Апта Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістемесі Вернуться в раздел апта Тақырып Жазылым үдерісі және плагиаттық пен одан сақтану жолдары Мақсат: Жекелеген жұмыс жасауға баулу. Зерттеу жұмысының жақсы жазылғандығын талдау
№8 апта Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістемесі Вернуться в раздел 8 апта Тақырып 8. Жазылым үдерісі және плагиаттық пен одан сақтану жолдары Мақсат: Жекелеген жұмыс жасауға баулу. Зерттеу жұмысының жақсы жазылғандығын талдау. Жоспар: Жазба жұмысының уақытын үнемдеу. Жазба жұмысының уақытын жоспарлау. Жазба жұмысын мерзімінен бұрын аяқтау себебі. Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау. Жазба жұмысын қалай бастауға болады? Алғашқы нұсқа дегеніміз не және оны жазу үшін қандай шарттарды ескерген жөн? Тапсырма 1. Мына сұрақтарға жауап беріңіз: Мен нені зерттегелі жатырмын? Мен өзіме берілген І семестр уақыт ішінде тақырып бойынша не жаза аламын? Тапсырма 2. Топтастарыңызбен қай тақырып бойынша эссе жазуға болатынын, оған шамамен қанша уақыт ктетінін және әдебиеттерді қалай табуға болатыны жөнінде талдаңыздар. Ғылыммен айналысатын немесе зерттеу жұмысын жүргізіп жатқан кез келген адам өзінің күнделікті уақытын өзіне ыңғайлы етіп жоспарлап алады. Өзінің жұмысы мен атқаратын қызметіне байланысты жекелеген мақсаты мен міндеттері болады.
Академиялық бағыттағы мәтіндердің күрделігі мен құрылымына байланысты оларды жазуға деген уақыт тығыз болып жатады. Көптеген студенттер жазба жұмысының өткізілетін уақытының келіп қалғанын мүлдем байқамай қалады.
Жазылым барысында ең алдымен есте сақтайтын жайттардың бірі-жазба жұмысын мерзімінен бұрын аяқтау. Аяқталған жұмысты бірнеше уақыт өткен соң қайта оқу барысында, автор өзі жіберген қателер мен кемшіліктерді аңғаратыны сөзсіз.
Зерттеу дегеніміз не? Зерттеу дегенімізді қандай да бір сұраққа жауап беру үшін мәлімет іздеу деген қарапайым анықтамамен түсіндіруге болады. Кітап, жаңалықтар көру де зерттеу болып табылады. Академиялық бағытта жазылатын зерттеулердің өзіне тән ерекшелігі болады. Академиялық бағытта жасалған зерттеу жұмыстары өзінің зерттеу сұрақтарына, мақсатына, пәніне, бағытына қарай әр түрлі болуы мүмкін. Ғылыми әдебиеттерге зерттеу жасалынады.