Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата03.03.2017
өлшемі12,97 Mb.
#6508
  1   2   3

Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады

www.kaznu.kz

БYгiнгi санда:

7-бет

2-стр.


АрдАгерлер 

кеңесінің орны 

ерекше

кАзАхстАнско-



бритАнское 

сотрудничество

«сұңқАр кубогының» 

жеңімпАздАры 

АнықтАлды

3-бет


Жалғасы 2-бетте

Сәуір айының алғашқы дүйсенбісінде 

өткен ректорат отырысында әл-Фараби 

атындағы Қазақ ұлттық университетінде 

жаңадан бой көтеріп, өзге бағытта ісін 

бастаған Қоғамдық денсаулық сақтаудың 

жоғары мектебі медицина факультетінің 

қызметі мен оқу ордамыздағы ғылыми-

зерттеу институттарының 2015 жылы 

атқарған жұмыстары басты тақырып 

ретінде қаралды. Ректорат мүшелерінің 

қатысуымен өткен жиналысты университет 

ректоры Ғалым Мұтанұлы ашты. Жиында 

Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары 

мектебі медицина факультетін таныстыру 

мақсатында ҚДСЖМ деканы Жанна 

Амантайқызы Қалматаева хабарлама оқып, 

ҒЗИ директорлары – Сергей Калугин мен 

Олег Лаврищев өткен жылдың қорытындысы 

жөнінде есеп берді. 

№ 13 (1606) 

5 сәуір

2016 жыл

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан 

Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына 

арналған дәстүрлі «Студенттік көктем – 2016» 

көркемөнерпаздар байқауы өз мәресіне 

жетті. Ғылым мен білім бәсекелерінде 

үздік ҚазҰУ студенттері өнер аламанында 

да мықты екенін тағы бір дәлелдеді. 

Екі мыңнан аса өнерпаз бақ сынаған 

байқауға өнер жұлдыздары қазылық 

етіп, үш кезең бойынша жеңімпаздарды 

анықтаған болатын. Аталмыш өнер сынында 

студенттер «Аспапта ойнау шеберлігі», «Ән», 

«Би», «Авторлық шығарма» секілді өнер 

түрлерінен сайысқа түсті. Кезекті өнер 

бәсекесінің нәтижесі бойынша 31 наурыз 

күні Ө. Жолдасбеков атындағы Студенттер 

сарайында жеңімпаздарды марапаттау 

салтанаты өтті. 

Жалғасы 8-бетте

Тәуелсіздігімізді алғашқы болып мойындаған Түркия – бүгінде еліміздің Еуразия құрлығындағы маңызды 

әрі сенімді әріптесі. Еңсемізді енді тіктей бастаған уақыттардан бері түбі бір түркіліктің негізінде қос 

ел ынтымақ пен берекенің керемет үлгісін көрсетіп келеді. 1990 жылдың желтоқсан айында екі ел 

арасында білім беру, ғылыми жобалар жасау, өзара тәжірибе алмасу, ортақ мәдени шараларды жүргізу 

жөніндегі келісімге қол қойылды. Бұл келісім ұзақ уақыт бойы үзіліп қалған мәдени байланысты қайта 

жандандырды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті басшылығының жуырда өткен Ыстамбұл 

университеті өкілдерімен кездесуі осы рухани байланыстың заңды жалғасы іспетті. 

Жемісті ынтымақтастық

Түркия елінен келген делегация құрамында Ыстамбұл 

университетінің ректоры, профессор Махмут Ак, осы 

ЖОО-ның проректоры, профессор Байрам Мерт Саврун 

мен университеттің бас хатшысы, профессор Метин 

Кучук болды.

Кездесу барысында негізгі мәселелер бойынша 

екі университет арасындағы ынтымақтастықтың 

даму жоспары, атқарылатын жұмыстардың бағыты 

қарастырылып, ықпалдастық жөніндегі меморандумға 

қол қойылды. Сондай-ақ, ҚазҰУ ректоры Ғалым 

Мұтанов ұлттық университетте Юнус Эмре атындағы 

мәдени орталықтың ашылатындығын жеткізді. 

Жоғары оқу орындарының арасындағы екіжақты 

қатынастардың қарқынды дамуы, әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университеті мен Ыстамбұл университеті 

ұстанымдарының ұқсастығы көпжақты ынтымақтастық 

мәселелерінің кең ауқымы бойынша өзара түсіністікті 

қамтамасыз етуге негіз болуда. Алдағы уақытта 

студенттермен және оқытушылармен өзара алмасу 

белсенді жүзеге асатын болады. Биылғы жылы ҚазҰУ-

ға Түркиядан 20 шақты студент оқуға жіберіледі деп 

 

күтілуде. 



Өз кезегінде Ыстамбұл университетінің ректоры, 

профессор Махмут Ак мырза жақын арада университет 

көлемінде әл-Фараби орталығының ашылатындығын 

айтып, технопарк мәселесіне тоқталды.

«Біз техникалық университет емеспіз. Дегенмен, 

технопарк мәселесі бізде жақсы дамыған. Алдағы уақытта 

салалық, нақты технопарктер жұмысын қамтамасыз 

ету жоспарда бар. Мәселен, медициналық технопарк. 

Бұл жоба біздің елде үкімет тарапынан қолдауға ие 

болды. Бүгінде университеттің 5 ауруханасы жылына 1 

млн 600 мың адамды емдейді және ҚазҰУ-да қызметін 

енді бастаған медициналық факультет үшін бұл 

ынтымақтастық жақсы тәжірибе болмақ», – деді Махмут 

Ак мырза. 

Кездесу соңында ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңесі 

отырысына қатысқан Ыстамбұл университетінің ректоры 

Махмут Ак мырзаға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 

Құрметті профессоры атағы беріліп, ҚазҰУ достары 

клубының мүшелігіне қабылданды. 

Елдана ТОҚБАЙ

Өнерлі Өрге жүзер

Мерекелік кешті ҚазҰУ-дың әлеуметтік даму  жөніндегі 

проректоры Жаманбалаева Шолпан Ерболқызы 

құттықтау сөзбен ашты. Ол: «әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университетінің ректоры атынан барлық 

қатысушыларды және жеңімпаздарды құттықтауға рұқсат 

етіңіздер! Бұл байқау – студенттер өміріндегі ең жарқын, 

ең танымал әрі маңызды шара. Біздің университет 

студенттері әрқашан шығармашылығымен және барлық 

саладағы белсенділігімен ерекшеленіп келеді. Біз 

шәкірттеріміздің ғылым мен білімдегі, спорт пен өнердегі 

жетістіктерімен әрқашан мақтанамыз. Алдағы уақытта 

да барлықтарыңызға шығармашылық табыс пен жаңа 

жеңістер тілеймін!» – деп жиналған қауым мен байқау 

қатысушыларына шынайы лебізін жеткізді.

ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

БАСТАУЫ


2

№13 (1606) 5 сәуір 2016 жыл

ақпарат


ҚазҰУ-ға Кембридж университетінің Пембрук колледжі Азия және Таяу Шығыс факультетінің деканы 

Чарльз Мелвилл мен Түркия Республикасы премьер министрінің кеңесшісі Бекир Қарлыға ресми іссапармен келді

ректорат


Жалғасы. Басы 1-бетте

Центр профессионального 

развития и взаимодействия в 

г. Алматы, созданный на базе 

КазНУ как партнерский проект 

университета и British Council в 

рамках межправительственной 

казахстанско-британской 

программы «Ньютон – Аль-

Фараби» провели тренинг на 

тему: «Подготовка предложений 

и поиск финансирования для 

исследовательских проектов».

Казахстанско-британское сотрудничество

Цель тренинга – формирование 

практических навыков исследователей 

по подготовке и подаче заявок на 

финансирование исследовательских 

проектов. На семинаре присутствовали 

деканы и преподаватели КазНУ, 

проректор Алматинской Академии 

экономики и статистики Д. М.Махам-

бетов, ученые и преподаватели таких 

вузов, как: КазГАСА, Международная 

Образовательная Корпорация, 

КазНМУ, Университет Сулей-

мана Демиреля, UIB, КИМЭП, 

КазУМОиМЯ им. Абылай хана, 

КазНАУ, а также представители 

бизнесструктур – BNT Kazakhstan и 

BBA Ltd.  

Семинар проводил британский 

эксперт, профессор П. Куонтрик, 

имею щий 25-летний опыт работы. Он 

поделился с участниками тренинга 

«тонкостями» подачи гранатовых 

заявок в Еврокомиссию, привел 

примеры успешно поданных заявок 

на разные виды финансирования, 

разъяснил: кто может подавать заявку? 

какие приоритеты финансируются? 

какие статьи расходов покрываются 

грантами ЕС?  Участники, в свою 

очередь, поделились собственным 

опытом и рассказали о сложностях, 

возникающих при составлении заявок. 

В результате проведенного семи-

нара участники узнали о разных 

видах грантов, логической диаграмме, 

необходимых составляющих 

успешного проектного предложения, 

процессе отбора и оценки заявок, а 

также получили ответы на возникшие 

вопросы. 

Организаторы семинара – 

Центр профессионального раз-

вития и взаимодействия КазНУ 

при факультете географии и приро-

допользования, преподаватели 

кафедры рекреационной географии и 

туриз  ма. Следующий семинар Центра 

по коммерциализации научных раз-

ра 

боток запланирован на  апрель 



текущего года.

Диляра ВУДВОРД,

директор Центра профессионального 

развития и взаимодействия КазНУ 

Аудиогид музея: 

доступ открыт

В начале текущего года сотрудники музея 

университета приняли участие в мастер-

классе «Современные интерактивные 

инструменты в музейном деле», целью 

которого было освоение на практике 

технологий создания аудиоэкскурсий, 

квестов и викторин. 

Мастер-класс проводился под 

руководством генерального директора 

издательства И. Ю. Маматова по 

созданию аудиогидов и финансировался 

Казахской академией спорта и туризма 

(г. Алматы), издательством «Маматов» (г. 

Санкт-Петербург). 

Все участники получили коды доступа 

к порталу izi.TRAVEL для размещения 

текстов, видео, фото, аудиоматериалов 

по музею и экспозициям. Результатом 

участия в тренинге стала регистрация 

музея КазНУ на международном портале 

izi.TRAVEL, а также подготовка и 

размещение ряда материалов о музее 

университета для широкой аудитории 

портала, который имеет более 2 млн. 

пользователей по всему миру. Теперь 

пользователям портала разных стран 

доступны фотоматериалы и аннотации 

по следующим темам: «Галерея 

университета», «Комплекс Аль-Фараби», 

«Комплекс Независимый Казахстан», «Зал 

Славы», «Земля XXI века», «Генеральный 

план развития университета» и коллаж 

 

«Аl-Farabi university smart city». 



Аудиогид доступен через приложение 

izi.TRAVEL для мобильных устройств 

на всех современных платформах (ios, 

Android, WindowsPhone). Кроме того, с 

ним можно познакомиться и с помощью 

компьютера по адресу: https://izi.travel/

ru/1458-muzey-kaznu-im-al-farabi/ru

Сотрудники музея университета 

ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

Мінбеге, алдымен шыққан Қоғамдық 

денсаулық сақтаудың жоғары мектебі 

медицина факультетінің деканы Жанна 

Амантайқызы өз сөзін: «әл-Фараби 

атындағы ҚазҰУ-да өткен жылдың 

желтоқсан айында жаңадан іске қосылған 

Қоғамдық денсаулық сақтаудың жоғары 

мектебі медицина факультеті өз ісін 

жоғары қарқынмен бастап кетті. Әрине, 

жас факультет болғандықтан алға 

қойған жоспарларымыз бен көздеген 

мақсаттарымыз жетерлік. Бүгінгі таңда 

факультетімізде 183 студент білім алуда. 

Университетімізде бекітілген талаптарға 

сай білім беріп, барлық факультеттерге 

міндеттелген индикативті жоспар 

бойынша жұмыс істеудеміз. Соның 

ішінде факультет тарапынан жоспардың 

ғылыми-зерттеу бағыты бойынша 

баспасөз беттеріне бірнеше мақалалар 

жариялап, шетелдік басылымдарға 

баяндамалар ұсынудамыз. Әлеуметтік 

тәрбие жұмыстары бойынша да шаралар 

ұйымдастырып, тәрбиелік маңызы 

бар жұмыстарды алға тартудамыз. 

Факультетіміз өте жас болса да 

мүмкіндігіміз мол деген ойдамын», – деп 

бастады. Одан әрі факультеттің алдағы 

уақытқа құрылған жоспарларымен 

кеңінен таныстырып өтті. ҚазҰУ-

дың Қоғамдық денсаулық сақтаудың 

жоғары мектебі медицина факультетінде 

бакалавр, магистратура, докторантура 

сатылары бойынша іске қосылатын 

әскери медицина, спорттық медицина, 

реабилитация, врач-биохимик, врач-

биофизик, онкология, акушерлік және 

гинекология, т.б. мамандықтар бойынша 

білім беруді жоспарлап отырғанынан 

хабардар етті. 

Сонан соң сөз кезегі жаңа химиялық 

технологиялар мен материалдар ҒЗИ-

ның  директоры Сергей Николаевич 

Калугинге берілді. Директор ғылыми-

зерттеу институтының 2015 жылғы 

қызметі туралы баяндамасында: «2015 

жылы жаңа химиялық технологиялар 

мен материалдар ғылыми-зерттеу 

институтына жылдағыдай әр тараптан 

қаржы бөлінді. Институтта бірнеше 

халықаралық конференциялар өткізіліп, 

көптеген ғылыми еңбектер жарық көрді. 

Басшылықпен біріге отырып бекіткен 

жоспар бойынша алыс-жақын шетелдерде 

тағылымдамадан өту жұмыстары 

толықтай жүргізілді. Жас ғалымдардың 

бірнеше жаңа ғылыми жобалары мен 

start-up бағдарламасы бойынша бизнес-

жоспарлар іске асып, лабораториядағы 

зерттеу жұмыстары аккредиттелді. 

Сонымен қатар жаңа өнім өндіру 

мақсатында мемлекет мекемелерімен 

тығыз қарым-қатынас орнатылып, үлкен 

компаниялармен келіссөздер жүргізілді», 

– деп, жаңа химиялық технологиялар 

мен материалдар ғылыми-зерттеу 

институтына алдағы уақытта қойылған 

талаптар мен міндеттелген тапсырмаларға 

назар аударды. 

Ректорат отырысында одан әрі 

тәжірибелік және теориялық физика 

ғылыми-зерттеу институтының директоры 

Олег Александрович Лаврищевтің есебі 

тыңдалды. 2015 жылдың қорытындысы 

бойынша тәжірибелік және теориялық 

физика ғылыми-зерттеу институты 

міндеттелген жоспар бойынша жақсы 

нәтижеге қол жеткізген. Институт 

директоры есеп беру кезінде былай 

деді: «2015 жылы тәжірибелік және 

теориялық физика институттарына 

бірнеше гранттар бөлініп, әр түрлі 

бағыттар бойынша қаржы қарастырылды. 

Институт қызметкерлерінің сапалы 

еңбегінің арқасында жоспардың басты 

тапсырмасы инновациялық даму 

жұмыстары толықтай орындалып, 

бағдарламалық өсу бағыты бойынша 

үздіктер қатарына жайғастық. Институт 

жұмысына студенттер мен ұстаздарымыз 

белсенді түрде атсалысты. Жас 

ғалымдарымызға арнайы шәкіртақылар 

тағайындалып, ұстаздарымыз үздік еңбегі 

үшін марапатталды. Жұмыс барысында 

халықаралық басылым беттеріне 

ғылыми мақалалар мен монографиялар 

жарияланып, мемлекеттік мекемелер 

және жеке кәсіпкерлермен байланыс 

орнатылды. Шетелде тағылымдамадан 

өту, лабораторияларда ғылыми зерттеулер 

жүргізу жұмыстары бойынша жақсы 

көрсеткіштерге жеттік». 

Қос институттың 2015-2016 оқу 

жылындағы бірінші семестрі бойынша 

жай-күйін білгеннен кейін ректорат 

мүшелері университетіміздің оқу 

жұмысы жөніндегі проректоры Дархан 

Жұмақанұлы нормативтік-құқықтық 

актілердегі негізгі өзгерістер және жаңа 

оқу жылына жоспарланған шаралар 

туралы хабарламасын тыңдады.

Сондай-ақ жиын барысында Ғылыми 

кеңестің шешімімен Түркия премьер-

министрінің бас-кеңесшісі, философия 

докторы, БҰҰ Өркениеттер альянсі 

бойынша Түркия ұлттық үйлестіру 

комитетінің төрағасы Бекир Қарлығаға 

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Құрметті 

докторы атағы беріліп, тарих, археология 

және этнология факультетінің түлегі 

Мұрат Сейдәліұлы «әл-Фараби атындағы 

Қазақ ұлттық университетіне 80 жыл» 

мерейтойлық медалімен марапатталды. 

Қаламқас АМАНҚОСОВА


3

№13 (1606) 5 сәуір 2016 жыл

жа лын


КазНУ и Стамбульский университет Турции подписали меморандум о сотрудничестве 

Құрамында 205 мың зейнеткері бар 

8 аудандық кеңес пен 663 бастауыш 

ұйымның басын біріктіріп отырған 

Алматы қалалық ардагерлер 

кеңесі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

кітапханасында 2011-2015 жылдары 

атқарылған жұмыстарға байланысты 

IX есеп беру-сайлау конференциясын 

өткізді.

Конференцияға орай қалалық 

бюджет есебінен жүзеге асып отырған 

12 әлеуметтік бағдарлама туралы және 

құрылымдық өзгерістер жайлы, сонымен 

қатар егде жастағы азаматтарға әлеуметтік 

қолдау көрсету, зейнетақы мөлшері мен әр 

жылға бөлінген мемлекеттік жәрдемақы 

хақындағы анықтамалық әзірленген.

Іс-шара барысында әл-Фараби атындағы 

ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов 

Ұлы Отан соғысының қатысушылары, 

Алматы қалалық ардагерлер кеңесінің 

мүшелері – Зекен Әділбеков, Михаил 

Грибанов, Леонид Гриш пен Зұлхарнай 

Сейітовке «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-

ға 80 жыл» мерейтойлық медальдарын 

табыстады. «Құрметті ардагерлер! Сіздер 

қайтпас қайсарлықтарыңызбен, қажырлы 

еңбектеріңізбен Тәуелсіз Қазақстанның 

тарихына алтын әріптермен бедерленетін 

талай оқиғалардың басы-қасында 

болдыңыздар. Бұл марапатты Сіздер 

тәрбиелеген ұрпақтың Ұлы Отан 

соғысы ардагерлеріне деген құрметі 

мен алғысының белгісі ретінде қабыл 

алуларыңызды сұраймыз», – деді Ғалым 

Мұтанұлы.

Конференция жұмысында «Қазақстан- 

2050» Стратегиясы аясында 100 

нақты қадам мен Ұлт жоспары Бес 

институционалдық реформаны жүзеге 

асыруда  жастарды толерантты және 

Қазақстан патриоты ретінде рухани-адами 

қасиеттерге тәрбиелеу ісіне ардагерлер 

ұйымдарының қатысуы талқыланды. 

Сонымен қатар кеңес төрағасы Еренғайып 

Шайқұтдінов Aрдагерлер кеңесінің 

соңғы  5 жылда атқарған жұмысына есеп 

берді. Ол өз есебінде: «Соңғы 5 жыл 

Aрдагерлер кеңесі үшін айтарлықтай 

жетістікке толы болды. Жоспарлы түрде 

көзделген жұмыстар өз нәтижесін берді. 

Aрдагерлеріміздің тұрмыстық жағдайын 

жақсартуда мемлекет тарапынан көптеген 

көмектер берілді. Атап айтар болсам, ай 

сайын алатын зейнетақы мөлшері артты. 

Зейнеткерлеріміздің атақ-абыройы, 

жұмыс жылдарын есептеп арнайы 

жәрдемақылар бөлінді. Медициналық 

көмек, азық-түлік, киім-кешекпен 

қамтамасыз ету сынды қызметтердің 

сапасы артып, көптеген ардагерлерімізге 

жеке демеушілер тарапынан қаржылай 

көмектер көрсетілді», – деп, есеп-беру-

сайлау жұмыстарының басты мақсаты мен 

жоспары жайына кеңінен тоқталды.  

Ардагерлер кеңесінің IX есеп беру-

сайлау конференциясына қатысқан 

Алматы қаласы әкімінің орынбасары 

Арман Қырықбаев 5 жылда бір рет өтетін 

аталмыш іс-шараның қала өмірінде сөзсіз 

айтулы оқиға екенін айтып өтті. «2011-2015 

жылдар аралығында Ардагерлер кеңесі 

орасан зор жұмыстар атқарды. Елбасының 

саясатын қолдау мен оны жүзеге асыруда 

ұйым әрқашанда алдыңғы қатарда келеді», 

– деді Арман Қырықбаев.

Конференцияға Ардагерлер ұйымының 

Республикалық Орталық кеңесінің, 

қалалық және аудандық әкімдіктердің, 

қалалық басқармалардың, бөлімшелер мен 

қызметтердің басшылары, көрнекті қоғам 

және мемлекет қайраткерлері, соғыс және 

тыл ардагерлері, концлагерь тұтқындары, 

Ленинград қоршауында болғандар, ҚР 

еңбек сіңірген қайраткер-зейнеткерлер 

қатысты. Конференция соңында 

Президиум мүшелерін және Алматы 

қалалық Ардагерлер кеңесінің басшысы 

мен оның орынбасарын тағайындаған 

ұйымдық алқалы жиын өтті.



ӨЗ ТІЛШІМІЗДЕН

Қасиетті қара шаңырақ ҚазҰУ-да 

бүгінде көптеген инновациялық 

әрі рухани жан дүниені байытатын 

жобалар жүзеге асуда. Соның 

бірі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 

ректоры, академик Ғ.М. Мұтановтың 

бастамасымен жүзеге асып келе 

жатқан «Айналаңды нұрландыр» 

жобасына биыл 5 жыл. 

Ректор Ғ.М. Мұтанұлы: «Нұрландыру» 

дегеніміз – біздің күнделікті өмірдегі 

мінез-құлқымыздың мейірімді, тура 

және әділ болуы керектігін білдіреді, кез 

келген жан өмірге қандай із қалдырамын 

деген ойды есте берік ұстауы керек. 

Көреалмаушылық, қызғаншақтық бар 

жерде еш даму болмайды. Аяқтан шалу, 

арызқойлық – жақсы қасиеттер емес. 

Небір ізгі ниеттерді жастар бойына 

қалыптастыру арқылы өркениетке қол 

жеткіземіз. Өркениет арқылы, алған ілім-

білімдерді жақсы іске жұмсау, тәрбиеге ден 

қою арқылы елді, ұлтты дамытамыз. Міне, 

«Айналаңды нұрландыр!» жобасының 

негізгі діттегені де осы», – деп жобаның 

мақсатын айқындап берген  болатын. 

Мейірімділік пен ізеттілік, қайырымдылық 

пен кішіпейілділік сынды адами асыл 

қасиеттерге жетелейтін жобаның аясында 

факультеттер мен кафедраларда  көптеген 

іс-шаралар ұйымдастырылып, мерекелік 

жиындар өткізіліп келеді.  5 жылдық 

мерейтойға орай 8 ақпаннан 23 сәуірге 

дейін кафедралар арасында «Aйналаңды 

нұрландыр» жобасына қатысты байқау 

жарияланған болатын. 

Байқауға ең алғашқылардың бірі болып 

шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс 

кафедрасының ұжымы атсалысса, екінші 

кезекте орыс филологиясы және әлем 

әдебиеті кафедрасының Халықаралық 

әйелдер мерекесіне орай өткізілген «О, 

женщина, ты освещаешь мир!» атты 

шарасы өткізілді. Бұл үрдісті Таяу Шығыс 

және Оңтүстік Aзия кафедрасының кеші 

жалғастырды. Халықаралық қатынастар 

факультеті, дипломатиялық аударма 

кафедрасының ұйымдастыруымен өткен 

«Қайырымдылық – жылы жүректен» атты 

мерекелік шара бұл жарысқа өзіндік мән 

қосты.

Aл, 29 наурыз күні осы жоба 



төңірегінде филология және әлем тілдері 

факультетінің жалпы тіл білімі және 

шетел филологиясы кафедрасында 

«Қайырымды қала тұрғындары» атты 

шара өтті.  Жиынның шымылдығын 

Aйгерім Aйтжанова «Қазақстаным алға!» 

әнімен ашты. «Күлімсіреп айналамызды 

нұрландырайық!» деп ұран еткен кештің 

жоғары деңгейде өтуіне студенттер мен 

ұстаздар белсене атсалысты. Көтеріңкі 

көңіл күй сыйлаған жиынның тізгінін 

ф.ғ.к., жалпы тіл білімі және еуропа 

тілдері кафедрасының доценті Мәншүк 

Мәмбетова мен екі шет тілі мамандығының 

1-курс студенті Aйман Күмісбекова ұстады. 

Жиында студенттер арасында қызықты 

ойындар ойнатылып, видеороликтер 

көрсетіліп, ұйымдастырушы студенттер 

атынан әннен шашу шашылды. 

Әл-Фараби бабамыздың адам өмірінде 

тәрбиелік мәні зор құндылықтарын 

насихаттаған шара барысында студенттер 

арасында қошемет көрсету, ілтипат білдіру 

мақсатында «Жақсы сөз – жарым ырыс» 

деп аталатын қызықты ойын ойнатылды. 

Сонан соң келген көрермендер назарына 

факультет ұстаздары мен студенттері 

бірігіп түсірген «Күлімсірейік» видеосы 

ұсынылды. 

Әлем тілдерін үйрететін факультетте 

білім алатын  шетелдік студенттер де бұл 

жиыннан тыс қалмады. Онан әрі еліміздің 

шетелдермен ынтымақтастығын ұлғайта 

түскен бір топ американдық студенттер 

өз өнерлерін ортаға салды. Шетелдік 

студенттер осы сәтті пайдаланып 

Қазақстанға алғысын білдіріп, шынайы 

сүйіспеншіліктерін қазақ тілінде жеткізіп 

жатты. Aмерикандық студенттерден 

құралған қос топ «Көзімнің қарасы» және 

«Су тасушы қыз» әндерін нақышына 

келтіре орындап, қызықты билерімен 

көрермендердің көңілін көтеріп тастады. 

Осылайша «Екі шет тілі» мамандығының 

1-курс студенттерінің ұйымдастыруымен 

өткен аталмыш шара жиылған көпшілікті 

бір  серпілтіп тастады. 

Қаламқас АМАНҚОСОВА


4

№13 (1606) 5 сәуір 2016 жыл

Darkhan Tuyenbayev has told about fixed the gravitational waves predicted by Einstein once

AlmA mAter

A generous act of our American friends!

Al-Farabi students and teachers of 

English  are delighted to have a wonder-

ful opportunity to attend conversational 

classes which our American friends 

kindly volonteered  to give.  

They are: Jason Kopp, Director of Senim 

Central Asia(public Fund).  Alyssa Brown  from 

the State of Nebraska and  Christy Gwartney  

from the state of Florida,   Isaac Tomlinson, 

from the State of Georgia. Alyssa, Christy and 

Isaak  study Global Studies at LIB University 

in the State of Virginia. Matt Lister from the 

State of Oklahoma, a graduate of OB Univer-

sity in Oklahoma who studied Worldview and 

Philosophy.

For both students and teachers  participat-

ing in these conversation classes is  an enjoyable 

experience. It is a general truth that conversa-

tion classes with native speakers have a number 

of benefits: their repertoire of vocabulary and 

expressions is rich and dynamic.  There is also 

a chance to improve listening skills through 

regular communication   and to learn better 

native-like pronunciation. 

 One important feature of our classes is that 

our American friends are wonderful and dedi-

cated teachers and they  provide a comfortable 

environment for our students to gain speaking 

practice.  Many  students complain that they  

do not feel confident holding conversations 

with native speakers, and these  classes are an 

excellent opportunity for them to  build con-

fidence and to get rid of the language  barrier.  

A pleasurable learning atmosphere, that Jason, 

Alyssa, Christy, Isaak and Matt have managed 

to create in clas, helps our students and teach-

ers to acquire a good level of spoken fluency in 

English which is the most important skill in any 

language. They will also make good progress in 

reading, listening, vocabulary and grammar.

We are endlessly grateful to our American 

friends!


A.A. MuldAgAliyevA

SCHOOL TEACHERS HAD A GREAT 

OPPORTUNITY TO ENHANCE FOR-

EIGN LANGUAGE TEACHING SKILLS!



The Translation Studies Center of the Foreign Philology and Translation Studies De-



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет