Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау
бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар
1. Семасеология.
2.
3. Лексикография.
4. Фразеология.
1. Терминдердiң авторы кiм?
A) Қ.Жұбанов
B) I.Кеңесбаев
C)А.Байтұрсынов
D) С.Аманжолов
E) Ө.Айтбаев
*****
2. Лингвистикалық терминдердi белгiлеңiз.
A) орфография, синоним, драма
B) диабет, рецепт, роман
C) фонема, идиома, демократия
D) идиома, фраза, белок
E)этимология, фразеология, семасиология
*****
3. А.Байтұрсынов сөз мағынасын:
A) сөз байлығы
B) сөз тазалығы
C) сөз әдебі
D)сөз дәлдігі
E) сөз әсерлігі
|
5
|
№ 5 Дәріс
Семасиология және оны меңгертудің тиімді жолдары.
1. Семасиология және оның зерттеу объектісі
2. Сөздің атауыштық негізгі мағынасы
3. Фразеологиялық байлаулы мағына мен синтаксистік шартты мағына
Сөздік құрамдағы жеке единицалардың білдіретін мағыналарын, оның түрлері мен дамуын, ауысуы мен өзгеруін қарастыратын ілім семасиология деп аталады. Семасиология (грек. sеmаsіа - мағына, lоgоs - сөз, ілім) – Европалық тіл білімі дәстүрінде: лексикалық семантиканы, яғии сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын зерттейтін тіл білімінің бір тарауы. Сөз тіл білімінің барлық салаларында зерттеу нысаны бола алады. Сөз – заттар мен құбылыстардың, олардың қасиеттері мен қимыл-қозғалыс, іс-әрекеттерінің атауы. Әрбір атау қоғам таныған, әбден қалыптасқан белгілі бір ұғымды білдіреді. Сөз жеке тұрып та, басқа сөздермен тіркесіп те білгілі бір ұғымға ие бола отырып, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырады. Сондықтан да ол лексикалық бірлікке ие. Тілдегі сөздердің бәрі белгілі дыбыстардан тұрады. Сөз – дыбыстық құрамның жиынтығы. Сөздің сыртқы дыбыстық жағы, екіншісі – сөздің ішкі мазмұны. Сөздің сыртқы формасы бар жерде оның ішкі мазмұны да болады, ішкі мазмұн бар жерде оның сыртқы формасы да болады. Яғни сөздің сыртқы формасы – оның материалдық көрсеткіші. Сөзді жасайтын дыбыстар тілдің фонетикалық заңдарына сәйкес қалыптасқан. Сөз кез келген дыбыстан емес, фонемалық дыбыстардың белгілі жүйеде келуі арқылы жасалады. Қазіргі тіл білімінде сөз табиғаты мынадай қасиеттерге ие: сөз құрылымының тұйықтығы. Дербес сөз және оның түсініктілігінің болуы үшін оның құрамына өзгеріс енгізуге болмайтындығы – оның тұйықтылығының, тұтастығының сақталынуы болып табылады; сөздің о баста зат я құбылысқа атау болып қалыптасуының себебін көрсету мүмкін еместігі; сөздің даяр күйінде жұмсалынуы, қайталанып келуі.
Қазіргі тілдік жағдаят, тек бірыңғай, жалаң тілдік семантикамен шектелудің жеткіліксіз екенін көрсетіп отыр. Олай дейтініміз, тілдік субъектінің (жеке адам, әлеуметтік жіктер, халық, ұлт) санасында екі бірдей семантикалық код-тілдік және мәдени семантикалық код бір-бірімен астасып, байланысып жатса, тілдік тұлғаның мәдени-тілдік құзіреті әлдеқайда жоғары болмақ. Бірақ, өкініштісі, қазіргі кезде субъектінің тілдік санасындағы мәдени семантика көмескілене бастады. Бұл жерде тілдік семантика дегеніміз, ашып айтсақ, тілдік бірліктердің сөздіктерде берілетін түсіндірмесімен сәйкес келетін тілдік ақпараттар жүйесі болып табылады. Ал мәдени семантика халықтың, ұлттың ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы беріліп келе жатқан дәстүрлі білімдер жүйесін құрайды. Лингвомәдени семантиканы анықтауда «адам және қоғам», «адам және табиғат», «тіл және қоғам», «тіл және мәдениет» принципі негізге алынады. Ұлттық тілдің құрамындағы этномәдени маркерлі лексиканың астарында мәдени семантиканы ашудың жолдары мен тәсілдерін білудің маңызы зор.
Сөздердің семантикалық табиғаты күрделі. Сөздердің қолданылуы қарым-қатынас ситуациясына тәуелді. Сөз актісінде сөздердің мағынасы статикалық күйде қалып қоймай, динамикалық сипатқа ие болады. Сөз қолданыста сөздердің, яғни тілдік жүйедегі виртуалды тілдік бірліктердің табиғаты мен сол тілдік бірліктердің вербалды қарым-қатынас кезіндегі табиғаты бірдей, тепе-тең болып, дәлме-дәл сәйкесіп отырмайды. Сондықтан жүйедегі бірліктер мен қолданыстағы бірліктердің мән-мағынасын ажырата қарап, саралап берудің тілтаным ғылымында айрықша мәні бар. Виртуалды тілдік бірліктердің вербалды қатынас кезіндегі табиғатын, қалай өзгергенін, неге өзгешеленетінін контекстік-семантикалық аяда айқындау, вербалды бірліктерді контекстік бірліктермен коммуникация аспектісінде салыстыру тілтанымдық тұрғыдан аса маңызды және өзекті деп білеміз. Сөз саптауда белгілі бір тұлғаның грамматикалық мағынасы мен қызметі сәйкес келе бермейді. Қазақ тілінде туыстық атаулардың кейбірі қаратпа болып жұмсалғанда, әрі номинатив, әрі қаратпа қызметте жұмсалады да, этикеттік қарым-қатынасты білдірудің арнайы амал тәсіліне айналады. Функционалдық тұрғыдан қарар болсақ, тәуелдік жалғауының қызметі сан алуан, ол тек «меншікті» мағынаны ғана білдіріп қоймайды, сондай-ақ қаратпа сөз типтерін жасайтын да қызметі бар деуге болады. Мұндай сөздерде тәуелдік мағына болмайды, бұл жерде тәуелдік мағына бейтараптанып (деактуализацияланып) сөз этикеттік тәсілге айналады. Этикеттік қызметтегі сөздердің, грамматикалық тұлғалардың өзінің дағдылы мағынасынан өзгеше мәнде жұмсалуы, яғни имплицитті мағынада жұмсалуы жиі кездеседі. Мұндай құбылысты коммуниканттар ескеріп отыруы қажет. Мұндай құбылыс тілдік құралдардың оралымдылығын, икемділігін көрсетеді.
|