Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады
www.kaznu.kz
БYгiнгi санда:
4-бет
2-бет
№ 6 (1600)
9 ақпан
2016 жыл
Жалғасы 2-бетте
Парад в честь
дня ресПублики
индия
тәртіПке
шақырған аПталық
Ұлт тағдыры –
ҰрПақ тәрбиесінде
3-стр.
Продолжение на 4 стр.
Кезекті ректорат отырысындағы басты тақырып – факультеттер мен кафедралардың
индикативті жоспарды орындау көрсеткіші болды. Жиында механика-математика
факультетінің деканы Мақтағали Бектемесов пен биология және биотехнология факультетінің
деканы Болатхан Заядан өз факультеттеріндегі жоспардың орындалу жайынан хабар берді.
Жақында ҚазҰУ-дың журналистика
факультетінде «Қуатты Қазақстан» қорының
президенті, саясаттанушы Мұхит Асанұлы
Әуелбай студенттер мен ұстаздарға арнап
«Мәңгілік Ел – жаңа форматтағы алтын ғасыр
ойлау жүйесі» атты дәріс оқыды. Елбасымыз
Н.Ә. Назарбаев ұсынған «Мәңгілік ел
идеясы» бағдарламасын қолдау мақсатында
ұйымдастырылып отырған дәріске Мұхит
Асанұлының «Қуатты Қазақстан – Ұлттық
идея» атты авторлық доктринасы негізгі
арқау болды.
ҚР Президентінің 2015 жылғы «Қазақстан жолы –
2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа
Жолдауында Мәңгілік ел болудың әрі ұранын, әрі
үндеуін, әрі бағытын, әрі мақсатын, әрі межесін
айқындап берді. Мәңгілік ел барша қазақстандықтардың
көздегені, кешегі ата-бабаларымыздың аңсаған
арманының нышаны іспеттес. Өз қолыңмен отырғызған
жас шыбығың көз талдыра қарайтындай биік әрі алып
бәйтерекке айналу үшін, әр тұстан соққан кез келген
дауылға қарсы тұратындай күшті болуы үшін, ең алдымен,
тереңге жайылған мықты тамыры болуы шартты. Ол
бәйтеректің әрбір бүршігінің атуына қазақстандықтардың
әрқайсысы үлес қосуға міндетті. Мінеки, осы барша
қазақстандықтардың мақсат-мұраты мен арман-тілегіне
айналып келе жатқан Мәңгілік ел идеясына қол жеткізу
тұрғысында көптеген іс-шаралар жоспарлы түрде іске
асырылып келеді.
Сейчас мир меняется быстрыми темпами.
И в эпоху перемен на наших глазах
возникает новая глобальная реальность
с иными возможностями и рисками.
Постоянное проявление заботы о здоровье
людей стало тенденцией в государственной
политике страны. В кодексе «О здоровье
и системе здравоохранения», одобренном
11 июля 2009 г. на пленарном заседании
Сената Парламента подчеркивается, что
здоровье народа – гарантия стабильности
и процветания государства. И Президент РК
Н. А. Назарбаев выдвигает на первый план
здоровье народа, которое является главным
условием и определяющим фактором для
достижения стратегических задач на 2020 г.г.
Алдымен, мінбеге механика-математика факультетінің
деканы М.Ә.Бектемесов көтерілді. «2015-2016 оқу
жылындағы алғашқы жарты жылдықта индикативті
жоспарды жүзеге асыруда біздің ұжым асқан белсенділік
танытты. Республика бойынша ғылыми дәрежесі жоғары
факультетте бірінші оқу семестрінде ғылыми бағытта
жоспарланған жұмыстар толықтай дерлік орындалды.
Шетелдік студенттерді оқыту, академиялық ұтқырлықпен
шет мемлекетке өз студенттерімізді жіберуде де жұмыс
қарқыны жақсы деңгейде. Механика-математика
факультетінде ағылшын тілінде 299 пән оқытылады.
Шетелдік студенттерді оқыту бағдарламаларын жасау
жұмыстары 65 %-ға, қос дипломдық білім беру жұмыстары
100%-ға іске асты», – деді декан өз баяндамасында. Ол
факультет деңгейінде өткен әлеуметтік шаралар, ғылыми
бағытта орын алған байқаулар, республика көлемінде
өткен сынақтарда механика-математика факультетінің
жеткен жетістіктері мен атқарған шараларын айтып өтті.
Осы факультетті индикативті жоспар талабына сәйкес
сала бойынша бағалауда университтің әлеуметтік даму
жөніндегі проректоры Ш.Е. Жаманбалаева сөз алып:
«Механика-математика факультеті университетіміздегі
ғылыми бағытта өте жоғары дәрежеде дамып келе жатыр.
Сонымен қатар бұл ұжымда куратор-эдвайзерлер өз
жұмыстарын тыңғылықты атқарады. Студенттермен
байланыс тығыз жүзеге асуда. Жатақханадағы тәртіп
қадағаланып, тазалық сақталады», – деп, жоғары баға
берді.
Өз кезегінде биология және биотехнология
факультетінің деканы Б.Қ. Заядан индикативті жоспардың
орындалу деңгейін айта отырып, әр бөлімге кеңінен
тоқталып өтті. Оқу жүйесіндегі көзделген жұмыстардың
атқарылуы, ғылыми даму, халықаралық байланыс,
әлеуметтік жағдай, студенттер мен куратор-эдвайзерлер
арасындағы қарым-қатынас, шетелдік студенттерді
қамтамасыз ету, қос диплом және жұмыспен қамту сынды
бөлімдерге ерекше ден қойды. Ол өз баяндамасында:
«Биология және биотехнология факультеті оқу жүйесін
бағалаушы индикативті жоспарды жүзеге асыру
бойынша өзге факультеттермен салыстырғанда өте
жақсы көрсеткішке қол жеткізді деп ойлаймын. Біздің
факультет 3-орынға табан тіреді. Бұл – факультет ұжымы
еңбегінің жемісі. Біз қол жеткен көрсеткіштермен тоқтап
қалмайыз. Осы қарқынмен одан әрі жұмысымызды
жалғастыра береміз», – деді. Оқу үдерісі бойынша жоғары
дәреже көрсеткен бұл факультетке сала мамандарының
бәрі бірауыздан «өте жақсы» деген баға берді.
Осылайша, күн тәртібіндегі мәселеден соң ректорат
мүшелері ақпараттық технологиялар және инновациялық
даму институтының директоры Ж.Ж. Мамықованың
Webometrics I-2016 рейтингісінің қорытындылары және
рейтингіде университет сайтын алға жылжыту жолдары,
қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің деканы
Ж.А. Қалматаеваның Оңтүстік Кореяға іссапары, Түріксой
кафедрасының меңгерушісі А.Ә. Тұрғанбаевтың Түркияға
іссапары, бірінші проректор М.М. Бүркітбаевтың ҚР
Премьер-Министрінің орынбасары Д.Н. Назарбаеваның
қатысуымен өткен ҚР БҒМ-ның алқа отырысы туралы
хабарламаларымен таныс болды.
Жиын барысында механика-математика факультетінің
1,2-курс магистранттарына, химия және химиялық
технологиялар факультетінің 4-курс студенттеріне,
филология және әлем тілдері факультетінің қос
білімгеріне арнайы шәкіртақылар тағайындалды. Сонан
соң ректорат мүшелері биология және биотехнология
факультетінің деканы Болатхан Қазыханұлын 55 жас
мерейтойымен және плазма физикасы, компьютерлік
физика кафедрасының профессоры Кеңес Болатқұлұлын
80 жылдық мерейтойымен құттықтап, К.З. Болатқұлұлы
университет атынан «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға
сіңірген ерен еңбегі үшін» күміс медалімен марапатталды.
Қаламқас АМАНҚОСОВА
2
№6 (1600) 9 ақпан 2016 жыл
ақпарат
По данным мирового рейтинга сайтов университетов, составленного испанской исследовательской группой
Cybermetrics Lab, портал КазНУ возглавил казахстанский раздел – ТОП-20 лучших сайтов вузов страны
ҚысҚа-нұсҚа
Жалғасы. Басы 1-бетте
Әл-Фараби бабамыз айтып
кеткен «Тәрбиесіз берген білім
– адамзаттың қас жауы» деген
қанатты сөздер күні бүгінге дейін
өзектілігін жойған жоқ. Ұрпақ
тәрбиесі, студенттердің құқығы,
олардың қоғамдық белсенділігі
қазіргі қоғамда да аса маңызды.
Аталған дүниелердің бірі тұлғаның
бойынан табылмаса, оның алған
білімі өз жемісін бермесі анық.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев жыл сайынғы
халыққа арнаған Жолдауларында,
одан бастау алатын мемлекеттік
бағдарламаларда үнемі тәрбие мәселесі,
жеке адам құқығы, әрбір тұлғаның
қауіпсіздігіне айрықша көңіл бөліп келеді.
Осы орайда Елбасының бастамасы
мен Жолдауын талдап, қоғамда іске
жарату, тұлғаны қалыптастыру және
олардың құқықтық міндеттерін түсіндіру
мақсатында қара шаңырақ ҚазҰУ-
да 26 қаңтар мен 5 ақпан аралығында
Тәрбие жұмысы жөніндегі департамент
пен Академиялық мәселелер жөніндегі
департаменттің, Оқу-әдістемелік бөлім
мен Қауіпсіздік және жедел әрекет ету
орталығы басшыларының қатысуымен
«Құқық бұзушылықтың алдын алу»
тақырыбында әр факультетте кездесу
болып өтті. Шараларға факультет
басшылары, аға-оқытушылар, аға-
кураторлар мен факультет студенттері
қатысты.
Кездесулер барысында әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ ішіндегі ішкі тәртіп
ережелерін сақтау, Студенттің ар-намыс
кодексін өзара талқылау, жатақханадағы
тәртіпті сақтау, емтихан кезіндегі құқық
бұзушылықтардың алдын алу мәселелері
қозғалды.
Студенттер тарапынан көптеген
сұрақтар қойылып, шешімін таппай
келген кей мәселелер қаралды.
Талқылаулардан студенттер өз құқықтары
жайында толыққанды мәліметтер ала
алды. Ұйымдастыру шаралары кезінде
білімгерлер алға қойған мақсаттарға
жету жолында тәртіпті әрі тәрбиелі
болу керектігін сезініп, ықылас-
ризашылықтарын білдіріп жатты.
Марғұлан АҚАН,
Тәрбие жұмысы және тіл саясатын
ұйымдастырушылық-әдістемелік
қамтамасыз ету бөлімінің маманы
№9 Студенттер үйінде «ҚазҰУ студенті
оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында
педагогика және білім беру менеджменті
кафедрасының доценті Қасымова Роза
Садыққызының
ұйымдастыруымен
тәрбиелік іс-шара өтті.
Шараға республикалық «Қазақ
әдебиеті» газетінің әдебиет, сын бөлімінің
меңгерушісі Бағашар Тұрсынбайұлы
арнайы шақырылып, 1, 2-курс
студенттерімен әдебиет, руханият һәм
тәрбие хақында мағыналы әңгіме қозғады.
Бағашар Тұрсынбайұлы жоба аясындағы
кітаптардың бірсыпырасына тоқталып,
студенттер үшін қызық әрі мағыналы
шығармаларды атап өтті. Кездесу қонағы
«Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі
тану», «Педагогика және психология»
мамандықтарында оқып жатқан сіздер
үшін 100 кітап жобасының пайдасы
зор. Ертең шәкірттердің алдына барған
кезде өз ойларыңызды толық, тиянақты
жеткізуде, рухани тәрбие беруде көмегі
зор. Бұл жоба ҚазҰУ студентінің жан-
жақты болуы үшін жасалған стратегиялық
бірегей бағыт», – деді.
Роза ҚАСЫМОВА,
педагогика және білім беру
менеджменті кафедрасының доценті
***
«Айналаңды нұрландыр» жобасы
аясында механика-математика
факультетінің «Есептеу техникасы
және бағдарламалық қамтамасыз ету»
мамандығының 1-курс студенттері мен топ
эдвайзерлері М. Әуезов атындағы қазақ
мемлекеттік академиялық драма театрына
барып, Ш. Мұртазаның «Ай мен Айша»
қойылымын тамашалап қайтты.
Университет табалдырығын жаңадан
аттаған білімгерлерді театрдағы қойылым
ерекше күйге бөледі. Қойылымда
майданның барлық ауыртпалығын бастан
кешкен ауыл адамдары, соның ішінде
«халық жауы» атанып, айдауда кеткен
отағасының аманаты – үш балапанын
қалайда аман-есен жетілдіруді мақсат
еткен Айшаның отбасы бейнеленеді.
Алапат соғыс, ел ішіндегі аштық,
шарасыздық. Бұл – жалғыз Айшаның
тағдыры емес, ел тағдыры. Елдің өшпес
өршіл рухы бұл жолы да жасампаз.
Спектакль жеңіс үшін, өмір-тіршіліктің
жалғасы үшін тылда жан аямай еңбек еткен
барлық Ана мен баланың, кейуаналар
мен ақсақалдардың ерен ерлігіне тағзым.
Еліміздің басынан өткен тауқыметті бір
сәтке жүрекпен сезінген жастар да оларға
жеңіс үшін, бейбіт өмір үшін іштей алғыс
айтып, көңілдеріне көп ой түйгені даусыз.
Университет ректорының бастамасымен
іске асып жатқан «Айналаңды нұрландыр»
жобасы студенттердің қоғамға деген
сүйіспеншілігін, айналасына жақсылық
жасау қабілетін арттыруға зор ықпал
етуде.
Салтанат ӘДІЛЖАНОВА,
Бағила АЛИМБАЕВА,
информатика кафедрасының
аға оқытушылары
***
«TARZHIMAN CLUB»
жас аудармашылар клубының
ұйымдастыруымен «Жүз кітап» жобасы
аясында «М. Мақатаев және көркем
аударма» атты поэтикалық аударма кеші
өтті.
Мұқағали ақынның өз дауысымен
басталған кеш оның шығармашылығына
арналған слайд-шоумен жалғасты.
Болашақ аудармашылар М. Мақатаев
аударған У. Шекспир сонетінің
аудармасын талдады, ақынның жыл
мезгілдеріне арналған өлеңдерін оқып,
«Бүгін менің туған күнім» музыкалық
қойылымын қойды. Кеш қонағы –
ақынның қызы, ҚазҰУ-дың ұстазы
Шолпан Мұқағалиқызы естеліктерімен
бөлісті.
Кешке шетел филологиясы және
аударма ісі кафедрасының меңгерушісі
Д. Қарағойшиева, профессор Ә. Тарақов,
М. Жаңабекова, А. Айтмұхамбетовалар
қатысты.
Л.Ж. МҰСАЛЫ,
доцент
Испандық Cybermetrics Lab зерттеу
тобы үздік 20 қазақстандық
университет сайтының тізімін
жариялады. Cybermetrics Lab
зерттеу тобы құрастырған
университет сайттары әлемдік
рейтингінің қазақстандық
бөлігінде Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің
порталы көш бастап тұр.
Сарапшылар сайттарды бағалау
кезінде порталдардың іздеу жүйелерінде
анықталып шығуына, атап айтқанда,
гиперсілтемелердің саны мен іздеу
жүйелерінде көрінуіне баса назар
аударған. Рейтинг жылына екі рет
жарыққа шығады. Қаңтар мен шілде
айының алғашқы 20 күнінде 24 мыңнан
астам порталдар туралы мәліметтер
жиналады. Құрастырушылардың негізгі
мақсаты – білім беру бағдарламаларына
сай университеттердің ғаламтордағы
белсенділігін арттыруға ынталандыру.
Ақпараттар көбіне Google және Google
Scholar-дан келіп түседі.
Ал жаһандық рейтингіде алғашқы
орынды Гарвард университетінің сайты,
екінші орынды Стэнфорд университетінің
сайты, ал үшінші орынды Массачусетс
технологиялық институты алғанын атап
өту керек.
БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ
Мұхит Асанұлының «Қуатты Қазақстан
– Ұлттық идея» доктринасы – осы
жоспарға енген істердің бірі. Шара
барысында дәріскер тыңдаушыларға
«Ұлттық идея деген не? Зияткерлі ұлт
деген қандай? Адам деген кім? Өмір мәні
неде? Тәрбие, діл, рух, жан, бақыт деген
не?» сынды жиі айтылса да мағынасына
терең үңіле бермейтін көптің көкейінде
жүрген сұрақтарға толық жауап берді.
Автор әлемдік ғылымда осы күнге дейін
шешімі табылмай келген зияткерлі ұлт
қалыптастыру тетігі – адам санасының
логикалық жұмыс жүйесінің пирамидалық
құрылымының голограммасы мен
адам жанының психо-эмоционалдық
құрылымына кеңінен түсініктеме беріп
өтті.
М.А. Әуелбай: «Біз зияткерлі ұлт
болуымыз қажет. Зияткерлі ұлт дегеніміз
– білімді әрі тәрбиелі халық. Біздің
міндетіміз – бүгінгі ұрпағымызға,
алдымен, тәрбиені ұғындыру. Одан кейінгі
мақсатымыз – өмір жан жетілу үшін
берілген сынақ екенін түсініп, ақ пен
қараны ажыратып, өмірге ақыл көзімен
қарай білу арқылы кез келген жүйенің
құрылымын дұрыс ұғынып, ізгі, оң
шешім қабылдай алатын, санасы ашық,
даналықты меңгерген ұрпақ тәрбиелеу»
деп жастарды тәрбиелі, одан кейін асқан
білімді болуға шақырды. Бәсекелестіктің
бағасы – білімде. Ілім үйреніп, ғылым
зерттеуде ерекше ізденімпаздық танытқан
кез келген тұлға қандай сында да бас
бәйгені бермесі анық.
Аталмыш шара одан әрі адам ой
санасының құрылымын бейнелеген
голограммалық пирамиданың қыр-
сырын түсіндірумен жалғасты. Осы
тұрғыда дәріскер: «Интеллектуалды
ұлт қалыптастыру механизмі – тіл мен
ділімізге, дәстүрлі рухани заңдылықтарға,
заман талабына сай, ғылыми көзқараспен
қарап, адам ой-санасының пирамидалық
құрылымының
голограммасын
күнделікті өмірде дұрыс қолдана білу
арқылы іске асады», – деп өз ойын ашық
жеткізді. Бір жарым сағатқа созылған
«Мәңгілік Ел» идеясын өзекті еткен дәріс
тыңдаушы оқытушылар мен студенттер
тарапынан жоғары бағаланды. Сондай-ақ
жиын соңында Мұхит Aсанұлы «Қуатты
Қазақстан» қорының жетекшілігімен
ұйымдастырылатын «Бір күнде бір
жақсылық» атты акциясына қатысуға
үндеді.
Қаламқас АМАНҚОСОВА
3
№6 (1600) 9 ақпан 2016 жыл
информация
Филология факультетінде «Жүрегім менің – жанартау» атты әдеби-сазды кеш өтті
Республика Казахстан, как суверенное государство строит свою
политику взаимоуважения со всеми государствами мира. Это политика
распространяется и на такую важную сферу как обороноспособность и
безопасность государства. Министерством обороны РК налажено тесное
военное сотрудничество со многими странами мира, в том числе и таким
крупнейшим государством как Республика Индия.
На основании Меморандума, под-
писанного в июне 2015 г. о сотрудничестве
в области образования и науки между
военной кафедрой КазНУ и Нацио-
нальным кадетским корпусом Индии,
в конце прошлого года состоялся
первый визит представителей вуза в
Индию. Студенты военной кафедры
университета Жанадил Талдыбаев и
Байсултан Отарбаев (начальник военной
кафедры полковник О. В. Ажимов) в
составе группы из 9 человек побывали в
Индии, чтобы закрепить свои знания по
военной терминологии на английском
языке, полученные на военной кафедре по
специальности «иностранный язык». Во
время поездки они стали переводчиками
для командующего состава и студентов
военных кафедр вузов Казахстана.
В январе текущего года состоялся
пов
тор
ный визит делегации в составе
двенадцати студентов и двух офицеров с
военных кафедр вузов Казахстана в честь
Дня Республики Индия в Нью-Дели. В
числе тщательно отобранных кандидатов
оказались такие студенты военной
кафедры КазНУ как Р. У. Камбаров,
У. Б. Кенжегулов, А. К. Молдабеков,
Н. Б. Омирзак во главе с курирующим
преподавателем специальности,
подполковником Б. Б. Смагуловой.
И на этот раз студенты военной
кафе
дры КазНУ заняли передовые
пози
ции не только в переводческой
деятельности, где они были основными
переводчиками первых лиц, но в вопросах
дисциплины и военной подготовки. Так
студенту Р. У. Камбарову была оказана
честь командовать сборным взводом
казахстанской делегации. Руководство
принимающей страны в лице полковника
С. К. Прусти выразило огромную
благодарность студентам-переводчикам:
Руслану Камбарову, Арлену Молдабекову
и Улану Кенжегулову.
Все иностранные студенты были
размещены в учебном лагере нацио-
нального кадетского корпуса. Кроме
казахстанцев в лагерь прибыли делегации
из России, Вьетнама, Непала, Бутана,
Шри-Ланки и Бангладеш. Студенты,
общаясь с представителями делегаций этих
стран, смогли узнать много интересного
об их традициях и обычаях.
Представители делегаций иностранных
государств были приглашены прини-
мающей страной на военный парад в честь
Дня Армии и Дня Республики Индия.
На нем приняли участие все роды войск
Армии Индии, в том числе пограничные
войска, женский батальон, колонны
школьников, скаутов, народные танцоры,
оркестры, каскадеры с рядом номеров
на мотоциклах. Также здесь состоялись
красочные выступления, представляющие
индийские штаты.
Руководством Национального кадетс-
кого корпуса Индии была предусмотрена
насыщенная культурная программа.
В течение презентации представители
делегаций восхищались колоритными
нацио нальными костюмами и их велико-
лепными танцами, которые рассказывали
об истории развития стран Азии.
Приглашенные гости посетили
главные туристические места в городе
Нью-Дели: Национальный музей,
Кутуб Минар, гробницу Хумаюна, Храм
Лотоса и Агру, Джайпур, где смогли
ознакомиться с одним из чудес света –
памятником Тадж Махал. Также прошли
торжественно-церемониальные встречи
с высокопоставленными официальными
лицами Индии: Президентом Республики
Индия, Премьер-министром государства,
Министром обороны, Начальником
генерального штаба Армии Индии, а также
Командующими сухопутных, морских
и воздушных сил страны. В ходе встреч
меня поразила простота, добродушие и
гостеприимство индийского народа.
Выражаю уверенность, что наше
сотрудничество по программе обмена даст
толчок и динамику нашего продуктивного
сотрудничества в сфере военного
образования между нашими странами,
во благо и процветание Республики
Казахстан и Республики Индия!
Хочется выразить огромную
благодарность за работу, проводимую
для развития международных связей
между нашими странами Чрезвычайному
и Полномочному Послу Республики
Индия господину Харшу Кумару Джайну,
военному атташе полковнику Л. Лиддеру
и директору Национального кадетского
корпуса Индии генерал-лейтенанту А.
Чакраварти за теплый прием нашей
делегации.
Достарыңызбен бөлісу: |