Апта Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістемесі Вернуться в раздел апта Тақырып Жазылым үдерісі және плагиаттық пен одан сақтану жолдары Мақсат: Жекелеген жұмыс жасауға баулу. Зерттеу жұмысының жақсы жазылғандығын талдау



бет2/4
Дата14.12.2022
өлшемі23,03 Kb.
#57148
1   2   3   4
Байланысты:
Апта ?ылыми-педагогикалы? зерттеуді? ?дістемесі Вернуться в разд

Ғылыми әдебиеттерге шолу. Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау барысында студент өз алдында дербес жұмыс жасауы қажет. Студентке тақырып бойынша жеке ойлауына және өз бетімен ізденуіне мүмкіндік береді. Ғылыми бағытта жазылатын жұмыс сапасының артуына ықпал ететін бірден-бір фактор.
Жекелеген жұмыс жасау дегеніміз студенттің өз еңбегін өзге авторлардың байланыссыз, дербес жазылуы тиіс деген сөз емес.
ЖОО-да білім алудағы мақсаттың бірі – жақсы ғылыми білімді, көзқарасты, ойды, идеяны туғызу, дамыту және тарату. Жаңа білім кез келген уақытта және әр түрлі жағдайда бірнеше ғалымдардың бірге жұмыс жасауымен ғана туындауы мүмкін.
Студент зерттеу жұмысын жасау барысында:

  • Зерттеу сұрағын туындату және оған жауап беретін аргументтерді құруды білуі керек;

  • Өзгелердің жасаған зерттеуін жетілдіруі қажет;

  • Өз зерттеу жұмысын жоғары деңгейде жазуға, бағалауға ұсынуға, жетекшісімен талқылауға, өзге студенттермен тәжірибе бөлісуге тырысуы керек.

Мұндай үдерістің дұрыс жолға қойылып, орынды жүзеге асуы қашанда ғылыми жетекші маңызды орын алады.
Зерттеу жұмысының жақсы жазылғандығын қалай білуге болады?
Негізінен студенттер зерттеу тақырыбына сай материалдарды қолдану, тақырыпты ашуы, зерттеу сұрағына жауап беруі бойынша бағаланады. Академиялық бағытта жасалған жұмыс студенттер зерттеу сауалына жауап беруі үшін ақпараттарды қаншалықты тиімді қолдана алуына қарай бағаланады. Мысалы:

  • Студент сұрақты түсінді ме?

  • Студент осы тақырып бойынша өзге авторлардың ойын біле ме?

  • Студент өзге автор пікірлерін қаншалықты дамыта алады?

  • Өз ойына қатысты аргументтерді беру барысында ақпараттар мен идеяларды қаншалықты жинақтай алады?

  • Студент курсты оқу барысында үйренуге тиіс білімді меңгере алды ма?

Талаптар студенттің сыни ойлау деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Ал, сыни ойлау студенттің аргументтерді дәлелдеуінің қаншалықты сенімді немесе сенімсіз түрде жаза білуіне тікелей байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет