IEA - International Association for the Evaluation of Educational Achievement білім беру жетістіктерін бағалау бойынша халықаралық ассоциациямен әр төрт жылда өткізілетін TIMSS - Trends in International Mathematics and Science Study Халықаралық мониторингтік зерттеу әлемнің 50-ден астам елдерінде математикадан және жаратылыстану ғылымдары бойынша даму тенденциясын бақылауға мүмкіндік береді
Зерттеу оқушылардың қабілеттерін емес, ол оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу қабілеттерін бағалауға бағытталған. Яғни бұл зерттеудің мақсаты – математика мен жаратылыстануды оқыту үрдістерін дамыту үшін зерттеуге қатысушы елдерді оқушылардың білім жетістіктері туралы салыстырмалы ақпаратпен қамтамасыз ету.