М.Қ. АСЕМБАЕВА,
жылуфизика және техникалық физика
кафедрасының доценті м.а.
мерейтой
6
№6 (1600) 9 ақпан 2016 жыл
үздік университет
В рамках проекта «День отечественного кино» во Дворце студентов
им. У.A. Жoлдaсбекoва состоялся показ фильма «Құнaнбaй»
КазНУ – это ведущий национальный университет Казахстана.
В январе текущего года вузу исполнилось 82 года, что
позволяет продемонстрировать уровень его международной
конкурентоспособности, соответствие требованиям современной
отечественной и глобальной экономики. На сегодняшний день КазНУ
занимает лидирующие позиции не только среди вузов РК и СНГ, но и в
международных рейтингах.
К примеру, по рейтингу известной
международной организации «Great-
ValueColleges» КазНУ вошел в число
50-ти самых технологически развитых
университетов мира, заняв в рейтинге 31
место. Следует отметить, что в рейтинге
казахстанский вуз является единственным
представителем не только стран-участниц
СНГ, но и Восточной и Центральной
Европы, а также наряду с Сингапуром и
Японией пред¬ставляет весь Азиатский
континент.
В этих достижениях есть определенный
вклад кафедры менеджмента и маркетинга
Высшей школы экономики и бизнеса.
Кафедра основана в 1995 году и первым
ее заведующим был выдающийся
организатор системы высшего образования
Казахстана, член-корре¬спондент
НАН РК, доктор экономических наук,
профессор, большой знаток казахской
словесности К. Н. Нарибаев. Из состава
1995-1996 учебного года ныне работают
доцент С. К. Джумамбаев и профессор К.
С. Мухтарова, которая ныне руководит
кафедрой, сохраняя и продолжая
заложенные тогда основы и традиции.
Сегодня на кафедре работают 6 докторов
экономических наук, профессоров, 2
доктора РhD (философии), 15 кандидатов
наук и 11 магистров. Профессорско-
преподавательский состав выиграл 4 гранта
по фундаментальным исследованиям
в конкурсе, объявленном МОН РК,
издает учебники и учебные пособия
на казахском, русском и английском
языках, монографии и научные статьи в
отечественных и зарубежных странах. В
последние годы все чаще издают статьи
в журналах индексируемых рейтингом
Scopus в дальнем и ближнем зарубежье.
Преподаватели кафедры ежегодно
обновляют элективные курсы по выбору
студентов, приближая их к требованиям
работодателей.
Таким образом, на кафедре
менеджмента и маркетинга сложился
и совершенствуется компетентный
п р о ф е с с о р с к о - п р е п о д а в а т е л ь с к и й
состав, владеющий инновационными
методами обучения, исследовательскими
навыками и потенциалом. Прием
студентов по программе бакалавриата
проводится по таким специальностям,
как: менеджмент, маркетинг, логистика
(по отраслям), государственное и местное
управление. В магистратуру принимают
на специальности: менеджмент,
инновационный менеджмент, управление
проектами, маркетинг, государственное
и местное управление. В докторантуре
обучение проводится по специальностям:
логистика (по отраслям), менеджмент,
государственное и местное управление,
инновационный менеджмент, управление
проектами.
Стоит также отметить, что КазНУ
– лидер по количеству размещенного
государственного образовательного заказа
(грантов на обучение). Дополнительно
к государственным образовательным
грантам в университете ежегодно
вручаются гранты ректора. В КазНУ
существует гибкая система скидок и льгот
на платное обучение.
Закончив программу бакалавриата в
КазНУ и ныне являясь магистранткой
2-го курса, я нисколько не жалею
о своем выборе, более того горжусь
обучением в данном вузе и его главными
Психолог – психология мамандығы бойынша оқыған, дипломы
мен арнайы теориялық білімі және практикалық тәжірибесі бар
адам. Психологтар негізінен дені сау, бірақ қарым-қатынаста
қолдау мен түсінуді қажет ететін адамдармен жұмыс істейді.
Егерде адамда психикалық ауытқулар білінсе, психолог оны
психиаторға жібереді.
Психология мамандығы көп салалы, әр
психолог өзі таңдаған саласы бойынша
жұмыс атқарады. Мысалы, балалар
психологиясы, отбасы психологиясы,
клиникалық психология, заң
психологиясы және т.б. Қазақ ұлттық
университетінің философия және
саясаттану факультетіндегі жалпы және
қолданбалы психология кафедрасы кәсіби
психолог маман даярлауда жетекші мекеме
болып табылады. Бұл жерде көптеген
кәсіби психологтар мен психология
ғылымының докторлары арқасында
имиджевыми характеристиками считаю
престижность, качество образования,
международный уровень подготовки
преподавателей, активную и интересную
студенческую жизнь. И уверена в том,
что выпускники КазНУ имеют высокую
конкурентоспособность на рынке
трудоустройства. Это доказывает практика.
Если посмотреть список выпускников
университета, то обнаружим множество
высокопоставленных лиц, элиту
казахстанского общества. Это – министры,
депутаты, акимы разных уровней, ректоры
большинства университетов Казахстана,
руководители крупных промышленных
предприятий и банков как в нашей стране,
так и за рубежом.
Известный писатель Р. Киплинг писал:
«Образование – важнейшее из земных
благ, если оно наивысшего качества.
В противном случае оно совершенно
бесполезно». В этом свете в КазНУ
предоставлена уникальная возможность
получить качественное образование и
стать профессионалом своего дела.
М. Е. ЖУМАШЕВА,
магистрантка ВШЭБ, спец. «ГИМУ»
(руководитель – Е. Б. ЖАТКАНБАЕВ,
д.э.н, профессор кафедры
менеджмента и маркетинга)
жыл сайын түрлі психология саласында
жұмыс істейтін кәсіби мамандар дайындап
шығарылады.
Бірнеше саланы бірге атқаратын,
сонымен қатар бір бағытта ғана жұмыс
істейтін психологтар да бар. Адам қандай
да қиындыққа тап болса, ол мәселенің
психология арқылы шешілу жолдары
көп. Яғни, мәселені шешу тек бір бағытта
ғана емес, бірнеше психологиялық бағыт
арқылы шешімін таба алады. Ондай
бағыттардың бірі кеңесші психолог, ол
сізбен мәселеңізді талқылау барысында
жағдайды түсіндіре отырып, сізге дұрыс
шешім қабылдауға немесе мәселеңіздің
шешімін табуға сізді бағыттап отырады.
Гештальт терапевт те сіздің мәселеңізді
талқылай отырып, сезіміңізге, тілегіңіз
бен қалауларыңызға көңіл бөледі. Ал
арттерапия арқылы сіз өз мәселеңізді
қағазға түсіре отырып, оны сырттан
талқылауға, адам сурет салып, өзінің ішкі
сезімін, көңіл-күйін білдіруге мүмкіндік
алады, өзіне жағымсыз жайттарды
жеңіл қабылдайды. Күрделі мәселелерді
шешудегі тағы бір психологияның бағыты
нейро лингвистикалық бағдарламалау
(НЛБ). НЛБ маманы сіздің мәселеңізге
қарай дұрыс шешімін табатын арнайы
техниканы ұсынады. Адамзат дамуымен
қатар психологияның салалары да көбейе
түсуде. Психологияның қай саласы болса
да, адамның күнделікті іс-әрекетімен
байланысты.
Қазіргі таңда медициналық психология
адамның рухани денсаулығына үлкен
көңіл бөлетін психологияның бір
саласы болып табылады. Медициналық
психология дегеніміз дәрігерлердің
қызметі мен емделушілердің мінез-құлқын
зерттейді. Яғни, дәрігерлер жұмыс кезінде
адамдардың өте қиын халге ұшырағандарын
көп көргені, емделушілердің өзіне қойған
нашар диагнозын естігені оларға өте
қиын соғады. Олардың бастан кешкен
қиындықтармен күресуінде психологтың
жұмысы өте маңызды. Тағы бір саласы
әскери психология, оның ең басты
міндеті — азаматты ел-жұрты мен Отанын
қорғауға қалқан болуға психологиялық
тұрғыдан даярлау. Мұнда жауынгердің
мінез-құлқы мен отаншылдық қасиетін
тәрбиелеп қалыптастыру жағдайлары,
басшылары мен бағынушылар арасындағы
қарым-қатынасты реттеу жұмысы
жүргізіледі. Психологиядағы тағы бір сала
– заң психологиясы. Заң психологиясында
психолог құқыққа қатысты мәселелерді
тәжірибе жүзінде қолданудың
психологиялық ерекшеліктерін,
қылмыскерлер, айыптаушылар, куәгерлер
психологиясын зерттеумен айналысады.
Мұнда олар түрлі қылмыстарды ашуға
қатысып, олардың қандай жағдайларда
пайда болғанын, оның не себептен
жасалғанын зерттеп отырады.
Нұргүл ТОҚСАНБАЕВА,
жалпы және қолданбалы психология
кафедрасының профессоры;
Маржан НАҒАШБЕКОВА,
2-курс магистрі
7
№6 (1600) 9 ақпан 2016 жыл
ж е з қ о ң ы р а у
Философия және саясаттану факультетінде «Жасыл энергия индустриялық-
инновациялық дамудың желмаясы (EХPO-2017)» атты дөңгелек үстел өтті
Ершат ТІЛЕУХАН
1995 жылы 11 ақпанда Қытай елінде
өмірге келген. 2005 жылы ата-анасымен
Талдықорған қаласы,
Сарқан ауданына қоныс аударған. Бала
күнінен қолына қалам ұстап, өлең жазған.
Республикалық мүшәйралардың бірнеше дүркін
жеңімпазы. Бос уақытында кітап оқып,
спортпен айналысқанды ұнатады.
Қазіргі таңда ҚазҰУ-дың журналистика
факультетінің 2-курс студенті.
МӘҢГІ ӨШПЕЙТІН
АҚЫНЫСЫҢ ҚАЗАҚТЫҢ
(М.МАҚАТАЕВҚА АРНАУ)
Жүрегі ізгіліктен жаратылған,
Ел есінен кетпейді дара тұлғаң.
Нәр алып жырларымды ақтарамын,
Қазақтың дәл өзіңдей данасынан.
Жасыңнан қиындықты көп көріп ең,
Тайсалмаған асау өмір өткелінен.
Жыр жазған артта қалған ұрпағына
Мақтанам бір өзіңдей өскен ермен.
Аққу боп көлде жүзгін тербетілген,
Келбетің өзгеше ғой жер бетінен.
Киелі Қарасазда туып өсіп,
Жыр жауқазын өрнегін селдетіп ең.
Даламда ойнақтаған киігіңе,
Хантәңірдің шықтың ең биігіне.
Жыр жазсам жарасады әрқашанда
Бәйгеден дара шыққан жүйрігіме.
Айтылмаған Мұхаңда арман бар ма?
Әр өлеңі толы ғой армандарға.
Шерте білген мұңдарын жас қайыңға,
Дәл Мұхаңдай қазақта ақын бар ма?
ҚАЗАҚ ЕЛІМ
Айтам бүгін бұл жаһанның кеңдігін,
Мен тілеймін бай мен кедей теңдігін.
Жауға шапқан найза алып батырлар,
Жалықпаймын жырға қосып ерлігін.
Реніш бар, жазылар ма кеудемде,
Бойымдағы жетер күшім емдеуге.
Қиындыққа қарсы тұрам мойымай,
Бар жақсылық тілеп халқым сендерге.
Отаным деп бар жаһанға жар салам,
Айылмаған талай жырым бар саған.
Пейілі кең, иманы бар қазағым,
Келсең маған құшақ жая қарсы алам.
МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН
Құрметте сен, құрмет көрсет жастарға,
Азап күндер артта қалды жасқанба.
Баптап өзің, дұрыс қарап екпесең,
Қисық өсер өзің еккен жас тал да.
Қиындығы өзі-ақ кетер, жоғалар,
Бірі келер, бірі кетер, оңалар.
Тілің үшін, дінің үшін жастарым,
Аямаңдар күштеріңді қолда бар.
Болашақтың кілті мына жастарда,
Қолды созам арман қуып асқарға.
Не көрсем де аянбаймын ел үшін,
Суға батып, отқа күйіп жансам да.
Бір пендесі болсам деймін халқымның,
Мен қуанам шықса қазақ даңқының.
Биік болсын қазағымның тұғыры
Ұзақ болсын шуақ шашқан алтын күн.
Арналады, туған елім, жыр әнім,
Елін сүйген мен бір қазақ ұланың.
Бүкіл әлем желбірегін төрінде
Биік тұрып көк байрағың, қыраның.
Оян, қазақ, көтерейік еңсені
Біз, жастар ғой, болашақтың ертеңі.
Жанын беріп ата-бабам қоғаған
Гүлдендіріп, көркейтейік өлкені.
Экспоны жеңіп алдық бүгінде,
Тәуелсіздік таңы атып елімде.
Көрген азап сан ғасырғы ұмыт боп,
Қуаныштың жасы тамар көзіңде.
Елім үшін еңбек етсем арманым,
Бабам салған сара жолын жалғадым.
Елбасымыз аман болса қазақтың,
Алла берер бірлік болса қалғанын.
ЖЕЛТОҚСАН ЫЗҒАРЫ
Сездіргендей қатал суық, желтоқсанның ызғарын,
Қалам алып терең оймен сол бір сәтті қозғадым.
Ар-намысын биік қойып азаттықтың жолында,
Құрбан болды Отан үшін отқа түсіп боздағың.
Не көрмедің, қайран қазақ, не көрмедің ел үшін,
Оққа төсеп өр кеудесін ұлан-байтақ жер үшін.
Ұмытпайық сол кездерді, сонау қатал азапты,
Бұл қазағым көріп жатыр сендер берген жемісін.
Ерліктері үлгі бізге Ербол, Қайрат, Ләззаттың,
Құрсауында өмірі өтті қанша талай азаптың.
Әділдікті ұран етіп шықпаса олар майданға,
Еркіндіктің таңы атып, келмес еді азат күн.
Көтер басты, көтеріңдер, түсірмеңдер еңсені,
Болашағы елім дейтін, мына біздер ертеңгі.
Желтоқсанның оқиғасын ұмытпайық ешқашан,
Ту ғып ұстап шындықты,
олар алашым деп өртенді.
ҚҰЛАГЕР ЖЫР
ЕШҚАШАНДА ӨЛМЕГЕН
(ІЛИЯС ЖАНСҮГІРОВКЕ АРНАУ)
Мен арнаймын, арқалы ақын, жырымды
Айту үшін өлеңменен сырымды.
Болмасам да ұқсау үшін талпынам,
Жалғау үшін мұрагер боп ізіңді.
Өлең жазсам бай мұраңа тамсанып,
Нағыз дүлдүл дара шапқан баршаң ұқ.
Ақсудайын асау өзен жырыңды
Айтып жатыр бар әлемге жар салып.
Құлагерсің бас бәйгені бермеген,
Жетісудің жүйрігісің өрлеген.
Қиса өмірін Батыраштың балтасы,
Асау жырың ешқашанда өлмеген.
Шарлап кетті бүгін байтақ даланы,
Шуақ шашып поэзия самалы.
Есейер деп менің өлең-өрімім,
Көкейімде үміт оты жанады.
Өлең жазып өзің жайлы толғанам,
Көкейімде сенің жырың орнаған.
Қызғалдақтай көктем сайын құлпырып,
Құлагер жыр ешқашанда солмаған.
Тарихыңа үңілсем мен зер салып,
Өзің жайлы айтып жатыр жар салып.
Тәубе етуде ұрпақтарың басыңа
Гүл шоқ қойып, қалам тербеп, жыр жазып.
Атты бүгін өзгеше бір таң күліп,
Сая болар асау жырың мәңгілік.
Бұл өмірден ерте озып кетсең де,
Сенің даусың естіледі жаңғырып.
Сіз тірісіз асқар таудай тұлғалым,
Сізге ұқсап қаламымды шыңдадым.
Дайындаған:
Қаламқас БАҚЫТЖАНҚЫЗЫ
В Государственном
республиканском корейском театре
музыкальной комедии состоялся
спектакль «Генерал Ко Сон Ди»,
поставленный режиссером Еленой
Ким по сценарию преподавателя
кафедры Дальнего Востока КазНУ
Чой Джи Ёнг.
На мероприятие пришли и студенты
корейского отделения факультета
востоковедения КазНУ. Спектакль
длился почти полтора часа, но
зрители воспринимали его на одном
дыхании. Захватывающие сцены боев,
сопровождавшийеся видеоподдержкой,
эффектные костюмы и грим, переносили
зрителя в ту историческую эпоху, в которой
происходили события.
Генерал Ко Сон Ди родился в Когуре
7-8 месяце 751 г. и командовал войсками
Танской империи. Когуре распалось в
результате постоянных нашествий армий
Танской династии и государства Силла
в 668 году. Около 200 тыс. когуресцев
насильственно угнаны в Китай, где
подвергались дискриминации. Однако
для продвижения по социальной лестнице
одним из способов явилось совершение
военных подвигов.
Ко Са Ге (актер Р.
Цой, заслуженный
работник культуры),
отец Ко Сон Ди попал
в Китай пленником.
За всю свою долгую
жизнь совершил
военные подвиги, за
что получил высокую
воинскую должность.
Ко Сон Ди (артист
И. Шин) как и
его отец, обладает
выдающимися способностями и тактикой
ведения боев. Отец воспитал его как
истинного когуресца с сильным боевым
духом, порядочностью и мудростью.
Ко Сон Ди вошел в историю как
полководец, который совершил
вонные экпедиции на территорию всей
Центральной Азии и в страны запада от
Китая. Он потерпел поражение в битве на
Таласе. Ко Сон Ди пожертвовал всем во
имя становления Танской империи, но
конце концов был казнен по обвинению в
доносе.
Английский археолог Одель Ставин,
который исследовал страны Центральнорй
Азии, так писал о Ко Сон Ди, который
завоевал Памирское плато и Гиндукушские
горы: «Ко Сон Ди превосходит Наполеона
и Ганибала, он был великим генералом».
Студенты корейского отделения
факультета востоковедения наглядно
увидели примеры патриотизма, мужества,
порядочности и, конечно, получили
практические уроки в восприятии
изучаемого языка.
Юлия ТЕН
8
№6 (1600) 9 ақпан 2016 жыл
білгенге маржан
Бағасы келiсiм бойынша.
Таралымы 1000 дана
Тапсырыс №70
Жарияланған мақаладағы автор пiкiрi редакцияның
көзқарасын бiлдiрмейдi.
редакцияға түскен қолжазба қайта рылмайды, үш
компьютерлiк беттен асатын материалдар қабылданбайды.
«қазақ университетiне» жарияланған мақала көшiрiлiп
басылса, сiлтеме жасалуы мiндеттi.
Жарнама мәтініне жарнама беруші жауапты.
ҚҰРЫЛТАЙШЫ:
Әл-фараби атындағы
қазақ ұлттық
университетiнiң
ректораты
РЕДАКЦИЯ АЛҚАСЫ:
бас редактор м.а.:
Әйгерім ӘЛІМБЕКОВА
Жауапты хатшы –
Дариға АМАНКЕЛДИЕВА
тілшілер:
Айкерім КАМАЛДИНОВА, Елдана ТОҚБАЙ
дизайнер –
Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
фототілші –
Марат ЖҮНІСБЕКОВ
корректорлар:
Гүлмира БЕКБЕРДИЕВА, Әйгерім ИМАНҒАЛИЕВА
МЕКЕНЖАЙЫ:
050040, алматы қ., әл-фараби даңғылы, 71,
ректорат, 11-қабат, №1104 бөлме.
байланыс телефоны:
377-33-30, iшкi: 11-94,
тiкелей: 377-31-48.
Газет 1994 жылдың 7 ақпанында қазақстан республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiнде
тiркелiп, № 1242 куәлігi берiлген
соңғы бет
Электронды мекенжай:
kazuniver-gazeti@mail.ru
Газет редакцияның компьютер орта лығында терiлiп,
беттелдi. “Бизнес-Информ“ баспаханасында басылды
Тел:.2-93-09-09
Дoсхaн жoлжaқсынoв:
Ө.A. Жoлдaсбекoв aтындaғы Студенттер сaрaйындa ҚазҰУ-дың
«Oтaндық кинo күні» жoбaсы aясындa «Құнaнбaй» фильмінің көрсетілімі
өтті. Oтaндық киноға қолдау білдіру мақсатында ұйымдастырылған
дәстүрлі шaрaғa кинo режиссері әрі бaсты рөлді сoмдaғaн aктер
Дoсхaн Жoлжaқсынoвтың өзі де келді.
Құнaнбaй зaмaнының негізгі өзегін
көрсете білген фильм 1 aй 18 күнде
түсіріліп біткенімен, oғaн дaйындық 5
жылғa сoзылғaн. «Дaйындық бaрысындa
менің oбрaзғa кіріп кеткендігім сoншaлық,
менің мұрнымa сoл зaмaнның иісі келетін
бoлды», – дейді актер.
Қaзaқ әдебиетінің клaссикaлық
туындысы «Aбaй жoлы» эпoпеясындa
Құнaнбaй жиынтық бейне ретінде
суреттеліп, қaзaқ зиялысы Aбaйдың
әкесі жaйлы oқырмaндa жaғымсыз пікір
қaлыптaсып қaлғaн. Бaсты кейіпкердің
фильмдегі oбрaзы Құнaнбaйды қaзaқ
қoғaмынa бaсқa қырынaн тaнытты. Тaрихи
деректердің негізінде түсірілген туындыдa
Кенесaры тaқырыбының қoзғaлғaндығы,
Құнaнбaйдың билер кеңесінде шығaрғaн
үкімдері мен aйтқaн бaйлaмдaры «мaлым –
жaнымның, жaным – aрымның сaдaғaсы»
дейтін қaзaқ бейнесін көрсете білген.
12 мaмырдa тұсауын кескен көркем
фильм oтaндық прoкaтқa шығып, өзінің
бaғaсын алып жатыр. Айтар болсақ, ХІ
«Еурaзия» хaлықaрaлық кинoфестивaлінде
НЕТПAК ұсынғaн «Үздік Oртa Aзия
фильмі» aтaлымы бoйыншa Дoсхaн
Жoлжaқсынoвтың «Құнaнбaй» фильмі
үздік деп тaнылды. Көпшілік көрерменге
aрнaлғaн фильмге жaстaрдың берер
бaғaсын білу үшін Дoсхaн Жoлжaқсынoв
көрсетілімнен кейін көркем туындығa
бaйлaнысты туғaн сұрaқтaрғa жaуaп
беріп, кинoиндустриядaғы aлғa қoйғaн
жoспaрлaрымен бөлісті.
«Өнер – өмір емес, oл өмірден де aсқaқ.
Сoндықтaн бoлaр кинoдaғы тұлғaлaрды біз
қaрaбaйырлaндырa aлмaймыз, иеленіп те
кете aлмaймыз. Oл бізге үлкен бoйтұмaрдaй
қaлбылдaнғaны былaй тұрсын, oл –
біздің әрқaйсысымызғa aртылғaн үлкен
жaуaпкершілік, – дей келе, – Мен Aлaш
зиялылaры турaлы, Тұмaр хaншaйым
жaйлы үлкен көркем туынды түсіргім
келеді. Әрине, oл oйдa бaр дүние. Бірaқ,
бәрі уaқыттың еншісінде», – деді актер.
ҚaзҰУ студенттері өз кезегінде қaзaқтың
қaмын жеген біртуaр aзaмaт жaйлы
түсірілген кинoдaн aлғaн әсерлерімен
бөлісіп, Дoсхaн Жoлжaқсынoвқa aлғыс
білдірді.
Елдана ТОҚБАЙ
Бүгінгі өскелең ұрпақ бойындағы
адамгершілік қасиеттерді
жетілдіруде отбасындағы ата-ана
тәрбиесінің, ортаның, қоғамның
алатын орны ерекше. Өмірге келген
әрбір жас ұрпақ өмірінің мәнді де
маңызды болуы отбасының аман-
саулығына тікелей байланысты.
«Отан отбасынан басталады»,
«Ел болам десең, бесігіңді түзе»
деген халқымыздың дара да даналы
сөздерін үнемі жадымызда ұран
етіп сақтасақ, әрбір ата-ананың
өмірге алып келген ұрпағы үшін
жауапкершілігі зор болар еді.
Алайда, бүгінгі таңда елімізде мемлекет
қамқорлығындағы балалар үйімен қатар,
тастанды, жетім балалардың тәрбиесімен
айналысатын жекеменшік балалар үйлері
жайлы естігенде жұдырықтай жүрек
шымырлай түседі. Неге бұлай болды
екен деген сұраққа терең күрсіне отырып
жауап іздерің сөзсіз. Апырым-ай, шыр
етіп дүние есігін ашқан сәбидің тағдыр
тәлкегіне ұшырап, туған анасының аялы
алақанында емес, мүлдем басқа жанның
қолында тәрбиеленуі қалай? Амал қанша,
бейкүнә сәби кеудесіндегі шерге толы
сезімге ерік бермей, соны жеңу арқылы
ғана қарақат көздерін күлімдетіп, маған
да бұл өмірде орын бар екен, соны алу
үшін алға ұмтылыс жасау керек деп
түсінері сөзсіз. Бұл ойлар «Айналаңды
нұрландыр» жобасы аясында жүзеге
асқан физикалық химия, катализ және
мұнайхимия кафедрасының студенттері
мен магистранттары, оқытушыларының
Ақжар шағын ауданында орналасқан «Ақ
үміт» жекеменшік балалар үйіне барған
сапары барысында қалыптасты. Мұнда
бүгінгі таңда 4-6 жас және 9-14 жас
аралығында 31 бала тәрбиеленуде.
«Бүгінгі таңда тәрбиеленуші
балаларымыздың алаңсыз өмір сүруі үшін
жағдайдың жасалуы – елімізде мейірімді,
қайырымды жандардың күн өткен сайын
көбеюінің арқасы, сол адамдардың көмек
қолын созуының нәтижесі. Біздер оларға
тек қана ризашылығымызды білдіреміз,
тәрбиеленушілерімізге еліміздің белді
азаматы болып өсуге баулып, соны жүзеге
асыруды мақсат етсеңіздер, қайырымды
жандарға көрсеткен құрметтеріңіз
деп үнемі айтып түсіндіріп, жақсы
жолға бағыттаймыз, – дейді балалар
үйінің директоры Болысов Қалинұр
Қасықбайұлы.
Бала тәрбиесіне тартылған
қызметкерлердің барлығы да жоғары
білімді мамандар. Бәрінің бойынан жас
ұрпақтың өскелең өміріне ізгіліктің
нұрын себуге, сол арқылы жақсы адам
ретінде тәрбиелеуге деген жауапкершілік
сезіледі. Кафедрадан барған студенттер,
магистранттар, оқытушылар әрбір
баламен сырласып, оларды тыңдап, жылы
сөздерімен өмірге деген талпыныстарын
ұштауға тырысты. Кафедра ұжымы балалар
үйінің тәрбиеленушілеріне күнделікті
өмірде қажетті заттар мен ойыншықтарды
сыйға тартты.
Мұнда тәрбиеленіп жатқан балалардың
барлығының да ата-анасы бар екенін
естігенде, тұла бойымызда қан жүрмей
қалғандай сезімде болдық. Өмірдің
бар қызығы – балаларын «тірі жетім»
атандырған ата-анаға не жетпеді деген
сұрақ мазалады. Бірақ жауабын таба
алмай, күнәсіз сәбилерге қамқоршы
болуға асықтық.
Е.ӘУБӘКІРОВ,
кафедра меңгерушісі;
Ж.ТАШМҰХАМБЕТОВА,
доцент
* Күніне кем дегенде 10-30 минут
серуендеңіз.
* Күніне кем дегенде 10 минут тыныштықта
болыңыз.
* Жеті сағаттан кем ұйықтамаңыз.
* Кітапты көп оқыңыз.
* Мүмкіндігінше бос уақытыңызды 70
жастан асқан қарттармен және 6 жастан кіші
балалармен өткізіңіз.
* Армандаңыз.
* Зауытта өндірілетін азық-түлікті азырақ,
табиғи өнімдерді көбірек жеңіз.
* Алтын уақытыңызды өсек, өтірік айтуға
жұмсамаңыз.
* Күніне кем дегенде үш адамға күлкі
сыйлаңыз.
* Жағымсыз ойлардан арылыңыз. Жақсы
нәрселерге көңіл бөліңіз. Өмір – мектеп. Біз
өмірге сабақ алып, тәжірибе жинау, ақылды
бола түсу үшін келдік.
* Біреуді жек көруге күш-жігеріңізді
жұмсамаңыз, өйткені өмір тым қысқа.
* Өміріңізді өзгелердің өмірімен
салыстырмаңыз. Жақсы көретін
адамдарыңызды да басқалармен
салыстырмаңыз. Сіздің бақытыңызды сізден
артық ешкім ойламайды.
* Кешірімді болыңыз. Басқа кісілердің сіз
туралы не ойлайтынын білу маңызды емес.
* Қызғану - уақытты босқа өткізу.
Массагет.кз
Достарыңызбен бөлісу: |