Педагогика, педагогикалық іс-әрекет, оқыту, білім беру, тәрбие т.с.с. педагогикалық түсініктерге ұлы ғұламалар пікірлерін, нақыл сөздер, дәйексөздерді тізбектеп жазу.
Педагогика ғылымының дамуына үлес қосқан шетелдік, отандық ғалымдардың еңбектеріне кесте құру;
Отандық және шетелдік білім беру жүйесін салыстырып кесте құру;
Қазіргі таңдағы білім беру мен тәрбиенің өзекті мәселелеріне тезис құрастыру.
Білім беру туралы, Педагог мәртебесі туралы заңдарға талдау жасау (презентация)
А.С. Макаренко мен В.А. Сухомлинскийдің педагогикалық тұжырымдамаларына салыстырмалы талдау жасаңыз. Олара ортақ не және айырмашылығы неде?
Ойын технологиясын қолдана отырып «Білім беру мекемесіндегі өзекті мәселелер» тақырыбын ашу.
Педагогикалық шеберлікті дамытуға арналған жаттығулар дайындап, топқа жүргізу (жағдаяттық тапсырма, жаңылтпаштар, тест деген секілді);
Кредиттік оқыту жүйесі туралы кластер құрастыру;
Білім беру, тәрбие, оқыту туралы ғылыми мақала оқып, талдау жасау (резюме құрастыру);
Сабақты зерттеу (Lesson Study) топтарының жұмыс мақсаты тақырыбына реферат;
Қара жәшік әдісін қолданып топқа тапсырма дайындау;
Тәрбиенің бағыттарын тізбектеу және тәрбиенің әр бағытына анықтама беру.