Апталардың сұрақтары


Саяси көшбасшылықтың сипатын айқындайтын факторлар



бет20/25
Дата03.02.2023
өлшемі62,76 Kb.
#65061
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25
Байланысты:
Апталарды с ра тары

Саяси көшбасшылықтың сипатын айқындайтын факторлар.

Көшбасшы («лидер» ағылшынның «басты» деген сөзінен алғанда) – сол бірлестіктің мүддесін қанағаттандыруға бағытталған бірлескен қызметті біріктіру мақсатында басқаларға ықпал етуге қабілетті адам. Көшбасшыға тән қасиеттер:
Жауапкершілікке және бастаған ісін аяқтауға күшті ұмтылысы;
Мақсатына жету жолындағы күш қайраты;
Бастамашылдығы;
Өзіне-өзінің сенімділігі;
Айналасындағылардың мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал ету қабілеті;
Іс-әрекетінің және шешімдерінің салдарын «өзіне» қабылдау қабілеті;
Топтық фрустрацияға және ыдырауына қарсы тұра алатын қабілеті.

  1. Саяси көшбасшылықтың дамуындағы жаңа үрдістер.

Саяси көшбасшының атқаратын қызметтері - қоғамның түбегейлі құндылықтары мен арман-аңсарлары негізінде әр түрлі топтардың басын біріктіріп, мүдделерін үйлестіру, топтастыру; халықтың, топтардың қажеттіктерін өтейтін және қарыштап алға басуға мүмкіндік тудыратын саяси бағыт-бағдарлама жасау; қоғам алдындағы мақсаттарды жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін айқындау; халықты ынталандыру арқылы қажетті өзгерістерді іске асыру; жұртшылықпен, әр түрлі ұйым, топтармен тығыз байланыс жасау негізінде өзін-өзі саяси ұйымдастырудың тұрақты түрлерін қамтамасыз ету; әділдіктің, заңдылықтың, тәртіптің кепілі болу.

  1. Мемлекет қоғамның саяси жүйесінің негізгі институты ретінде.

Мемлекет қоғамның саяси институты ретінде мынадай белгілер арқылы сипатталады, осы белгілері арқылы оны басқа қоғамдық ұйымдардан ажыратуға болады:
1. Территориялық бөлінуі-бұл мемлекеттің материалдық негізі. Мемлекет территориясына жер ғана емес, оның қойнауы, ауа кеңістігі, территориялық сулары жатады.
2. Ерекше өкімет аппараты.Құлдық дәуірде құл иеленушілер мен құлдар арасында тапкүресі күшейді. Азғана құл иеленушілерге мыңдаған құлдарды бағындыру үшін ерекше өкімет аппараты керек болды. Оған қазіргі кезде қарулы әскер, полиция, сот, барлау, шіркеу, баспасөз және т.б. жатады.
3. Мемлекеттің егемендігі,яғни ішкі және сыртқы істерін атқаруға толық тәуелсіздігі мен дербестігі .
4. Күш қолдану , зорлықпен еріксіз көндіру.Ол қылмыс жасағандарды еркінен айрудан бастап, оны өлім жазасына дейін кесе алады.
5. Салық салу.Орасан зор мемлекеттік аппаратты ұстап тұру үшін халықтан салық жинау.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет