Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады



Pdf көрінісі
бет3/3
Дата03.03.2017
өлшемі12,97 Mb.
#6508
1   2   3

О.Х. МҰХАТОВА,

 т.ғ.д., профессор 

7

№13 (1606) 5 сәуір 2016 жыл

Ж а с т а р   б е т і



Филология және әлем тілдері факультетінің ұйымдастыруымен 

«Қазіргі заман кейіпкері. Герольд Бельгер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

ҚазҰУ-да «Сұңқар» студенттер мен 

магистранттар кәсіподағының 

ұйымдастыруымен Ө. Жолдасбеков 

атындағы Студенттер сарайында 

«Сұңқар кубогы» қазақша КВН 

ойындарының финалы өтті. 

Ақтық мәреде 6 команда өнер 

көрсетті. Олар – филология және әлем 

тілдері факультетінің «Таң қалмаңыз», 

механика-математика факультетінің 

«Мех-мат» құрамасы, физика-техникалық 

факультетінің «Физфак» құрамасы, заң 

факультетінің «Бәке, Мәке, Шәке», 

«Дарын түлектері» және қосымша 

лига кезеңінен сүрінбей өтіп, финалға 

жолдама алған филология және әлем 

тілдері факультетінің «Филология» КВН 

командасы. 

Финалдық ойын 3 кезең бойынша 

өтті.  Біріншісі, сәлемдесу – «Әр күніміз 

мереке», екінші тур – Биатлон, үшінші тур 

– «ҚазҰУ-ым жүрегімде»  тақырыбында 

бір әуен аясында. 

Командалар әдемі әзілдерімен 

өздерінің мықты дайындықтарын 

көрсетті. Нәтижесінде «Мистер КВН» 

номинациясымен филология және әлем 

тілдері факультетінен «Филология» КВН 

командасының капитаны Қайрат Арьятов 

және «Мисс КВН» номинациясымен 

филология және әлем тілдері факультетінің 

«Таң қалмаңыз»  КВН командасынан 

 

Садық Ақбота арнайы  Broshkz ұсынған 



тәждермен марапатталды. Ал, «Үздік әзіл» 

номинациясымен механика-математика 

факультетінің «Мех-мат» құрамасы 

марапатталды. 

Ақтық сайыста ІІІ орынды механика-

математика факультетінің «Мех-мат» 

құрамасы иеленіп,  Шарын шатқалына 

туристік жолдама алды және оларға «Titan 

GYM» фитнес-орталығы ұсынған бір ай 

тегін курс сертификаты табысталды. Ал, 

ІІ орынға филология және әлем тілдері 

факультетінің «Таң қалмаңыз» КВН 

командасы лайықты деп танылып, қырғыз 

еліндегі «Ыстықкөл» көліне жолдама 

мен Ерке Ибрагимнің сұлулық салоны 

сертификатына ие болды. 

Биылғы «Сұңқар кубогы – 2016» 

КВН ойындарының чемпионы – заң 

факультетінің «Бәке, Мәке, Шәке» КВН 

командасы болды. Чемпиондар кубокпен 

бірге жолдама ұтып алды.       

«Сұңқар кубогы» КВН ойындарына 

make-up artist Ерке Ибрагим, «Brosh» 

дүкендер желісі, «Madeni.kz» асханасы 

және «Titan GYM» фитнес орталығы 

демеушілік көрсетіп, жалынды жастарға 

ерекше көңіл күй сыйлады. 

Әлібек ҚЫЗАЙБАЙ, 

«Сұңқар» студенттер мен 

магистранттар кәсіподағының 

PR-менеджері 

Суретті түсірген Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

В начале марта в Высшей школе 

экономики и бизнеса КазНУ прошел 

обучающий семинар по проблемам 

кадровой политики вузов Казахстана в 

контексте Болонского процесса. Тренинг 

проводила д.э.н.,  член Национальной 

команды экспертов  по реформированию 

высшего образования европейской 

программы Эразмус+ в Казахстане, 

директор ЦЭИ Р. К. Сагиева.

В семинаре приняли активное участие 

декан ВШЭБ Б. Ж. Ермекбаева, заведующие 

кафедрами, профессора и молодые 

преподаватели факультета. Основной целью 

тренинга было обучение административного 

и академического персонала навыкам 

формулирования критериев и требований к 

претендентам на должность преподавателя вуза 

и заведующего кафедрой.

Работа семинара включала в себя четыре 

основных блока: ознакомление с  результатами  

регионального обзора  европейских экспертов 

– М. Кело и Ф. Дюбош «Управление кадрами в 

вузах стран-партнеров Tempus  в Центральной 

Азии»; ознакомление с результатами 

анкетирования персонала в вузах Казахстана; 

тренинг по улучшению качества отбора 

персонала в вузы на основе  организации 

командной работы; подведение итогов, 

выработка рекомендаций. 

По результатам работы групп были 

сформулированы рекомендации, которые 

позволят руководителям повысить качество 

принимаемого на работу академического 

персонала, а самим руководителям и 

преподавателям посмотреть на свои 

компетенции с точки зрения современных 

требований.  

Р. К. САГИЕВА,

 д.э.н.,  профессор, директор ЦЭИ  

Пробуждая интерес 

к творчеству

Первое в новом году,  мероприятие 

Школы молодого преподавателя 

кафедры педагогики и образовательного 

менеджмента мы решили посвятить 

практической демонстрации 

возможных, практически не сложных в 

организационном  плане,  инновационных 

форм проведения учебных занятий. К 

участию в мероприятии с удовольствием 

присоединились педагоги трех кафедр: 

психологии, социологии и политологии.

Семинар-тренинг прошел под лозунгом 

 

«Инновационность приемов   должна усиливать 



воспитательный потенциал занятия». В ходе 

мероприятия использовался проблемно-

деятельностный подход, проходила видео-

демонстрация реального хода практических 

занятий в различных студенческих группах 

специальностей «Педагогика и психология», 

«Социальная педагогика и самопознание». 

Присутствующие молодые преподаватели, 

вооружившись раздаточным материалом, 

«попробовали на себе» некоторые из 

нестандартных форм проведения семинарских 

занятий, тренинговых упражнений. Аудиторию 

активизировали содержательные аудио-

презентации, обсуждение видеосюжетов, 

проведение живой дискуссии о возможности 

применения инновационных средств в 

современной аудитории, организованные 

докладчиком, к.пед. наук, доцентом кафедры З. 

М. Садвакасовой. 

Презентованные формы и методы работы 

со студентами не сложны в применении, 

они хорошо развивают не только логику 

и креативность, но и социальную 

ответственность, ненавязчиво формируя 

 

у  обучающихся такие важные личностные 



качества, как: чуткость, внимательность, 

настойчивость, решительность, чувство 

собственного достоинства. 

По сути,  состоялся практический 

тренинг по использованию  в учебно-

воспитательном процессе эффективных 

упражнений, развивающих у молодых 

педагогов интерес к активному внедрению 

новых, нетривиальных форм и методов 

решения практических задач, интенсификации 

процесса обучения. Мы всерьез рассчитываем 

на дальнейшее расширение круга энтузиастов 

интерактивной работы и приглашаем 

принять участие в последующей деятельности 

школы молодого преподавателя кафедры 

педагогики и образовательного менеджмента, 

преподавателей родственных кафедр из других 

вузов г. Алматы.



С. М. ПУЗИКОВА,

 д.пед.н., профессор,

руководитель Школы 

молодого преподавателя

ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінде «Әдеби жүздесу» 

клубының ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы, ҚР 

Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қабдеш Жұмаділовпен «Дарабоз 

қаламгер» атты шығармашылық кездесу өтті. 

Әдеби жүздесуге жиналған көпшілік 

қауым жазушының халық тарихының 

шежіресі, дәуір шындығының 

айнасы бола білген шығармалары 

туралы айтқан әңгімелерін тыңдады. 

Арасында студенттер жазушы 

шығармаларынан алған әсерлерімен 

бөлісіп, өздерін толғандырған 

сұрақтарды қойды. 

Жазушы өзі білім алып, түлеп 

ұшқан білімнің қарашаңырағы 

ҚазҰУ-дың әркез ыстық екендігін 

айтып: «Халықпен кездесуден қашқан 

адам –халықтың ықыласынан қашқан 

адам», – деп ағынан жарылды.

Сөз 

кезегін 


алған 

профессор                 

Қ.Қ. Мәдібаева Қабдеш Жұмаділовтің 

шығармаларының қазақ әдебиетінде 

алатын орны ерекше, маңызы жоғары 

екендігін айтты. Жазушыны 80 

жылдығымен құттықтап, осы кеш сол 

мерейтойдың бастамасы болсын деген 

тілек-ниетін білдірді. 

Қаламгер мен жас оқырмандардың 

жылы сыр-сұхбатына айналған 

бұл  әдеби жүздесуде студенттер 

Қ.Жұмаділовтің шығармаларынан 

көріністер қойып, кешті қызықтыра 

түсті. Тамаша әндер де айтылды, 

би де биленді, жас ақындар арнау 

өлеңдерін де оқыды. Өнер көрсеткен 

студенттер марапат қағаздары мен 

жазушы қолтаңбасы қойылған 

«Академиктің көз жасы» атты кітабын 

Қ.Жұмаділовтің өз қолынан  алу 

құрметіне ие болды.  Әдеби жүздесу 

соңы жазушымен естелік суретке 

түсуге ұласты. 



Сәлима ҚАЛҚАБАЕВА, 

доцент;

Жансұлу АМАНЖАНОВА, 

студент

8

№13 (1606) 5 сәуір 2016 жыл

Бағасы келiсiм бойынша.

Таралымы 1000 дана

Тапсырыс: №13

 жарияланған мақаладағы автор пiкiрi редакцияның 

көзқарасын бiлдiрмейдi.

 редакцияға түскен қолжазба қайта рылмайды, үш 

компьютерлiк беттен асатын материалдар қабылданбайды.

 «қазақ университетiне» жарияланған мақала көшiрiлiп 

басылса, сiлтеме жасалуы мiндеттi.

 жарнама мәтініне жарнама беруші жауапты.



ҚҰРЫЛТАЙШЫ:

Әл-Фараби атындағы 

қазақ ұлттық 

университетiнiң 

ректораты

РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:

Бас редактор м.а.: 



Әйгерім ӘЛІМБЕКОВА

жауапты хатшы –



 Дариға АМАнКЕЛДИЕВА

тілшілер: 



Қаламқас АМАнҚОСОВА, Елдана ТОҚБАЙ

Дизайнер – 



Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ

Фототілші –



Марат ЖҮнІСБЕКОВ

Корректорлар: 



Гүлмира БЕКБЕРДИЕВА, Қарлыға ИБРАГИМОВА

МЕКЕнЖАЙЫ:

050040, алматы қ., әл-Фараби даңғылы, 71, 

ректорат, 11-қабат, №1104 бөлме.

Байланыс телефоны:

377-33-30, iшкi: 11-94, 

тiкелей: 377-31-48.

Газет 1994 жылдың 7 ақпанында Қазақстан республикасының баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнде 

тiркелiп, № 1242 куәлігi берiлген 

Байқау

Электронды мекенжай:



kazuniver-gazeti@mail.ru

Жалғасы. Басы 1-бетте

Газет редакцияның компьютер орта лығында терiлiп, 

беттелдi. 

“Asia print”. абай даңғылы,30.

тел:. 8(727) 611317, 8 (727) 3007980

Газет редакцияның компьютер орта лығында терiлiп, 

беттелдi. “бизнес-Информ“ баспаханасында  басылды

тел:.2-93-09-09

Өнерлі Өрге жүзер

Бір айға созылған өнер бәсекесінің 

қорытындысы бойынша жалпы есепте 

факультеттер арасында үшінші орынды 

тарих, археология және этнология 

факультеті мен физика-техникалық 

факультеті иеленді. Ал, география және 

табиғатты пайдалану,  халықаралық 

қатынастар, химия және химиялық 

технологиялар, ЖОО-ға дейінгі білім беру 

факультеттері екінші орынға табан тіреді. 

Механика-математика, филология және 

әлем тілдері факультеттерінің студенттері 

бұл сында үздік нәтиже көрсетіп, бірінші 

орынды қанжығаларына байлады. 

Жеңімпаз атанған факультеттерге ректор 

дипломы мен арнайы сыйлықтар табыс 

етілді. Одан әрі «Студенттік көктем — 

2016» байқауының жүлдегерлері  жеке-

жеке марапатталып, кеш өнерпаздардың 

қатысуымен ұйымдастырылған гала-

концертке ұласты. 

Үш кезеңнен сүрінбей өтіп, үздік 

деп танылған студенттер өз өнерлерін 

паш етті. Ең алғаш болып сахнаға 

Айжан Әзірбаева шығып, «Фараби саз» 

оркестрінің сүйемелдеуімен «Туған 

жерім тамаша» әнін орындады. Ғажайып 

әннің легін шабыты шалқардай жас 

ақындардың патриоттық өлеңдері 

жалғады. Ақынжанды студенттердің 

қанатты өлеңдерінен соң, георафия 

және табиғатты пайдалану факультетінің 

орындауындағы қазақ биі көрермендерді 

шынайы әсерге бөлеп, Ахмет Қазтайдың 

орындауындағы Б.Тілеухановтың «Елім 

менің» әні Отанға деген сүйіспеншілікті 

одан әрі арттыра түсті. Ал бір топ қобызшы 

арулардың орындауындағы «Япур-

ай» композициясы қалың көрерменді 

әсем сезімге еліктіре білді. Химия және 

химиялық технологиялар факультетінің 

студенттерінен құралған бишілер тобы 

грузин биін нақышына келтіре орындап, 

тарих факультетінің студенттері кәріс 

биімен ерекше көзге түсті. Шығыстану, 

химия және химиялық технологиялар, 

география және табиғатты пайдалану, 

тарих және археология факультеті 

студенттерінің орындауындағы 

заманауи би жиылған көрерменді селт 

еткізбей қоймады. Физика-техникалық 

факультетінің студенттері Аңсаған 

Манасов пен Гүлзат Төребай «Бір 

үйдің баласындай» әнін залға жиналған 

студенттермен біріге орындады. Сонан 

соң механика-математика факультетінің 

бірнеше студенттерімен жас әнші Малика 

Есмұхамбетова «Өмір-бәйге» әніне 

флешмоб ұйымдастырды. Мыңнан тұлпар, 

жүзден жүйрік талантты жастарымыз өнер 

көрсеткен гала-концертте жеңімпаздар 

бірігіп, «Тәуелсіз Қазақстаным» әнімен 

кешті аяқтады. 



Қаламқас АМАНҚОСОВА


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет