Апта Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әдістемесі Вернуться в раздел апта Тақырып Жазылым үдерісі және плагиаттық пен одан сақтану жолдары Мақсат: Жекелеген жұмыс жасауға баулу. Зерттеу жұмысының жақсы жазылғандығын талдау



бет3/4
Дата14.12.2022
өлшемі23,03 Kb.
#57148
1   2   3   4
Байланысты:
Апта ?ылыми-педагогикалы? зерттеуді? ?дістемесі Вернуться в разд

Зерттеу үдерісі. Сонымен, зерттеу жұмысы белгілі бір тақырыпқа байланысты жазба үдерісінен тұрады. Зерттеу жұмысының тақырыбын алғаннан кейін, ең алдымен ол тақырыпты түсіну қажет. Тақырыпта қандай да бір түсініксіз тіркестер мен сөздер болса, олардың мағынасын түсініп алғаны жөн. 
Зерттеу жұмысының негізгі үдерісі мына жоспардан тұруы мүмкін:



  1. Зерттеу сұрағын айқындау

  2. Ақпарат алатын топты анықтау

  3. Жауапты қалай жинап алатыны туралы білу

  4. Сауалнаманы құру

  5. Сауалнаманы сынақтан өткізу

  6. Негізгі зерттеу жұмысын жүргізу

  7. Ақпараттарды талдау.

Зерттеу сұрағы. Студенттер үшін зерттеу жұмысын бастау барысында зерттеу сұрағын табу өте қиын. Дегенмен, зерттеу тақырыбына қатысты мәселені талдаса, студент өз жұмысының зерттелетін сұрағын түсінуі мүмкін.
Зерттеу сұрағын 2 бөлімге бөлуге болады:
1) Жұмыстың тақырыбы – бұл зерттеудің жалпы бағытын білдіреді.
2) Жұмыстың бағыты - тақырып бойынша қандай мәселені анықтау қажет екенін көрсетеді.
Мәліметтерді зерттеу. Зерттеу жұмысын жасау тақырыпқа байланысты материалдарды жинаудан басталады. Материалдарды, әдебиеттерді кітапханалардан табуға болады. Сонымен қатар, мәліметтерді ғаламтордан да алуға болады, кітапханаларда академиялық бағытта жазылған кітаптар мен ғылыми журналдарды қолдану әлде қайда тиімді.
Жоспарлау. Жұмысты сәтті аяқтау үшін әрқашан оны жоспарлап алған жөн. Академиялық бағытта жұмыс жасау қашанда жоспарлауды қажет ететін үдеріс. Академиялық жұмысты сәтті жазып шығудың бірден-бір жолы ең алдымен зерттеу жасау, жоспарлау. Егер тақырыпқа қатысты қандай да ақпарат жиналса, авторды «осы ақпараттарды қалай жүйелеу жақсы бағаланатын жұмысқа айналдыруға болады?» деген сауал мазалауы мүмкін.
Жоспар құрудың мынандай жолдары бар:

  • Ой шақырту

  • Топтастыру

  • Тізім жасау

  • Сауал қою.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет