Қазіргі қазақ тілі лексикасының құрамы
мен оның арналарын оқыту
1. Синонимдердің анықтамасы және зерттелуі.
2. Синонимдерге тән өзіндік белгілер
Қазақ тілінің сөздік құрамы - халқымыздың басынан кешірген бүкіл өмірінің, шаруашылығы мен кәсібінің, материалдық байлығы мен рухани қазынасының айнасы, куәсі іспеттес, замандар бойы біртіндеп қалыптасқан,ұзақ дамуының жемісі. Қазақ тілінің сөздік құрамы 3 тілдік стратифиграфиялық қабаттан тұрады. 1) жалпытүркілік қабат; 2) қазақтың байырғы төл сөздерінен тұратын тілдік қабат; 3) кірме сөздер қабаты. Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме қабатты араб парсы,моңғол,орвс тілдерінен енген сөздер құрайды. Олар қазақ халқының заманалар ағымында араб, парсы, моңғол, орыс халықтарымен болған тарихи, мәдени, саяси, әлеуметтік байланыстарының, қарым қатынасының нәтижесі. Ислам дінінің Дешті Қыпшаққа ендей таралуы,сауда саттықтың дамуы, шығыстың классикалық әдеби мұраларының далалық үлгіде жырлануы сияқты экстралингвистикалық факторлар әсерінен қазақ тіліне араб парсы сөздері қазақтың біртұтас халықтық тілі қалыптасқанға дейін ақ, орта ғасырлардың алғашқы ширегінен ене бастады. Қазақ тілінің сөздік құрамына мықтап орныққан мұғалім, мешіт, мәдениет, несие, табиғат, абырой, құрмет, ғылым, парасат, дұға, шариғат, әдебиет, құрбан, намаз сияқты көптеген
Тілдің қоғамдық-әлеуметтік ортамен тығыз байланыстылығы өте ертеден байқалған. Антика дәуірінде-ақ, әр әлеуметтік топтың өзіне ғана тән, етене жақын, өзі анық түсінетін тілі болған. Әлеуметтік топтар тіліндегі айырмашылықтарды бүгінгі күні «әлеуметтік диалектілер» терминімен атайды. Негізінен, бұл әлеуметтік диалектілер жалпыхалықтық тілден лексикасы арқылы ерекшеленетінін, әртүрлі ұжымдарға тән жаргондар, әлеуметтік топтарға тән шартты (жасырын) тілдер болатындығын ғалымдар айтып жүр. Орыс тілінде революцияға дейін орыс көпестерінің «өз тілі» болғандығын, интеллигенция бір-бірімен олардан өзгеше тілдескенін, қарапайым халық, яғни жұмысшы мен шаруаның өзге топ өкілдеріне ұқсамайтын тілі болғандығын орыс ғалымдары айтып жүр. Қазақ тілінде дәл осындай, яғни орыс тіліндегідей әлеуметтік топтар тілінің бөлінісі болды дей алмаймыз. Бірақ оқығандар тілімен қара халықтың тілі арасында жіктеліс болатындығын да жоққа шығаруға болмайды.
Достарыңызбен бөлісу: |