Апта Магистрант: Рсмаганбетова Г. М оқытушы: п.ғ. д.,профессор Қағазбаева Ә. К дәріс 3 Тақырыбы


Геометриялық фигуралар мен өлшемдер



бет4/4
Дата31.12.2021
өлшемі39,5 Kb.
#22220
1   2   3   4
Байланысты:
Рсмаганбетова Г.М-5апта-дәріс

Геометриялық фигуралар мен өлшемдер: нүкте, кесінді және бұрыш; фигуралардың жазықтықта және кеңістікте белгіленуі.


Сандар: натурал сандар; жай және ондық бөлшектер; бүтін сандар; қатынас, пайыз және пропорция.

Алгебра: тәуелділік; алгебралық өрнектер; теңдеу/теңсіздік және функция.

Геометрия: геометриялық өлшемдер; геометриялық фигуралар; фигуралардың орналасуы және қозғалысы.


Мәліметтердің берілуі: мәліметтерді үйлестіру және оқып-түсіну; мәліметтерді үйлестіру және беру.

Мәліметтердің берілуі: мәліметтерді талдау; мәліметтерді үйлестіру және беру; ықтималдылықтар.


Оқушылардың математикалық сауаттылығының деңгейі осы аталған мазмұнды бөлімдерімен қатар «математикалық құзыреттiлiктiң»
даму деңгейімен сипатталады. Оқушылардың математикалық құзыреттiлiгi зерттеуде «тұлғаның математикалық бiлiмдерінің, біліктілігінің, тәжірибесінің және қабілеттерінің үндесуімен» анықталады.

Халықаралық TIMSS зерттеуінде үш математикалық құзыреттiлiктiң деңгейлерi қарастырылады: білім деңгейi, қолдану деңгейі, тұжырымдау деңгейi.

Білім деңгейі

Қолдану деңгейі

Ойлау деңгейі

оқушылардың терминдерді, сандардың қасиеттерін еске түсіру арқылы суреттеу; есептеу; график пен кестеден мәліметті алу; құралдарды қолдану; классификациялау, математикалық объектілерді тану қабілеттері бағаланады.


нәтижелі шешу тәсілін таңдау; математикалық ақпаратты көрсету; модельдеу; тізбек тапсырмаларды орындау; стандартты есептерді шешу қабілеттері бағаланады.


объектілердің арасындағы тәуелділікке анализ жасау; қорытындылау, әр түрлі шешу жолдарын синтездеу; дұрыс/бұрыс айтылғандарды дәлелдеу; стандартты емес есептерді шешу қабілеттері бағаланады.


Бұл зерттеулер қатысушы елдерге оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелеріндегі қозғалысты, білім беру жүйесіндегі болып жатқан өзгерістерді бақылауға, жүргізілген реформалардың салдарын анықтауға мүмкіндік береді.

TIMSS жобасындағы есептер түрлерінің форматы -тест түрінде келеді. Ашық тест және жабық тест түрлері қолданылады.

Халықаралық зерттеулерде оқушыларға қазақстандық мониторинг зерттеулерiне тән типтік математикалық есептер ұсынылмайды. Бұл зерттеудегі математикалық тапсырмалар нақты өмірлік мәселелерге жақын, қоршаған өмірдің түрлі аспектілерімен байланысты және өз шешiмдерi үшiн 18 математикалық талдауды талап ететiн, мектептiң өмiрi, қоғам, оқушының жеке өмірі, кәсiби қызметi, спорт және т.б. туралы мәлiметтер ұсынылады.



Төртінші сынып оқушыларына арналған TIMSS зерттеу тестілерінде математикадан 175 тапсырма және 172-жаратылыстанудан, 8- сынып оқушыларына математика мен жаратылыстанудан 217 тапсырмадан ұсынылған.

  1. сынып оқушысының тест буклетінің әр нұсқасы 44-тен 50-ге дейін, сегізінші сынып оқушысында 55-тен 60-қа дейін жауаптардың әр түрлі түрлері болуы мүмкін. 4-сыныптарда барлық тест буклетін орындауға 72 минут бөлінеді, сегізінші сынып оқушыларына тест тапсырмаларын орындауға 90 минут бөлінеді.TIMSS бағалау технологиясы тесттік тапсырмаларды оқушылардың дайындық деңгейі бойынша төрт деңгейге бөледі, олардың әрқайсысына белгілі бір мөлшерде балл тағайындалған.

төмен

ілгерілеу

орта

жоғары

400

475

550

625

Жабық түрдегі тапсырмалардың дұрыс жауаптарын халықаралық сарапшылар 1 баллға бағалайды. Ашық түрдегі тапсырмалардың әр жауабы Бағалау бойынша нұсқаулыққа сәйкес арнайы код беру арқылы бағаланады. Осы нұсқаулық арнайы екі мағыналы кодты беру механизмін анықтайды – «дұрыс жауап», «жартылай дұрыс жауап», «қате жауап».

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет