Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады



Pdf көрінісі
бет3/4
Дата03.03.2017
өлшемі10,6 Mb.
#6334
1   2   3   4

Әйгерім ӘЛІМЖАН, 

журналистика факультетінің 

аға оқытушысы

Мәңгілік ел жастары



«Сөздің ұлысы - тарих», - деп Ахмет 

Байтұрсынов айтқандай, тарихтан 

ұлағат, өткеннен өнеге алмай 

болашақтың жарқын болмасы анық. 

Сол себепті де кемел келешекке 

ұмтылған «Мәңгілік ел» жастарының 

тарихтан тағылым алып, ұлы 

даланың нағыз ұландары болып 

қалыптасуы мақсатында жуырда 

«Мәңгілік ел» идеясы аясында №10 

Студенттер үйінде тарих, археология 

және этнология факультетінің 

«Мұрағаттану, құжаттану және 

құжаттамамен қамтамасыз ету» 

мамандығының 1-курс студенттері 

арасында «Ұлы дала ұландары» атты 

интеллектуалды ойын өтті.

Сайысқа қатысқан әрбір топ өздерін 

таныстыру барысында өлең шумақтарын 

өрбітіп, көрерменге көтеріңкі көңіл-күй 

сыйлады. «Сұңқар», «Болашақ», «Жалын», 

«Жас тұлпар» деген топ аттарынан-

ақ студенттердің еліне, жеріне деген 

махаббатын, патриоттық рухын, жеңіске 

деген құлшынысын байқауға болады. 

Сайыс жалпы 4 кезеңнен тұрды. Бірінші 

кезең студенттерді сергітіп алу мақсатында 

ойын түрінде өткізілді. Қатысушылар 

санына қарай алдын ала дайындалған 

 

шарлардың ішіне сұрақ жазылған 



парақшалар салынды. Сұрақпен қоса әрбір 

шарда 1 данадан тәтті кәмпиттер болды. 

Қатысушылар өзіне ұнаған шарды таңдап 

алып, ішінде жасырылған сұрақтарға жауап 

берді. Дұрыс жауап берген топ сол шардың 

ішіндегі тәтті кәмпиттерді иеленді. Ал, 

егер бұрыс жауап берсе, орнына басқа топ 

мүшелері жауап беріп қарсыластарының 

кәмпиттерін өз қоржындарына қосып 

отырды. Бұл кезең соңында топтар кәмпит 

санына қарай ұпай иеленді.

Екінші кезең «Қазақстан тарихына» 

арналды. 3 деңгейлі сұрақтарға жалма-

жан, таласа жауап берген студенттер өз 

тарихын өте жақсы білетінін дәлелдеді. Бұл 

кезеңде топтар сұрақтардың деңгейлеріне 

қарай ұпай алып отырды. Екінші кезең 

аяқталғаннан кейін ұпайы аз топ ойыннан 

шығарылды.

Ал, үшінші кезең логикалық сұрақтар 

кезеңі болды. Біраз ойлануды талап 

ететін кезең де қатысушыларға қиындық 

тудыра қойған жоқ. Логикалық сұрақтар 

нәтиежесінде көп ұпай жинақтай алмаған 

тағы бір топ ойыннан шеттетілді.

Соңғы төртінші кезеңде 2 топ қана 

сайысты. Топ басшылары бұл кезеңде 1 

минут ішінде қанша сұраққа жауап берсе, 

топ қоржынына сонша ұпай қосылып 

отырды. Сұрақтар «Қосалқы тарихи 

пәндерден» қойылды. Бұл шешуші, 

талас-тартысқа толы кезең болды. 2 топ 

та бір-бірінен қалыспай, бірдей ұпай 

жинақтауына байланысты қатысушыларға 

қосымша сұрақтар қойылды.

Сайыс соңында ұпай сандарын есептеу 

нәтижесінде жеңімпаз топ анықталды. 

«Сұңқар» тобы интеллектуалды ойын 

жеңімпазы болып табылды. Ойын 

соңында қатысушылар мақтау қағаздары 

және кітаптармен марапатталды.

Мәңгілік елдің жастары тек өз тарихын 

біліп қана қоймай, сонымен қатар, 

қосалқы тарихи пәндерден де жеткілікті 

дәрежедегі білімге ие болуы қажет деген 

ой бұл іс-шарада негізгі мақсат болды. Ұлы 

дала ұландарын тәрбиелеуде осындай іс-

шаралар жиі-жиі өткізіліп тұруы өте қажет 

екендігіне тағы да бір рет көзіміз жетті. 

Тұрғанжан ТӨЛЕБАЕВ,

 тарих ғылымдарының докторы, 



профессор;

Дінмұхамед БАЛҒАБЕК,

Айдана САЙФУЛЛА

1-курс студенттері

Жуырда Экономика және 

бизнес жоғары мектебінде 

«НСОФ» ғылыми үйірме жұмысы 

аясында қаржы кафедрасының 

оқытушылары және «Қаржы» 

мамандығының 3-курс 

студенттерінің ұйымдастыруымен 

«Брейн-Ринг»  интеллектуалдық 

ойыны өткізілді. 

Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың 

«Еліміздің келешегі – жастардың 

қолында» деген сөзі жастарымызға зор 

жауапкершілік жүктелетінін айқын 

көрсетеді. Бүгінгі ұрпақ ел ертеңі екенін 

үнемі жадында сақтайтын жастар 

Елбасымыздың  бағыт-бағдар берген 

сара жолымен ілгері басып келеді. Ол 

үшін жастарымыз талапты да тапқыр, 

талғампаз да терең ойлы, жан-жақты 

болуы керек. Бұл сайыстың мақсаты да 

сол, қатысушы факультет студенттерінің 

жан-жақтылығын, озық ойын, терең 

білімін  көрсету болып табылады. Тек қана 

экономика саласында ғана емес, әр түрлі 

бағытта өз білімдерін саралай білуі тиіс.

 Бұл сайысқа Экономика және бизнес 

жоғары мектебінің 6 мамандығының, 

атап айтқанда, «Есеп және аудит», 

«Экономика», «Менеджмент», 

«Маркетинг», «Мемлекеттік және 

жергілікті басқару», «Логистика» 

мамандықтарының 2-курс қазақ тобының 

студенттері қатысты. 

Интеллектуалдық ойын 4 кезең 

бойынша тартысты түрде өтті. 

Нәтижесінде сайыс жеңімпаздары 

«Мемлекеттік және жергілікті басқару» 

мамандығының студенттері «Ең 

таңдаулы экономист» атағын жеңіп алды 

және сыйлыққа кинотеатрға билеттер 

берілді.   Қатысқан өзге командаларға 

әр түрлі номинациялар беріліп, бағалы 

сыйлықтармен марапатталды.   

Д. САДЫХАНОВА,

қаржы кафедрасы меңгерушісінің 

орынбасары;

Қ. ҚЫДЫРМОЛДАНОВА, 

3-курс студенті 


7

№17 (1610) 24 мамыр 2016 жыл

ж е з   қ о ң ы р а у



ҚазҰУ-да Аманжол Қалыш Боранбайұлы еңбектерінің тұсаукесері өтті

ҚАЛЕКЕС ЖАНСАя САЛАМАТҚЫЗЫ –

1996 жылы 18 мамырда Aтырау облысы, 

Исатай ауданы, 

Зинеден селосында дүниеге келген. 2013 жылы 

Ю. Гагарин атындағы орта мектебін «Aлтын 

белгіге» бітірген. 

Қазіргі уақытта  әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ-дың филология және әлем 

тілдері факультетінің 3-курс студенті, 

университеттік деңгейдегі «1-курс 

таланттары», «Студенттік көктем» 

байқауларының жүлдегері  

                        САҒЫНЫШ ШЕРІ

Сағым далам...

Үндесетін жүрекпен дамылдаған,

Бір өзіңмен тынысым тарылмаған.

Жан бар ма екен шалғайдан шаң жұтқанда,

Туған жердің түтінін сағынбаған.

Қайран, ауыл! Дарытқан алмастығың,

Сені аңсаумен көңілде алжасты мұң.

Айқындадың беймәлім тіршілікте,

Дарынның тектен-текке жанбастығын.

Асау сезім жүректен алып ұшқан,

Жырымнан жырым туып жаңылысқан.

Біле білсең, о, достым, мұның бәрі,

Кеудедегі сарқылмас сағыныштан.

Мұндай күйді басымнан кешпеген ем,

Тасып өстім еркелеп ес білгеннен.

Ауылы алыс балалықты аңсап жүрмін,

Керемет кез хабарсыз ештеңеден.

Арасында өскен ем лала гүлдің,

Балалықтың буымен шала күлдім.

Самаурыны қайнаған ауылымды,

Мен әлі де сағынып жүрмін. 



                       СОңҒЫ МАЙДАН

    ( ҰЛЫ ЖЕңІСТІң 70 ЖЫЛДЫҒЫНА )

Сонау қырдан бір азалы үн естілді,

Мынау қырдан бір ғажап үн естілді.

Кеудесінде «Қазақ» деген жүрек бар,

Қаһарманды мына жұртым кеш түсінді.

Кеш білді.

41-де жанап өтті қазағымның маңдайын,

Намысы өр сарбаздарың қарсы тұрды әрдайым.

Боздақтардың арқасында бейбіт күннің орнауы,

Сол Жеңістің арқасында тақылдаса таңдайын.

Не білмеген? Не көрмеген? Мынау дарқан қазағым,

Халқың үшін өз көріңді өзің ғана қаза алдың.

Сұм соғыстың есіргенде жағадан ап жиі аты,

Махамбеттің жоқтауындай болып еді азалы үн.

Қаралы еді мынау аспан жадырайтын күн келмей,

Сарбаздарың ажал құшты араға бір күн бермей.

Жәутеңдеген сәби қалды жанарына жас тұнып,

Омырауынан анасының еміреніп те үлгермей.

Сол жылдары еске түссе қарт атамыз жылайтын,

«Жаратқаным, көрсетпе» деп көз жасымды бұлай тым.

Сосын келіп қуанатын, жанарында күлкі ойнап,

Ұлы Жеңіс қазағыма болғаны үшін бір айқын.

Қуан, Қазақ! Қуан, елім! Күлімдегін, жадыра,

Жеңіс туы берілді ғой мына сенің бағына.

Ұлы Жеңіс ұлы ұрпаққа ұран боп,

«Соғыс» сөзі еш баланың түспесе екен жағына.

Соңғы майдан!

Соңғы соғыс!

Соңғы өлім!

41-дің топырағына көмілгін.

70-ші тарауы да кеп қалды,

Ұлы Жеңіс! Жалғасы боп өмірдің.



                             ТУҒАН ЖЕР

Жүрмін жырақ,

Көкіректе қайнайды сансыз сұрақ.

Балалықпен жүрген ем, о, туған жер,

Топырағына бірде аунап, бірде құлап.

Қиырдасың...

Сенсіз білем қайғының тыйылмасын.

Бәрібір мен өзіңнің құлыныңмын,

Топырағың бұйырсын, бұйырмасын.

Жат қалада...

Дәрменім жоқ сырымды ақтаруға.

Төзіп келем басқалай күшім жетпес,

Бағбанын Жүректің басқаруға.

Келіп көктем...

Санамда сіркірейді жауын көктен.

Бір уыс топырағың бұйырса екен,

Арманмен арпалысып өліп кетсем.

Алматы, көктем.



                           СЫРЛАСУ

Қара түнек қаптап тұрды аспанды,

Көк көрінбей қап-қара түн басқан-ды.

Сөнді жұлдыз, қарс айырылды көкірек,

Бар қазақтың жанарынан жас тамды.

Осынау күн! Қалар енді мәңгі есте,

Қайран, қазақ! Еміренді, алды еске.

Ақ Жайықтың арда туған ақыны,

Кете барды. «Қош» деді де келмеске.

Қайғырды жұрт, ет жүрегі езілді,

Арқалы елден артықтау мұң сезілді.

Поэзияны «патша» көрген кейбіреу,

Қарқынымен сендік жырдың көз ілді.

Сағынды ел! Сенің саңлақ даусыңды,

Кете бардың, артқа тастап қанша үлгі.

Фаризаның поэзиясы өлген жоқ,

Қаламының сиясы тек таусылды.

Туған жерін, Нарын құмын қырдағы,

Басты беткей сол болатын жырдағы.

Туған үйден шыққан қара түтіндей,

Ауылдың да түрі осындай мұндағы.

Ерке жырың бақты елді есер ғып,

Өлеңіңнің өрнегі жоқ өшерлік.

Қазынасы қазағымның қара ауыл,

Қазық болса, қара өлеңмен өсер ұлт.

***


Апа, 

Жөнім жоқ-ау алдыңда иілмейтін, 

Кез жоғалмас «жарығым», «күнім» дейтін. 

Сен ғаламға күнәсіз өлең бердің, 

Өзгенің өзегінде тірілмейтін. 

Тірілмейтін өзгенің құшағында, 

Тәңірдің берген сыйын құшамын да. 

Вокзал біткен жатырқар сыңай беріп, 

Гүлің отыр арманның құшағында. 

Күдер үзбей бақыттың мекенінен,

Топыраққа сыр айтып кетемін мен. 

Есейдім бе, кеш ұқтым дей алмадым, 

Хабарсыз ем сезімнің не екенінен. 

Апа, 


Тас қала тас жүрек қып жіберді әбден, 

Елді аңсадым, не қалды мына қалден. 

Таяғыңның бір ұшын жеп өстім ғой, 

Бақытты балаңмын ғой, сірә, да мен. 

Апа, 

Тырысам ба өзіңнен бата аларға, 



Себеп таппай өзгеше аталарға. 

Қадірлі де сөз айтып жарытпаппын, 

Өзгеге «Мама» деуге бата алам ба?! 

Апа, 


Мен үшін күйің бөлек, сыйың бөлек, 

Сол атыңмен қадірлісің, шыным, демек. 

Құрсағыңда өлең боп оқылдым ғой,

Өлеңді де өзіңдей сүю керек! 

Өзіңді де өлеңдей сүю керек! 

     ШАТЫРСЫЗ КүН КЕШУ НЕМЕСЕ 

                          ДОСЫМА ХАТ

Мен Түнді жақсы көрем,

Себебі жоқ...

Тек аспанмен оңаша тілдесемін.

Жаңбырды да жазғырып керегі жоқ,

Мен, өйткені шатырсыз күн кешемін..

Күн кешемін, ол даусыз сезесің бе?

Сезесің бе? Бұлттардың жарысқанын.

Мен сені шақырамын, келесің бе?

Бір көрейік...

Түн Таңға ауысқанын.

Өкінішсіз, өкінішті ғұмырда,

Сезім неге, 

Сөзім неге жауапсыз.

Саған айтқым келген еді бұрын да,

Әттең, түсінбеуге таяпсыз..

Мен әлі жазбай жүрмін, 

Жаза алмадым отты өлең.

Көктен күтем жүректің тыныштығын.

Мен түсімде от көрем!

Ол маған көрсетеді бір ұшқынын.

Сен өлесің, мен де өлем,

Біз өлеміз!

Ақиқатын айтуда аспан маған.

Өтті бәрі, амалсыз тек көнеміз,

Көкіректі қайтейін, аспандаған.

Сезім үшін, өзім үшін,

Тіл тимеген у-дың да көбі ішілген.

Өмір сүр, өзгермеші, өзің үшін,

Бақ сұрадым, Тәңірден, сен үшін мен.

Ұқшы, бірақ жапырақ күрсінгенін,

Жылайды ол ақ қардың тасасында.

Бар адам бақытында жүрсін дедім,

Бар адам жақсылығын жасасын да.

Мұң өлсе де сұрарым Түн өлмесін,

Керек шығар сезімге тұрақтылық.

Өлеңімді оқырсың мен өлгесін,

Қабірімнің басында жылап тұрып.



13.12.15 04:35

                                     ***

Бүгін жауған аппақ қарға ұқсайтын,

Бүгін атқан аппақ таңға ұқсайтын,

Сіз сыйлаған мақпал түнге ұқсайтын,

Менде де бір ЖҮРЕК бар...

Нұрын төккен ақ жаңбырға ұқсайтын,

Өкінішсіз қыз-тағдырға ұқсайтын.

Жүректегі бар мұңыма ұқсайтын,

Менде де бір ҮМІТ бар...

Қар жасырған жапыраққа ұқсайтын,

Қар көмкерген атырапқа ұқсайтын,

Біз аңсаған махаббатқа ұқсайтын,

Менде де бір СЕЗІМ бар...

Қаңтар соққан ақ боранға ұқсайтын,

Жарқ-жұрқ еткен найзағайға ұқсайтын,

Бұзылмаған бір қамалға ұқсайтын,

Менде де бір МІНЕЗ бар...

Күзді өткерген таңдарыма ұқсайтын,

Көктемдегі арманыма ұқсайтын,

Айтылмаған сырларыма ұқсайтын,

Менде де бір ӨЛЕҢ бар...

Мен өлсем де, өлтірмейтін ӨЛЕҢ бар!

ТӘУБЕ!


10.12.15 22:10

                ОН СЕГІЗБЕН ҚОШТАСУ

Бүгін менің туған күнім десем де,

Құйылмай тұр ақ нөсердей жыр көктен.

Жасым менің келсе дағы нешеге,

Бұрынғыдай бола алмайды бұл көктем.

Бұл көктемім бола алмайды былтырғы,

Көктемімдей құбылмайды жаңаша.

Енді маған көрінеді бір түрлі,

Ойын қуып, жүгіру де балаша.

Он сегізде қалып қойды сезім де,

Бозбала мен бойжеткен боп ән салған.

Қайран, менің оқушылық кезімде,

Әр сөзіме базбіреулер тамсанған.

Сол бір уақыт көрсететін дара ғып,

Еншісінде қалып қойды өткеннің.

Он сегізбен бірге кетті балалық,

Сарқыты боп әткеншегі, көктемнің.

Келіп қалды ОН ТОҒЫЗЫМ қарсы ал деп,

Несін айтам? Айып болар сөккенім.

«Балалығым қош бол» деп мен айтам тек,

Жадымдасың ОН СЕГІЗІНШІ КӨКТЕМІМ.

                      АЛМАТЫҒА СЫР 

Жұбатқан қала. Тасытқан қала.

Мұңайтқан қала. Жасытқан қала.

Бұл қала маған өлең боп қалды,

Мекен боп қалды ғашықтарға да.

Мұныма менің сене алмасын кім?

Көтеріп жүрмін желкенін жырдың.

Мөлдір өлең боп бір күн туам да,

Көрінбей кетем, жоғалып бір күн.

Көрінбей кетем, сен мені күтпе,

Ақының да бұл қалмады түк те.

Өлеңім бірақ, өзіңе аманат,

Алматым менің, жырымды сөкпе.

Алматым менің! Қарашы маған,

Өлеңнің тусам қарашығынан.

Аңыз боп қалсам, себепші өзің,

Қарыз боп қалсам, боларсың,

Араша маған.

Көрдің ғой талай көктемнің баласынғанын,

Талай ақынның болды ма наласы әнің?!

Жалғызсыратпай отырам жағалауыңды,

Суын да мөлдір, алайда сезеді бәрін.

Сезеді бәрін көктемі тумысы бөлек,

Біреулер сені сөгеді-ау керексің бе деп.

Ақының жүрсе өзіңмен дос боп ұғысып,

Өлең де солай өзіңмен күн кешу керек!



Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

студенттері Жастар ұйымдарымен 

жұмыс жөніндегі бөлімінің 

ұйымдастыруымен «24 сағатта 

көшбасшы болудың жолдары» атты 

Көшбасшылар мектебінің семинар-

тренинг бағдарламасы бойынша оқу 

курсы аяқталды.

Оқу жылы аяқталып, қара шаңырақтағы 

жобалар мен іс-шаралар өз мәресіне жетіп 

жатыр. Сол секілді Жастар ұйымдарымен 

жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Асқар 

Әскеровтің жетекшілігімен үш айға созылған 

Көшбасшылар мектебінің  дәрістері 

жуырда қорытындыланды. Бес жылдан аса 

ғұмыры бар Көшбасшылар мектебі бірқатар 

көшбасшыларды дайындады. 

Бастапқыда студенттерге арнайы 

сауалнама ұсынылды. Мектептен дәріс 

алғысы келетін студенттердің барлығы 

қабылданып, оларға қызықты болатын 

тақырыптар сауалнамаға қарай іріктелді. 

Осы уақыт аралығында өз мамандарының 

білгірлері мен білімділер келіп, 

тәжірибелерімен бөлісіп жатты. «WikiBilim» 

қоғамдық қорының президенті, «Болашақ» 

шәкіртақысының иегері, университет 

түлегі Әлібек Қисыбай, ҚР Ұлттық банк 

ішкі аудиторы Сәбит Мәті, «HasLey» 

мектебінің негізін қалаушылар - Лейла 

мен Исмаил, TG group компаниясының 

серіктесі, TG Drive бағдарламасының 

негізін қалаушы Айсұлу Дүйсембаева, 

әлемдік университеттердің бестігіне енетін 

Мадридтің бизнес университетіне оқуға 

қабылданған, «Қазақстанда жасалған. 

Халық маркасы» дүкенінің негізін қалаушы, 

университетіміздің 4-курс студенті Рахима 

Ғазизова, «Qazaq brothers» фотостудиясының 

атынан 15 адамға тегін фототүсірілім, 

«ABRIS» тренинг орталығының директоры, 

коучер Ақан Мергембай мен арнайы 

өкілі Ескендір Бестай, т.б. азаматтар әр 

түрлі тақырыптарда ой қозғап, өскелең 

ұрпақпен өзінің идеяларымен бөлісіп, жаңа 

жетістіктерге ынталандырды. 

Айта кететін жайт, үш айға созылған 

дәріске қатысқан әрбір тыңдаушы жаңа 

тәжірибе мен білімнен бөлек, арнайы 

тосын сыйларға ие болды. Көшбасшыларға 

оқу курсын өткені туралы сертификаттар, 

демеушілер дайындаған арнайы сыйлықтар 

табысталды. Атап өтетін болсақ, «ABRIS» 

тренинг орталығының тренингіне тегін 

қатысу мүмкіндігі, «Motion Club» ойын 

орталығында PS4-ке жігіттерге арнайы 

сертификат, Kinopark кинотеатрлар желісіне 

20 билет, HasLey мектебі үш 100% тегін оқу 

курсы мен 50% оқу курсына сертификат 

және TG group 20000 теңгелік сертификат 

табыстады.   

Көшбасшылар мектебінен өткендердің 

көп бөлігі 1-курс студенттері болды, ал оларға 

қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беру - біздің 

басты мақсаттарымыздың бірі.  Елбасымыз 

айтпақшы, «Қазір бой жарыстыратын заман 

емес, ой жарыстыратын заман». 



Дәметкен АБДУЛЛАЕВА,

Жастар ұйымдарымен жұмыс 

жөніндегі бөлім маманы 

8

№17 (1610) 24 мамыр 2016 жыл

Бағасы келiсiм бойынша.

Таралымы 1000 дана

Тапсырыс: №

 Жарияланған мақаладағы автор пiкiрi редакцияның 

көзқарасын бiлдiрмейдi.

 редакцияға түскен қолжазба қайта рылмайды, үш 

компьютерлiк беттен асатын материалдар қабылданбайды.

 «қазақ университетiне» жарияланған мақала көшiрiлiп 

басылса, сiлтеме жасалуы мiндеттi.

 Жарнама мәтініне жарнама беруші жауапты.



ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

Әл-фараби атындағы 

қазақ ұлттық 

университетiнiң 

ректораты

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

бас редактор м.а.: 



Әйгерім ӘЛІМБЕКОВА

Жауапты хатшы –



 Дариға АМАнКЕЛДИЕВА

тілшілер: 



Қаламқас АМАнҚОСОВА, Елдана ТОҚБАЙ

Дизайнер – 



Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

фототілші –



Марат ЖҮнІСБЕКОВ

Корректорлар: 



Гүлмира БЕКБЕРДИЕВА, Қарлыға ИБРАГИМОВА

МЕКЕнЖАЙЫ:

050040, алматы қ., әл-фараби даңғылы, 71, 

ректорат, 11-қабат, №1104 бөлме.

байланыс телефоны:

377-33-30, iшкi: 11-94, 

тiкелей: 377-31-48.

Газет 1994 жылдың 7 ақпанында қазақстан республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнде 

тiркелiп, № 1242 куәлігi берiлген 

соңғы бет

Электронды мекенжай:



kazuniver-gazeti@mail.ru

Жақында әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университетінің 

халықаралық қатынастар 

факультетінде «Тура би» клубы 

және студенттер ғылыми 

қоғамының ұйымдастыруымен 

ҚР Халық жазушысы, 

Мемлекеттік сыйлықтың иегері, 

өз заманының жанашыры 

һәм қаһарманы, оқырман 

санасына сәуле сеуіп, жүрегіне 

жол тартқан бірнеше жүздеген 

шығарманың авторы – Қабдеш 

Жұмаділовпен кездесу кеші өтті. 

Газет редакцияның компьютер орта лығында терiлiп, 

беттелдi. “Бизнес-Информ“ баспаханасында  басылды

Тел:.2-93-09-09

Шараның басты сәні де, әрі де, себепкері 

де, сыншысы да, сыйлысы да Қабдеш ағаның 

өзі болды. Сұхбаттасу сәтінде кеш қонағы 

қазақ халқы көрген талай алмағайып заманды 

өзі мен өз замандастарының басынан 

кешірген оқиғалары арқылы әңгімелей келіп, 

бүгінгі буынның аяғынан тартып, шалғайына 

жабысқан бірқатар мәселелерді де ашып 

айтты. Жазушылардың қазіргі қоғамдағы 

орны мен беделі жөнінде де әңгіме өрбіді. 

Кездесуде жастардың тарапынан 

қойылған сауалдар және айтылған алғыстар 

мен лебіздер легі көбіне-көп жазушының 

жаңадан жарыққа шыққан кітабы – 

«Академиктің көз жасына» қатысты болды. 

Сөз жоқ, жинақтағы туындылар арқылы 

тарихымыздың таразыланбаған тұстарын 

классиктің көзімен, қазақ әдебиетінің көзі 

тірі классигінің көзімен көре алдық. Әр 

шығармадағы Имантайдың, жоқ, қазақтың 

Қанышы, Найманның келіні – Ақсұлу, 

көкжал батыр – Оспан, Әубәкір қарт, Әріп 

Тәңірбергенов есімдері қазақты, қазақтықты 

қайтадан тануға дем беріп, бүгінгімізді 

бағалауға, бүгіннің таңын атырған кешегі 

күнді, кешегі ерлікті, кешегі құрбандық пен 

адалдықты ұмытпауға қанаттандыра түседі. 

Бір сөзбен айтқанда, «Академиктің көз 

жасы» - ақиқаттың айнасы.

Сонымен қатар, қонақ ретінде қатысып, 

ыстық ықыласын жасырмаған С.Ж. 

Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық 

медициналық университетінің доценті 

Т.З.иЗайсанбаев сол қиын-қыстау кездегі 

Алтай қазақтарының халық әуендерін 

құдіретті қара домбырамен шырқап берді. 

Қазақтың жазирасындай дауыстан, қасиетті 

домбыраның күмбірінен кештің басты 

кейіпкері де, жиналған қауым да өз жанының 

жайлауын тапқандай, мейірлене тыңдады. 

 

Студенттер Халық жазушысына арнап жас 



жүректі жарып шыққан жырларын да паш 

етті. 


Кеш соңында қазақ әдебиетінің 

«дарабозына» «Тура би» клубының 

жетекшісі, аға куратор-ұйымдастырушы 

Гүлшат Уәбиденқызы өз алғысын білдіріп, 

факультетіміздің 20 жылдығына орай 

шыққан кітапты  факультет атынан ұсынды. 

Қабдеш Жұмаділовтің өз қолынан қолтаңба 

алып, бірге суретке түскен студенттер де 

қуаныштарын жасырмады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет