Апталық 1948 жылдың 20 сәуiрiнен шыға бастады



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата24.03.2017
өлшемі11,53 Mb.
#10162
1   2   3

Б. СМАГУЛОВА

преподаватель военной 

кафедры КазНУ, 

подполковник  

Каждый из нас знаком с 

принципом “Слово ранит острее 

ножа” в жизненной практике. И 

действительно, в современном 

мире очень важно уметь владеть 

словом как мечом и копьями в 

средневековое время.  

А представители Дебатного клуба КазНУ 

вот уже который раз на каждом словесном 

турнире защищают общегородской титул 

победителей. Перед началом семестра 

впервые прошел турнир по новому 

формату ПДК в университете КИМЭП,  где 

участники в одиночку противостояли друг 

другу. В турнире приняли участие более 30 

участников с разных вузов Алматы, таких 

как: КазНУ, КИМЭП, АЛМАУ, КБТУ и 

другие. 


Спикеры из нашего университета 

стабильно были в пятерке лучших, 

беспощадно уничтожая  на поле словесной 

битвы соперников. После отборочных 

раундов, четверти и полуфинала студент 4 

курса юридического факультета КазНУ А. 

Жуманов одержал безоговорочную победу 

и выиграл кубок. "Я верил в свою победу и 

одержал ее!" – поделился впечатлениями 

Ануар.  


Нина ДЕРЯБИНА

Жуырда ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультеті шетел 

филологиясы және аударма ісі кафедрасының ұйымдастыруымен «Филология, 

лингводидактика және аударматану: өзекті мәселелері мен даму бағыттары» 

атты І халықаралық ғылыми және оқу-әдістемелік конференция өтті.

Конференцияның ашылу салтанатында 

алғашқы сөз филология және әлем 

тілдері факультетінің деканы, филология 

ғылымдарының докторы, профессор 

Өмірхан Әбдиманұлына берілді. Ол «Шетел 

филологиясы» мен «Аударма ісі» мамандықтары 

2015-2016 оқу жылында  жаңадан тоғысып, 

жаңа бағытта қазіргі заман талаптарына 

сай оқытылып жатқанын тілге тиек етіп, 

 

конференция көтеріп отырған мәселелердің 



орта, арнаулы және жоғары оқу орындары 

оқытушылары үшін оқу үрдерісінде ғылыми 

және әдістемелік тұрғыда тәжірибе алмасуда 

маңызды қадам екенін айрықша атап  өтті.

Шара барысында ҚазҰУ-дың орыс тілі 

кафедрасын бірнеше жыл басқарған,  қазіргі 

таңда Түркия елі Эскишехир қаласындағы 

Анатолийский мемлекеттік университетінің 

профессоры, филология ғылымдарының 

докторы Зинайда Сәбитова «Олжас Сүлейменов 

шығармашылығының гипермәтіндік кеңістігін»  

зерттеуге арналған  терең де мазмұнды 

тақырыптағы баяндамасын оқыды. Сонымен 

қатар осы университеттің оқытушысы Эмине 

Карабаджак Кюндем И.А. Крыловтың «A crow 

and a fox/ Түлкі мен қарға» мысалының әлем 

мәдениетіндегі әртүрлі аударылу нұсқаларының  

ерекшеліктерін салыстыра отырып, өз 

баяндамасын ағылшын тілінде жеткізді.

Ал «Алтын көпір» халықаралық 

аудармашылар байқауының жеңімпазы, белгілі 

қазақ прозасының аудармашысы, филология 

ғылымдарының докторы, профессор Аслан 

Жамелұлы Жақсылықов ақын-жыраулар 

шығармашылығын аударудағы концептілерге 

тоқтала келіп, Асан Қайғы, Шалкиіз және 

Махамбет жырауларда кездесетін анафора мен  

монорифмалардың мәнерлі де тұрақты сөз 

қалқаларын түзудегі  кейбір ерекшеліктеріне 

тоқталды. Ол өз баяндамасында келтірілген 

аударманы мәтін түпнұсқасымен салыстырып, 

аударма мәселесінде кемшін кетіп жатқан тілдік 

құбылыстар туралы сөз қозғады. 

Сондай-ақ шарада MacMillan  баспа үйінің 

өкілі Назира Куратова, кафедраның аға 

оқытушылары, тәжірибелі оқытушы-әдіскерлер 

Татьяна Колесникова мен Алма Валиевалар сөз 

алып, өз тәжірибелерін ортаға салды.

ҚазҰУ-дың шет тілдер кафедрасының, 

 

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық 



қатынастар және әлем тілдері, Іскерлік 

карьера және шет тілдер университеттерінің 

оқытушылары  «Болашақ мұғалімдер мен 

аудармашыларды кәсіби даярлаудың теориясы 

мен әдістері», «Шетел тілдерін оқытудың 

заманауи технологиялары», «Әлемнің тілдік 

бейнесі мен мәдениаралық қарым-қатынас», 

«Аударманың жалпы теориялық және жеке 

мәселелері»  атты секциялар бойынша баяндама 

жасап, өз ой-пікірлерімен бөлісті.  

Тіл білімінің қазіргі кезеңдегі мәселелерін 

арқау еткен конференцияда лингвистика мен 

лингводидактиканың даму деңгейін танытатын 

ғылыми ұғымдар мен түсініктер, аударма 

ісі, аударматануға қатысты теориялық және 

тәжірибелік еңбектердің аудармашының аудару 

техникасы мен технологиясына қаншалықты 

 

әсер етіп, үлес қосатыны тұрғысынан жарық 



көрген ғылыми еңбектер кеңінен қамтылды. 

Қатысушылар назарына MacMillan баспа үйінің 

соңғы жарық көрген басылымдарының көрмесі 

ұсынылды. 



 Магүлсім ЖАҢАБЕКОВА,

шетел филологиясы және аударма ісі 

кафедрасының оқытушысы 

4

№6 (1600) 9 ақпан 2016 жыл

В библиотеке Аль-Фараби КазНУ прошла встреча с писателем-врачом, доктором 

медицинских и педагогических наук, профессором Совет-Ханом Габбасовым

тағылым


Продолжение. Начало на 1 стр.

Жуырда Әл-Фараби кітапханасында жазушы-дәрігер, медицина және 

педагогика ғылымдарының докторы, профессор Совет-Хан Ғаббасовпен 

кездесу болып өтті.  

Жастар қауымымен кездесуге келген 

жазушы, ел азаматы Совет-Хан Ғаббасов 

жиында: «Армысыздар менің келешектерім! 

Шақырғандарыңызға көп рахмет! Мен 

бүгін сіздерге ерекше толқып келдім. 

Толқитын себебім, Мағжан ақын «Мен 

жастарға сенемін!» дегендей, сіздердің 

мойындарыңызда үлкен әрі міндетті қарыз 

тұр. Бүгінгі таңда тек қана жастар шешетін 

дүниелер бар. Міне, осы кездесуімізде сол 

мәселелер жайлы сіздермен сырласатын 

боламыз», – деп сөз бастады. Одан әрі 

жастар тәрбиесі, білімі, еңбегі жөнінде 

өзінің ішкі ой-толғанысын шынайы 

жеткізіп, жастарға арнап өнегелі өмірінің 

кейбір тұстарынан тәлім боларлық мәлімет 

берді, ақыл-кеңесін айтты. Сонымен қатар 

кеш қатысушылары ел ағасының халқына 

еткен қызметі мен шығармашылығы 

жайлы сөз қозғады. Филология және әлем 

тілдері факультетінің 2-курс магистранты 

Салтанат Мінайхан жазушы ағаға арнап 

өлең оқыды. Ұстаз ақын ризашылығын 

білдіре отырып: «ҚазҰУ-дай қара шаңырақ 

– біздің мақтанышымыз. Бұл шаңырақтан 

қаншама ел қамын ойлайтын азаматтар 

 

қанат қақты. Университет түлектері бүгінде 



түрлі салаларда белсенді қызмет етуде», 

– деп атап өтті. Ол жастарға 2011 жылы 

жарық көрген үш томдық туындыларын 

таныстырып, өзі жазған «Кәусар» атты 

ғылыми фантастикалық романды оқуға 

шақырды.  Студенттерге қарата: «Оқыңдар! 

Оқуда қанаттарың талмасын!» – деп, ішкі 

бұлқыныстан туған ойларын жеткізді. 

Кездесу соңында «Қан жүрісі – жүрек 

тынысы», «Дәрігер келгенге дейінгі көмек», 

«Қатерлі ісіктің алдын алуға бола ма?» атты 

қазақ тілінде жарық көрген кітаптар мен  55-

тен аса ғылыми мақаланың авторы Совет-

Хан Ғаббасов саналы ұрпақ тәрбиелеуде 

жастардың орны ерекше екенін айтып, 

әл-Фараби кітапханасына өзінің 

кітаптарын сыйға тартты. Жазушының 

«Қыран қия», «Ана жүрегі», «Өскен 

ұя», «Серпер», «Порыв» «Нәзік сезім», 

«Кәусар», «Мейірім», «Воззрение», «Көңіл 

құсы» сынды еңбектері жиналған қауым 

арасында кеңінен талқыға түсті. Алматы 

мемлекеттік медициналық институтының 

емдеу факультетін бітірген дәрігер-ғалым 

әдебиет пен медицинаны ұштастырып, 

бірнеше туындыларды жарыққа шығарған. 



Өз тілшімізден

Чем ближе ЕНТ (ВОУД, экзамены), тем 

усиленно бьется сердечко и поднимается уровень 

тревожности у обучающихся, влияющее на их 

психологическое самочувствие и физическое 

состояние. Педагоги каждодневно работают с 

выпускниками, переживая за учебный процесс 

и конечный продукт развития личности. Ведь в 

этом случае решается не только судьба человека, 

но и будет виден результат деятельности 

в формировании имиджа организации 

образования. 

Сама педагогическая практика 

свидетельствует и психологические 

исследования в КазНУ показывают, что если 

даже обучающийся готов умственно, но не 

подготовлен психологически, то все результаты 

могут свестись к нулю. Болгарский психолог 

Г. Лозанов своими исследованиями доказал, 

что когда обучающиеся переживают или 

нервничают на экзамене (ЕНТ, ВОУД), то дорога 

в память закрывается. Неумение регулировать 

свои эмоции и совладать стратегиями в 

стрессовых ситуациях не дает человеку иногда 

вовремя сконцентрироваться и выполнить 

качественно задание. Ведь иногда дается только 

определенное время на выполнение задач, где 

необходимо показать свои умения и навыки.

По запросам педагогов в рамках научного 

проекта МОН РК 2511/ГФ «Арт- педагогика и 

арт-терапия для профилактики суицидального 

поведения молодежи в Казахстане: разработка 

научных основ и практических технологий» 

 

(руководитель – профессор кафедры 



педагогики и образовательного менеджмента 

Г. А. Касен)  нами был разработан тренинг 

«Стратегии совладающего поведения человека 

в стрессовых ситуациях» и расписан в книге 

«Жизнестойкость: технологии и практикум в 

работе с воспитанниками детского дома» (автор 

З. М. Садвакасова). 

В рамках сохранения психического и 

физического здоровья в КазНУ имеется 

проект «Здоровый образ жизни», где каждый 

преподаватель активно включается в работу по 

достижению главной цели «Стратегии-2050», 

внедряя в образовательный процесс 

внеаудиторные мероприятия. 

Нами был организован ряд воспитательных 

мероприятий в рамках школы куратора-

эдвайзера при кафедре педагогики и 

образовательного менеджмента по укреплению 

психического здоровья и совладанием своего 

поведения в стрессовых ситуациях: среди 

студентов 4 курса вуза по специальности 

«Педагогика и психология», «Социальная 

педагогика и самопознание» в рамках дисциплин 

«Девиантология», «Технологии в работе с детьми 

девиантного поведения» и магистрантов 2 

курса по дисциплине «Консультирование по 

социально-педагогической виктимологии»; в 

детском доме №2 г.Алматы для старшеклассников 

и администрации;  в университете для 

кураторов-эдвайзеров всех факультетов в рамках 

«Школы куратора-эдвайзера» при кафедре 

педагогики и образовательного менеджмента 

факультета философии и политологии; в 

Профессиональной школе при КазНУ для 

администрации и педагогов.

Тренинги были организованы в 

интерактивном режиме через инновационные 

формы «Тур по галереи», «Круг», 

«Инструментатор». Более подробно 

можно ознакомиться в книге З. М. 

Садвакасовой «Инновационные формы 

учебно-воспитательного процесса в вузе», 

выпущенной за счет проекта МОН РК 1763/

ГФ  «Развитие креативности и творческих 

способностей студентов как фактор повышения 

интеллектуального потенциала  Казахстана» 

(рук. профессор А. К. Мынбаева), а также на 

примере психолого-педагогических методик, 

помогающих освоить современные стратегии 

совладающего поведения человека в стрессовых 

ситуациях.

Таким образом, альтернативы в здоровье-

сберегающих технологиях предложенные 

в воспитательных мероприятиях помогут 

человеку противостоять стрессам и быть 

конкурентоспособным в любой ситуации и 

деятельности.

З. М. САДВАКАСОВА,

к.п.н., доцент кафедры педагогики 

и образовательного менеджмента 

Философия және саясаттану факультетінде философия кафедрасы және 

«Кіші Фараби академиясының» ұйымдастыруымен «ҚазҰУ студенті оқуға 

тиіс 100 кітап»  жобасы  аясында   Әл-Фарабидің  логикалық  трактаттарын  

талқылауға арналған дөңгелек  үстел өтті. 

Дөңгелек үстелде, алдымен 

философия мамандығының 2-курс 

студенті Назерке Спатай Әл-Фарабидің 

логикалық трактаттары жайлы 

баяндама  жасады. Өз баяндамасында  

ол Фарабидің логика ілімін шама-

шарқынша жан-жақты зерделеп, 

студенттерге логика төңірегінде 

көптеген кызықты мағлұматтар берді. 

Осы  мамандықтың 3-курс студенті 

 

Бекен Нурадин «Әл-Фарабидің 



логика ілімінің әлемдік өркениетке 

 

қосқан үлесі» тақырыбында 



сөз сөйлеп, көптеген ғылыми-

мәдени мәселелердің басын ашып, 

пікірталас туғызды.  Ал философия 

мамандығының 2-курс студенті Алима 

Қалыпбекова «Логикаға кіріспе» 

баяндамасында «силлогистикалық 

өнердің» түрлерін  жан-жақты 

ғылыми-теориялық тұрғыдан өте 

жақсы ашып берді. Студенттердің 

ізденісін байқатқан  баяндамалардан 

соң, дөңгелек үстел қонақтары 

өздерінің терең философиялық 

ойларын ортаға салды. Сонымен 

қатар студенттерді  толғандырып 

жүрген мәселелерді көтеріп, олардың 

білімге деген қызығушылықтарын, 

ізденістерін  арттыра түсті. Студенттер 

өз тарапынан сұрақтар қойып, пікір 

білдірді. 

Сондай-ақ фарабитанушы ғалым 

Ғ. Құрманғалиева логиканың 

практикалық маңызын кеңінен 

түсіндіріп, бұрын зерттелмеген Әл-

Фарабидің логикаға байланысты 

еңбектерімен таныстырды. Ал С. 

Бөлекбаев дұрыс, қатесіз ойлаудың 

Қазақстанның дамуына, яғни 

материалдық және рухани мәдениетке 

әсер ететіні туралы айтып, студенттерге 

үлкен ой салды.

Осындай шаралар студенттердің ой 

өрісінің жан-жақты дамуына ықпал 

етеріне  мол. ҚазҰУ  студенттеріне 

Фараби бабамыздың ғылыми 

мұраларын білу парыз. 

П.М. СҮЛЕЙМЕНОВ,

«Кіші Фараби 

академиясының» жетекшісі, 

философия каферасының доценті  


5

№6 (1600) 9 ақпан 2016 жыл

12 ақпанда Әл-Фараби кітапханасында «Central Asia Monitor» газетінің 

бас редакторы Бигелді Ғабдуллинмен кездесу өтеді

білім


Қызығы мен қиындығы қатар жүретін бұл өмірдің бұралаң-бұлтарысы көп 

ұзақ жолында өз мамандығын адаспай таңдап, шебер меңгерген жанның 

бірі – ҚазҰУ-дың филология және әлем тілдері факультетінің белді ұстазы 

Мұқанова Заира Айқынқызы. 

Заира апайды баршамыз өмірден 

тоқығаны мол, кемел ойлы тұлға ретінде 

жақсы білеміз. Терең білім, берік ұстаным, 

іскерлік қабілет және үлкен азаматтық 

қасиеттер Заира Айқынқызын қатардағы 

ұстаздардан ерек етіп көрсететіні анық. Ол 

А.Х. Азаматовамен бірлесе жазған «Латын 

тілі» атты оқулығы арқылы студенттердің 

білімге деген құлшынысын арттырып, 

жүйелі әдісті қалыптастыруға көп еңбек 

сіңірді. Терминологияның негізіне алынған 

латын тілін жетік меңгеріп, студенттеріне 

жеткізе білді. Көп жылдан бері осы салада 

тынымсыз еңбек етіп, көп белес-биіктерден 

өтті. Сондай-ақ «Тіл тынысы» клубының 

жетекшісі бола отырып, тұрмыстық 

мұқтажы қат-қабат тіршілікті ұдайы 

назарда ұстайтынын күнделікті өмірде 

көріп жүрміз. Үйдің де, түздің де шаруасын 

қатар тындырып, үлгеріп жүрген қоғамның 

белсенді мүшесі. Заира апай қарбалас 

жұмысымен қатар, ғылыммен айналысуға 

да уақыт тауып, кандидаттықты қорғады. 

Білімі жоғары бағаланған ол әріптестер 

арасында бұлжымас беделге ие. 

Заира Айқынқызы жаны жомарт, 

қамқор да талапшыл ұстаз. Аяулы жар 

ретіндегі абзал қасиеттері де тәнті етпей 

қоймайды. Осындай еңбек пен тұрмыс 

тәрбиесі, жеке басының кіршіксіздігі өзі, 

отбасы үшін ғана емес, қанаттас жүрген 

әріптестері, тілектес дос-жарандары үшін 

де зор мақтаныш, абырой, жас ұрпақ 

үшін нағыз өмір мектебі екендігі даусыз. 

Әріптестері ғалымды ақылман ұстаз, іскер 

ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың 

қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, 

құрмет тұтады. Заира Айқынқызын 

мерейтойымен шын жүректен құттықтап, 

мықты денсаулық, қажымас күш-қайрат 

тілейміз. Еңбекте толағай табыстарға жете 

беріңіз! Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз 

жарқын, мерейіңіз үстем болсын!



Жалпы тіл білімі және еуропа тілдері 

кафедрасының ұжымы

Қазіргі таңда физиканы оқытудағы мақсат – ғылымның жаңа мүмкіндіктерін 

меңгерген, алған білімдерін тәжірибемен ұштастыра білетін кадр дайындау, 

оқытушының міндеті – болашақ білгір физика мұғалімін даярлайтын орта 

құру. Сонымен қатар, бүгінгі жаһандану заманында кез келген ортаға бейім, 

еңбек нарығына еркін араласып, заман талабына сай қажеттіліктерін өтей 

алатын жан-жақты тұлға қалыптастыру маңызды.

Біздің жоғары дәрежелі ғылыми және 

шығармашылық әлеуетіміз – құнды 

капиталымыз. Оны одан әрі дамыту, 

жаңа өркениетті жағдайлар туғызу біздің 

қолымызда. Еліміздің экономикалық және 

әлеуметтік даму деңгейі білім жүйесімен, 

азаматтардың білімділігімен бағаланады. 

Ақпараттандыру – әлем елдерінің 

бәсекелестік жағдайында халықаралық 

дәрежеде өзара кірігу үрдістерінің жандану 

кезеңі болғандықтан, білім пайдалы 

инвестиция саласы ретінде еліміздің 

экономикалық, әлеуметтік және саяси 

даму тұрақтылығын қамтамасыз етеді. 

Бүгінгі білім жүйесінің ерекшелігі – тек 

білім берумен ғана шектелмей, өз бетінше 

білім алуды дамыта отырып, үздіксіз 

өздігінен өрлеуге қажеттілік тудыру.

ЖОО-да оқытудың мазмұнын іріктеу – 

бүгінгі таңда ғалымдардың, әдіскерлердің, 

оқытушылардың назарында. Өйткені 

физиканы, сол сияқты табиғи-ғылыми 

пәндерді оқытудың алуан түрлі тәсілдері 

бар. Оларды жасау және іске асыру 

барысында пәндер тілі қалыптасып, 

оқытудың құрылымы айқындалуда. 

Қазақстанның әлемдік білім беру 

жүйесіне кіру үдерісі еліміздің ЖОО-

дағы кредиттік оқыту технологиясының 

енгізілуімен  тығыз байланысты.  Ол – 

ерекшелену, білім беру траекториясының 

таңдамалылығы және білім ауқымын 

кредиттер түрінде есепке алу негізінде 

өз бетінше білім алу, шығармашылықты 

игеру, креативтілік деңгейін арттыруға 

бағытталған білім беру жүйесі.

Болон үдерісі аясында оқытушылар 

мен студенттердің академиялық 

ұтқырлығына үлкен көңіл бөлінуде. 

Академиялық ұтқырлық – еліміздегі 

жоғары оқу орындарының халықаралық 

білім кеңістігіне енуін қамтамасыз ететін 

жайттардың бірі. Ол қазіргі кезде тек әр 

елдегі университеттер арасындағы студент 

алмасумен ғана емес, интеллектуалдық 

өрлеудің, ғылыми және мәдени әлеует, 

ресурс, оқыту технологиясымен алмасуды 

көздейді. 

Осы негізде болашақ физика 

мұғаліміне мынадай талаптар қойылады: 

әлеуметтік мәселелер мен процестерді 

ғылыми тұрғыдан талдауға қабілетті 

және осы ғылымдардың әдіс-тәсілдерін 

әртүрлі кәсіптік іс-әрекетінде қолдануға 

дағдылану; кәсіптік іс-әрекеттің 

басқару механизмі мен ұйымдастыруын 

жетілдіру үшін ғылыми мәліметтердің 

Кәсіби бағдар 

ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінде қазақстандық жастармен қоса 

шетелдік азаматтар да білім алуда. Әрбір жастың мектеп бітірген соң, үлкен 

өмірге бастар жолдағы алғашқы қадамы мамандық таңдаудан басталады. 

Бүгінгі тыңдаушы – ертең студент, ал студент – болашақ маман. Сауатты, 

білікті маман болып қана қою адамды бақытқа жеткізбейді. Шын мәнінде 

бақытты болғысы келсе, онда тыңдаушы жастар өзі қалаған мамандығы 

бойынша жан-жақты білім алуға тырысқаны жөн. 

Әрине, мамандық таңдау оңай емес. Қалаған мамандығының қыр-сырын дұрыс 

білмей жатып оқуға түсіп, таңдаған мамандығына кейіннен көңілі толмай жүретіндер 

де кездеседі. Сол себепті біздің факультетте дұрыс бағыт беру мақсатында кәсіби бағдар 

беру танымдық сабағы дәстүрлі түрде өткізіледі. Сондай кезекті шара Ауғанстан Ислам 

Республикасынан келген тыңдаушылардың қатысуымен өтті.

 Бағдарламашы болғысы келетін, физика саласында еңбек еткісі келетін тыңдаушылар 

универсиетіміздің физика-техникалық факультетіне барып, ондағы мамандық 

түрлерімен  танысты, оқытушылар құрамымен кеңесті. Факультет басшылығы, кафедра 

меңгерушілері факультеттегі мамандықтар жайлы кеңінен мәлімет берді. Факультет 

басшылары мен ұстаздар ұжымы болашақ физиктерді өте жылы қабылдады, жастарға 

қосымша сабақ алу арқылы өздерінің білімін жетілдіруге арналған оқушылардың 

Виртуальды академиясымен, қашықтықтан оқу, онлайн режимі оқу жүйелері жайлы 

айтып берді. 



Р.Т. НАРАЛИЕВА, Г.А. ТАСТЕМІРОВА

автоматтандырылған қор жинағын, 

ақпараттық-әдістемелік материалдарын 

және коммуникативтік желілерін қолдануға 

икемделу; іргелі физикалық заңдарды және 

физикада пайдаланылатын математикалық 

аппараттарды білу; физикалық және 

математикалық модельдерді жасау, әртүрлі 

құбылыстар мен процестерді болжау 

мен бейнелеу үшін қолдану; жоғары 

әдістемелік деңгейде әртүрлі оқыту 

қызмет түрлерін жүргізуге, оқушылармен 

тәрбиелік жұмыстарын ұйымдастыруға 

қабілетті болу; ғылыми зерттеулерін 

және орта оқу орындарында білім беру 

процесін ұйымдастыруға дағдылану; өз 

еңбегін ғылыми негізде ұйымдастыра білу; 

кәсіби қызмет саласында қолданылатын 

мәліметтерді жинаудың, сақтаудың және 

өндірудің компъютерлік әдістерін меңгеру; 

жоғары кәсіптік білімнің келесі сатысында 

білімін жалғастыруға қабілетті болуы керек.

Осы талаптарды талдай келе болашақ 

физика мұғалімі қазіргі жедел қоғамда жаңа 

нәрсе жасауға, ерекше ойлар мен жаңа 

идеяларға сынақ жүргізуге, физикалық 

жағдайларға байланысты туындаған жаңа 

мәселелердің түйткілін ұтымды шеше білуге 

бейімделуі қажет екендігін, яғни, креатив 

тұлға болып қалыптасыру қажеттігін 

түсінуге болады.

Физика – табиғаттағы өзгерістерді 

зерттейтін ғылым. Физика құбылыстары 

мен заңдылықтарын студенттерге 

түсіндірудің бір қиындығы – олардың 

көбінің көзге көрінбейтін, қолмен сезінуге 

болмайтын құбылыстар екендігінде. 

Физиканы оқытуда креативтілікті 

қалыптастырудың мазмұны келесілер 

деп түсіндіреміз: физикалық заңдар мен 

құбылыстарды өндіріс пен техникада 

қолдана алуды үйрету; физикадағы 

ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамытуды 

қалыптастыру; болашақ жас ұрпақты 

сапалы, шығармашылық қабілеті дамыған, 

креативті етіп тәрбиелеу.

Физикалық білім беру арқылы жеке 

тұлғаның қабілетін ашуға бағытталған 

дамытушы және инновациялық әдістерді 

кең көлемде енгізу, жаңа технологиялар 

негізінде қашықтықтан оқыту жүйесін 

дамыту жолы мен халықтың ауқымды 

сапалы білім беруге қолжетімділігін 

арттырудың да өзектілігі жоғары.  




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет