология грек тілінің etumos «ақиқат» және logos «білім» деген сөздерінің бірігуінен жасалған. Тіл білімінің ішінде тарихи лексикологияның арнаулы саласы. Ол жеке сөз тіркестерінің, грамматикалық тұлғалар мен морфемалардың, фразеологизмдер мен мақал-мәтелдердің де түп-төркіні мен шығу тегін, олардың пайда болу, даму жолдары мен қазіргі тілдерден көрініс сабақтастығын анықтап, тарихын ғылыми тұрғыдан зерттейді. Этимологиямен арнайы айналысып сөз тіркесін туралы ойларын үнемі ортаға салып жүретін ғалымдарымыздан академик Ә.Т.Қайдар, Р.Сыздық, Ә.Нұрмағанбетов, Қ.Өмірәлиев, Е.Жанпейісов, С.Исаев, А.Махмудов, Н.Уәлиев, Ж.Манкеева, Ғ.Әнес т.б. ғалымдардың атын атауға болады Этимологияның негізгі принциптері. Этимология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу тілдің тарихын, оның тарихи фонетикасы мен тарихи грамматикасының заңдарын, зерттелетін тілдің басқа туыстас тілдермен байланысын, семасиология мәселелерін жақсы білуді, салыстырмалы-тарихи методты жете меңгеруді талап етеді. Сөздердің шығу тегін айқындау үшін ғылыми этимология: генеологиялық, фонетикалық, морфологиялық, семантикалық, этимологиялық деп аталатын принциптер қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет