13-апта тапсырмасы Орындаған: Дандибаева Б. О тексерген: Абенова. А тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларға инклюзивті білім беру. (13 апта)



Дата13.12.2022
өлшемі48,42 Kb.
#56879
Байланысты:
Балаларды ерте жастан 13-апта тап


13-апта тапсырмасы
Орындаған: Дандибаева Б.О
Тексерген: Абенова.А
Тақырыбы: Мектеп жасына дейінгі балаларға инклюзивті білім беру. (13 апта)

Инклюзивті оқытудың базалық құқық құжаты дамуында қандай да бір ауытқуы бар балаларға нәтижелі көмек құруға, оларды оқыту, тәрбиелеу, еңбекке және мамандыққа даярлау, бала мүгедектігін сауықтыруға бағытталған Қазақстан Республикасының мүмкіндіктері шектеулі балаларды «Әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзетімді қолдау» заңы болып отыр.

Қазақстанда және де басқа ТМД мемлекеттерінде бұл процестің құқықтық, ғылыми, оқу-әдістемелік, тәжірибелі мамандармен жетік қамтамасыз етілуі қарастырылмаған. Сондықтан, барлық балаларды жалпы білім беру процестеріне толық енгізу және әлеуметтік бейімделуге, жасына, жынысына, шығу тегіне, дініне, экономикалық статусына қарамай, балаларды айыратын кедергілерді жоюға; отбасыларын белсенді қатыстыру, баланың дұрыс дамуына педагогикалық және әлеуметтік қажеттіліктерін арнайы қолдау, баланың ғана емес, ортаның балалардың жеке ерекшелігіне және білімдік қажеттіліктеріне бейімделуі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.


Жалпы мұның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беру мектептерінде білім алуына жағдай жасай отырып, олардың дамуына саналы әрекет ұсына отырып, қол ұшын созу.

- жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру арқылы әлеуметтік-педагогикалық кәсіби қызметін дамытып, дарытуға мүмкіндік беретін болашақ мұғалімдердің құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту.

- балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру;

- арнайы қажеттілігі бар балалар үшін мектептерде, мекемелерде жағдай туғызып, оларды жалпы білім беру жүйесіне қосу.

Ал, психикалық дамуының негiзгi бұзылыстары интеллектуалды даму деңгейi, яғни, зейiнi, есте сақтауы, ойлауы, кеңiстiктi бағдарлауы төмен болып келедi. Осы себептерге байланысты психикасы дамуы тежелген (ПДТ) балалардың оқу үлгерiмi төмен болады. Бұл балалардың оқуға үлгермеушiлiгi жетi-сегiз жастан анық байқалады. Ата-аналары көмекші не арнайы мектептер мен мектеп-интернаттарға, психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен коррекциялық-түзету сыныптарына кемтар балаларын бергісі келмеген жағдайда жалпы білім алатын мектептерде ПМПК-ның ұсынысы бойынша жеңілдетілген бағдарламамен оқытуына толық құқылары бар. Жалпы білім беретін мектептер мен бала бақшалар ПМПК-ның қорытындысы бойынша көрсетілген, яғни, баланың деңгейіне қарай жеңілдетілген бағдарламамен кемтар балаларды тәрбиелеуге және инклюзивті оқытуға дайын болғандары жөн. Инклюзивті оқытуға жалпы мектептерде арнайы (психологы, әлеуметтік мұғалімі, олигофрено мұғалімі, логопед) мұғалімдер болмаған жағдайда, тәрбиешілерді, бастауыш сыныптың мұғалімдерін, қазақ тілі мұғалімдерін арнайы курстарға жіберіп оқытуға болады. Аудандық білім беру бөлімдері облыстық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтының мамандарын шақыртып, келісім-шарт негізінде арнайы курстарды жергілікті жерде де ұйымдастыруларына болады. Егерде мектептерде кемтар балалар аз болған жағдайда, мұғалімге жұмыс жасаған сағатына қарай ақша төленеді. Бұл екінші жағынан тәрбиеші, бастауыш сыныптардың және қазақ тілі мұғалімдеріне уақытша болса да қосымша табыс табудың көзі ашылады. Егер бала көмекші бағдарламаны толық игерген болса, оған арнайы куәлік беріледі, ал игермесе, анықтама ғана алады. Егер ата-анасы баласын арнайы мектеп- интернатқа жібергісі келмесе, жергілікті жалпы мектепте мүмкіндігі шектеулі баланың мүмкіндігіне қарай, жеңілдетілген бағдарлама бойынша, инклюзивті оқытуға міндетті. Тоғыз класты бітірген соң арнайы куәлік беріліп, кәсіптік лицейлерге жіберіледі.

Инклюзивті оқыту – ерекше мұқтаждықтары бар балалардың жалпы білім беретін мектептердегі оқыту үрдісін сипаттауда қолданылады. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр. Тәжірибе көрсеткеніндей, қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті оқыту – барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді; оқушылардың тең құқығын анықтайды және ұжым іс-әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді; адамдармен қарым-қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында, типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды. Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда білім алуды интегралдау, инклюзивті білім беру сияқты, еліміздің білім беру жүйесіне интегралдау инновациясын енгізу әдістерін ауыстыру қажеттілігі туралы сұрақ туындайды. Инклюзивті білім беру интеграция проблемасын жүйелі түрде шешуді қажет етеді, яғни интеграция процесіне тікелей немесе жанама қатысты барлық ішкі жүйені (білім беру, әлеуметтік, нормативті-құқықтық, экономикалық) мемлекеттік, аумақтық және муниципалдық деңгейде келтіріп шешім қабылдау. Шындығына келгенде, Қазақстанда екі жүзжылдықтан бері білім берудің интеграциясы негізінен экстрополяция әдісімен, яғни шетелдерде өзін жақсы жағынан көрсеткен интеграциялаудың түрлері арқылы жүзеге асырылып келеді.

Қазіргі кезде инклюзивті білім беруге, қымбат жоба ретінде материалды кепілдік жоқ. Ол көпшілік мектептерде арнайы білім беру жүйесін сақтап, оны жақсарта отырып, арнайы сертификатталған білім беру ортасын бір уақытта құруды қарастыруы қажет деп санаймыз. Инклюзивті білім беру идеясының негізінде таңдау құқығы болуы тиіс. Яғни көпшілік немесе арнайы мектепті таңдауы үшін олар бір-бірінен кем болмауы қажет. Елімізде білім берудің басқару құрылымы инклюзивті білім беруді қаражат көзін үнемдеу деп қарастырады, яғни көпшілік мектептеріне мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қосып, көптеген арнайы білім беру мекемелерін жауып тастау. Бұл процесс инклюзивті білім беру идеясын бұрыс түсіндіріп, елдің көптеген аймақтарында жүзеге асып келеді, мұны тоқтату мүмкін емес. Көпшілікке білім беру жүйесіндегі арнайы сертификатталған ортаны құру проблемасы да мұнымен тікелей байланыста, сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі балалардың арнайы сапалы білім алу құқығын қадағалайтын құралдар болады. Білім беру ортасын сертификаттау мүмкіндігі шектеулі балалардың адрестерін еңгізуде көпшілік мектептерінің жауапкершілігін арттыруы қажет. Өйткені «инклюзия» мектептерінің администрациясына тек мүмкіндігі шектеулі балалардың саны ғана керек (яғни – олардың артынана келетін қаражат көздері) .

Республикамызда балалар білім алу үшін жағдай жасаудың басым бағытына қатысты келесідей бағыттар бар.

Бірінші бағыт – балалардың дамуындағы кемшіліктерді тауып, жастық кезеңнен бастап түзету-педагогикалық жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады. Мектепке дейінгі уақтылы көрсетілген көмек жалпы білім алу ортасында оқуға баланың негізгі кемшіліктерін түзетуді қамтамасыз етеді. Республикадағы арнайы білім беру жүйесінің бастапқы буыны баланың оқу, әлеуметтік және медициналық қызметтерін алуға құқығын орнататын, психологиялық, медициналық және педагогикалық консультатиция болып табылады. (бір ПМПК балалардың 60 мың тұрғындарға ашылады).

Бүгінгі таңда елімізде 56 облыстық, қалалық және аудандық, соның ішінде бір республикалық ПМПК жұмыс істейді.

Екінші бағыт – барлық деңгейдегі балаларға олардың психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, білім алу құқығын жүзеге асыру үшін вариациялық жағдайлар құру болып табылады.

Қазіргі уақытта республикамызда мүмкіндігі шектеулі балалардың оқуын ұйымдастыру үшін арнайы білім беру ұйымдарының дифференциалданған желілері бар. Оған түрі мен типіне байланысты арнайы білім беру ұйымдары, жалпы типтегі бала-бақша жадындағы топтар және жалпы білім беру мектептеріндегі арнайы сыныптар кіреді: жалпы типтегі 35 арнайы бала-бақшаларда және 228 бала бақша жадындағы арнайы топтарда 10 мыңнан астам мектепке дейінгі балалар тәрбиеленіп білім алуда.

Мектеп жасындағы дамуында 8 негізгі түрі және типінен кемшіліктері бар балалардың 24 мыңнан астамы жалпы білім беру мектептер жадындағы 820 арнайы сыныптарда және 101 түзету мектептерінде білім алуда.

Ағымдағы жылы дамуындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытуды ұйымдастыру мақсатында арнайы жалпы білім беру типтік бағдарламалары құрылғын. (ҚР ғылым және білім министрлігінің 2009ж. 8 маусымнан № 8 бұйрығы). Балалардық психофизикалық дамуында оқушылардың танымдық мүмкіндіктері және келесідегіде вариативті оқыту қарастырылады:

1) танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас шамасына сәйкес келетін, сенсорлық, сөйлеу, қозғалғыш қасиеттерінің бұзылуы бар балалар үшін мемлекеттік жалпы білім беру стандартына сай болатын білім;

2) танымдық мүмкіндіктерінің деңгейі жас шамасына сәйкес емес, психикалық дамуының кешеуілі, қозғалтқыш дене мүшелерінің бұзылуы, сөйлеу және сенсорлық қасиеттерінің бұзылуы бар оқушылар жеке оқу жоспарлары бойынша, қысқартылған оқу бағдарламалары арқылы білім алуды жүзеге асыру;

3)жекешелендірілген бағдарламалар (ауыр дәрежедегі ақыл-есі кем және көптеген ауытқулары бар балалар үшін) және интеллектуалды ауытқулары бар балалар үшін арнаулы бағдарламалары бар мектептерде білім алуды жүзеге асыру.

Мемлекеттік білім беру бағдарламасын дамыту саласында бұл деңгейдегі балалардың білім сапасын көтеру және жақсарту мақсатында 2005-2010 жылдың 2-ші кезеңінде келесідегі мәселелер қарастырылған:

Мүмкіндігі шектеулі балаларға медико-педагогикалық және әлеуметтік көмек жүйесін тиімді дамыту интегралды білім берудің принциптері мен идеясын жүзеге асыру болып табылады. Оның құралдары балаларды бөлектеу және өздерінің олқылығы туралы тұрақты көрініс табу емес, мүмкіндігі шектеулі балаларды дені сау балалар ортасына қосу, біріктіріп оқыту, бос уақытын бірге өткізуді ұйымдастыру және оларға өзара көмек көрсету арқылы шешілетін, әлеуметтік өмір траекториясының құрылымын жасау болып табылады. Мысалы, Шығыс Қазақстанда, Алматы және Астана қалаларында ертеректе оқуға жарамайтын және білім алуға, өз жасындағы балалармен араласуға мүмкіндігі жоқ болған, орташа және ауыр деңгейдегі ақыл-есі кем балалар үшін интеллектуалды кемшіліктері бар балаларға арналған мектептерде арнайы сыныптар ашылған.

Сонымен қатар сауықтыру орталықтарында, түзету мектептерінде және бала –бақшаларда күрделі құрамалары және басқа да дамуындағы ауытқушылықтары бар, ерік-сезімдік өрісінде бұзылысы анық көрінетін балалар үшін эксперименттік топтар және сыныптар ашылған.

Қазақстан Республикасындағы арнайы білім беру ұйымдарының жетіспеушілігі арнайы мектептердің тұрғылықты жерлерден алшақтағы дамуында ауытқуы бар балаларды жалпы білім беретін мектептерде оқытуға мәжбүр етеді. Бірақ бұл жерде ата-аналарының білім беру ұйымын еркін таңдау құқығы мен баланың отбасында болу құқығы туралы ерекше айту қажет.

Соңғы кездері Қазақстанда дамуында ақыл-ойы және дене ауытқулары бар балаларды жалпы білім беретін мекемелерге оқыту тәжірибесі қалыптасқанын байқауға болады. Жалпы білім беретін бағдарлама бойынша мектептерде оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы педагог, психолог, әлеуметтік педагогтің қолдауынсыз білім алуда. Жалпы мектептердің психологтары мен мұғалімдері мүмкіндіктері шектеулі балалардың олардың білім алу қажеттіліктеріне білікті көмек көрсете алмайды. Мұғалімдерді ЖОО - ның дайындық арнайы психологиямен педагогика білім алуды көздемейді. Нәтижесінде балалар оқытудың бірінші сатысынан ақ қиыншылықтарға тап болады. Мұғалімдер бұл қиыншылықтарды субъективті талдап дамуындағы кемістіктерін күрделендіреді. Мұндай интеграцияның салдарынан балалар жалпы білім беру процесі жағымсыз көрініске ие. Жалпы мектептерінде біріктіріп оқыту процесі өз бетінше, ретсіз дамуын жалғастырған.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. Әлеуметтік экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыттары. ҚР-ның Президенті –Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы // Егемен Қазақстан. 2012ж, 28 қаңтар.

2. 2011 – 2020 жылға арналған Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламасы // Егемен Қазақстан, 2010, 18 – маусым.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет