6
№9 (1603) 1 наурыз 2016 жыл
Юбилей
Философия және саясаттану факультетінде «Философияны оқыту: мәселелері және
болашағы» атты ғылыми-әдістемелік конференция өтті
Виктору Михайловичу Инюшину 1 марта исполняется 75 лет.
Он родился в городе Ленинград в семье известного и крупного
гидростроителя, Героя Социалистического Труда М. Инюшина.
В 1948-1958 г.г. учился в средней школе
городов Усть-Каменогорск и Серебрянск
Восточно-Казахстанской области.
Практически вся его сознательная жизнь
связана с КазНУ, в котором он обучался в
1958-1963 г.г. и где по сегодняшний день
продолжает трудиться. После окончания
университета за огромный интерес и
прилежание к учебе и науке Виктора
Михайловича принимают на работу в
качестве стажера-исследователя кафедры
гистологии и цитологии, а после стажировки
он стал работать преподавателем, старшим
преподавателем и доцентом той же кафедры.
За короткий отрезок времени в результате
титанического и систематического труда
Виктором Михайловичем были успешно
защищены: кандидатская диссертация на
тему «Монохроматический красный свет для
репарации лучевых повреждений у животных»
(1966) и в возрасте 31 года –докторская
диссертация на тему «Гистофизиологическое
исследование действия излучений
оптических квантовых генераторов и других
светоустановок на организм человека и
животных» (1972). Он был самым молодым
доктором биологических наук в Союзе.
После защиты диссертации Виктор
Михайлович с большим энтузиазмом начал
работать над созданием новой кафедры
биофизики. И в 1973 году по личной
инициативе, под его руководством и при
поддержке ректора КазГУ, академика НАН
РК У. А. Джолдасбекова впервые в истории
нашего университета на базе биологического
факультета была организована кафедра
биофизики. В том же году Инюшин был
утвержден в должности заведующего
кафедрой биофизики и на этой должности
он проработал более 20 лет. Создание
кафедры биофизики позволило ему уделять
большое внимание развитию и координации
биофизических исследований в Казахстане,
а также подготовке кадров по биофизике.
В 1975 году Виктор Михайлович был
утвержден в ученом звании профессора
биофизики. Этот период знаменуется
ростом его яркого организаторского,
педагогического и научного таланта.
Виктор Михайлович впервые начал ряд
исследований по установлению механизмов
действия излучения оптических квантовых
генераторов (лазеров) на биофизические,
физиологические, биохимические и
морфологические показатели животных,
растений, микроорганизмов и человека при
различных функциональных состояниях
организма. Впервые были доказаны
специфические и неспецифические
особенности действия на биологические
объекты, явления лазерных излучений.
Виктор Михайлович внес огромный вклад
в развитие теории и практики фотобиологии
и биофизики в Казахстане. Его имя хорошо
и широко известно среди специалистов в
республике и за его пределами, а его труды
часто цитируются в научных публикациях.
Виктор Михайлович с большим рвением
взялся за работу по формированию научного
потенциала кафедры, организуя одним
из первых в университете хоздоговорные
исследования по применению оптических
квантовых генераторов в сельском хозяйстве,
в производстве и в медицине как у нас в
республике, так и в России и Беларуссии.
При его непосредственном участии и
практической поддержке на этих материалах
выросли специалисты, защитили диссертации
аспиранты, ставшие затем ее сотрудниками.
Также он является первым исследователем
в области биофизической экологии, куда
входят: биофизический мониторинг
водной среды, электромагнитные поля и
живая природа, биофизические аспекты
акупунктуры, биофизические особенности
аномальных зон, разработка биофизической
аппаратуры для экспресс-индикации
аномалии на территории Казахстана и
для медицины. Развивая вышеуказанные
научные направления Виктор Михайлович
организовал проблемную лабораторию
«Биоэнергетическая структура биосистем», а
в 1977 году впервые создает при университете
у ч е б н о - н а у ч н о - п р о и з в о д с т в е н н о е
объединение (УНПО) «Биофизика», где в
единую структуру были объединены учебные,
научные и производственные процессы.
С момента создания кафедры
сотрудники кафедры под руковдством В.
М. Инюшина организовали и провели
более 20 научных конференций и
семинаров, посвященных различным
аспектам прикладной биофизики. По
материалам научно-исследовательских работ
Виктором Михайловичем опубликовано 35
монографий, учебных пособий и учебно-
методических рекомендаций, а также
получено более 100 авторских свидетельств
и патентов (РК, РФ и Польша), из которых
30 запатентованы за рубежом (Германия,
Канада, Япония, США, Австралия и другие).
Под научным руководством В. М. Инюшина
защищены 5 докторских и 16 кандидатских
диссертаций.
Научная деятельность Виктора
Михайловича многогранна, его новые
поиски всегда базируются на достижениях
смежных и прикладных дисциплин. Он
является автором гипотезы биоплазмы.
Теоретическое обоснование взаимодействия
биоплазмы-геоплазмы является базой для
создания и развития принципиально новых
методов мониторинга экологической среды
и методов регистрации предвестников
землетрясений. На этой базе он разработал
новую технологию получения воды с
заданными свойствами. В своей монографии
«Пространственно-временная структура
биоплазменного тела человека» (2007)
он рассмотрел объективные основы
механизмов реализации в живом организме
голограммно-информационных процессов
с включением органически целостной
матрицы-биоплазмы.
Всего Виктором Михайловичем
опубликовано более 400 научных и
публистических работ, многие из которых
известны и в дальнем зарубежье. Он
многократно выступал и продолжает
выступать на различных международных,
региональных и республиканских научных
форумах и на телевидении, привлекая
внимание нетривиальным мнением,
оригинальным и нестандартным анализом,
как по общебиологическим, так и по частным
вопросом биофизики. Он является членом
редакционных коллегий таких зарубежных
изданий, как: «Психоэнергетические
системы» (Сан-Франциско, США) и
«Аурикулотерапия» (Тель-Авив, Израиль).
Большие педагогические, творческие
и организационные возможности Виктора
Михайловича были отмечены избранием
его членом и почетным членом ряда
международных научных организаций:
Международной ассоциации по изучению
эффекта Кирлиан (Нью-Йорк, США),
Международного фонда им. А. Л.
Чижевского (Москва, РФ), Ученого совета
Зороастрианского колледжа (Мумбай,
Индия), профессором Международного
университета альтернативной медицины
(Мамбей, Коломбо), Лазерной академии
наук (Москва, РФ).
В Казахстане и за его пределами
Виктор Михайлович известен как
общественный деятель и как активный член
международного антиядерного движения
«Невада-Семипалатинск».
За успехи в работе В. М. Инюшин
был удостоен звания «Заслуженный
изобретатель Республики Казахстан», избран
действительным членом (академиком)
Лазерной академии наук РФ, награжден
золотой медалью Международного фонда
им. А. Л. Чижевского, почетным знаком
«Истина, вера в добро», юбилейными
медалями «70 лет КазГУ им. С.М. Кирова»,
«75 лет КазНУ им. аль-Фараби», «80 лет
КазНУ им. аль-Фараби» и орденом «Құрмет»
РК.
Из изложенного в Викторе Михайловиче
мы видим научного работника и
руководителя, большого ученого и
общественного деятеля, которого всегда
отличало чувство нового, стремление быть
впереди и быстро откликаться на требования
времени. Почти все его исследования и опыты
по испытанию и изучению особенностей
механизмов действия лазерных излучений
на живые организмы, организованные
еще в 1963-70-е годы, были пионерными
в Республике и Союзе, которые получили
продолжение и развитие в других научных
коллективах и, особенно, за рубежом.
Вокруг Виктора Михайловича, всегда
царила дружелюбная, творческая атмосфера
взаимопонимания и поддержки, за ним
следовали все сотрудники и студенты
кафедры и лаборатории. Это было
немаловажным фактором успешной работы
и способствовало неоднократным победам
в соревнованиях между кафедрами на
факультете.
Основными увлечениями Виктора
Михайловича, помимо работы, были
живопись и рисование. Он нарисовал
портреты академика НАН РК Б. А.
Домбровского, профессоров А. Г. Гурвича,
А. Л. Чижевского и Д. Кирлиан, а также
прекрасные места Зайлийского Алатау.
Плодотворная научная, педагогическая
и общественная деятельность Виктора
Михайловича, его благожелательное
отношение к людям, чуткость и отзывчивость
служат наглядным примером для молодых
специалистов и студентов.
В заключение мне еще раз хотелось бы
сказать о Викторе Михайловиче Инюшине
как о простом, высоко интеллегентном,
внимательном человеке, выдающемся
ученом, внесшим и продолжающим вносить
много нового в прикладную биофизику.
Надеюсь, это сделают и другие многие его
ученики, соратники и последователи.
С. Т. ТуЛЕуХаНОВ,
заведующий кафедрой
биофизики и биомедицины,
д.б.н., профессор
Қазақ ұлтының тарихы терең,
мәдениеті бай, өнері озық, тілі шешен.
Ал тарихымыз тереңнен тамыр
тартады. Арғы тарихымыз біздің
дәуірімізге дейінгі V-ІІІ ғасырлардағы
сақ, ғұн, үйсін тайпаларынан
басталатын болса, «қазақ» деген
атауға ие болып, қазақ мемлекетінің
құрылғанына күні кеше ғана 550 жыл
толды.
Римді жаулаған ғұн патшасы Еділ (Атилла),
Кирдің басын алған Томирис ханшайым,
түркі дүниесінің төріндегі Бумын, Тоныкөк
қағандар, Мысыр билеушісі Сұлтан
Бейбарыс, Үнді жеріне иелік еткен Бабыр,
Шыңғыс хан, Керей мен Жәнібек, Абылай,
Кенесары, Дінмұхамед, Нұрсұлтан есімдері
біз үшін тек зор мақтаныш қана емес, рухани
әлеміміздің шамшырақтары екені даусыз..
Қазақ ұлты – тарихында тағдыр тауқыметін
аз көрмеген халық. Тәуелсіздік үшін қаншама
күрестерді бастан өткеріп, халқының үштен
екісін жоғалтып, өз жерінде жалпы халықтың
24 пайызын ғана құраған, зиялысымен бірге
ер азаматтарынан мүлде айырылып қалудың
аз алдында қалған, соған қарамастан ұлттық
намысын, салт-дәстүрін, діні мен тілін,
ұлттық болмысын ғана емес, мемлекеттігі
мен жерінің тұтастығын сақтап қалған қайсар
да жауынгер, кемел де кемеңгер халық. Міне,
Бүгінде Қазақстан жер көлемі жағынан әлем
бойынша 9-шы, ТМД бойынша 2-ші орынды
иеленеді. Бұл біздің тарихымыздың азғана
бір сипаты. Алайда ХХІ ғасырда, жаһандану
дәуірінде қазақ халқын тағы бір үлкен сын
күтіп тұр. Ол – қазақ ұлтын ұлт ретінде
сақтап қалу және Қазақстанды әлемдегі озық
мемлекеттердің алдына шығару. Бұған бүгінгі
күннің тарихшы мамандарының қосар
үлесі зор. Өйткені, өткенді білмей, жарқын
болашаққа жету өте қиын.
Бүгінгі таңда тарихқа деген құштарлық,
өткен тарихын терең білу — ұлтын сүйетін әр
азаматтың қорғаныш қаруы. Пайымдағанға
тілі мен ділі де, діні де тарихтың қатпарында
бұғып жатыр. Сондықтан да тарихын терең
білу — болашаққа жүктелген ұлы міндеттің
бірі деп қарауымыз керек.
Айта келе, тарих ғылымы алдында еліміздің
бай шежіресі мен тарихын әлемдік деңгейде
қарастыру күрделі міндеті тұр. Осы жолда
еліміздің елдігін, қадір-қасиетін сақтаған,
бүгінгі байлығымыз – атамекенімізді
өзімізге бұйыртқан, тұлғаларымыздың
Қазақ мемлекетін сақтау жолындағы
еңбегін тарих айқындаған ата-бабамыздың
ерліктерін еш бояусыз, алып-қоспасыз тайға
таңба басқандай етіп, сұрыпталған дәйек-
деректер негізінде жазатын, оны кеңірек
насихаттайтын уақыт жетті. Жаһандану
заманында Елбасы көтерген Мәңгілік ел
идеясының түбінде ұлт бірлігі мен бабалар
аманаты, көршілес шет елдермен бейбіт
өмір сүру, өткеннен сабақ алар қатпарлы
тарихымыз жатыр. Оны толыққанды
өскелең ұрпаққа шынайы жеткізу тарихшы
қауымының басты міндеті болмақ.
Университетіміздің тарих, археология және
этнология факультетінің тарихшы академик,
профессор ұстаздары жас талапкерлердің өз
ұлтының тарихы жөнінде талмай, тынбай
ізденіп, шынайы тарихты ашуы үшін тер
төгуде. Тарих саласының кадрларын түлетіп,
оларды толықтырып келеді. Тарихшы
ғалымдар мектебін қалыптастыруда біздің
факультеттің берері өте көп. Факультетіміз
– Қазақстан тарихы және дүниежүзі тарихы,
археология және этнология, мұражай ісі және
ескерткіштерді қорғау, мұрағаттану, құжаттар
жүргізу және құжаттаманы қамтамасыз
ету, кітапхана ісі бойынша жоғары білімді
мамандарды даярлайтын еліміздегі ең
көне әрі қуатты орталық. Сонымен қатар
шет тілдерін меңгере отырып, білім алу
барысындағы кең ғылыми байланыстарды
орнату арқылы болашақта қызықты және
сұранысқа ие жұмыс табуға мүмкіндік бере
алады.
а.К. ТОҚСаНБаЕВ,
дүниежүзі тарихы, тарихнама және
деректану кафедрасының аға оқытушысы
7
№9 (1603) 1 наурыз 2016 жыл
ж е з қ о ң ы р а у
На кафедре ТЮРКСОЙ прошла встреча с руководителем Фонда культуры тюркских народов и
газеты «Тюркский мир» Ахметом Дагдуран и руководителем Ассоциации бизнесменов
тюркских стран Аскаром Тулеповым
Ақжарқын ҚЫДЫРХАНОВА
1995 жылы 11 қарашада ШҚО, Аягөз қаласында
дүниеге келген. 2013 жылы Үшбиік ауылындағы
«Ақтайлақ би» атындағы орта мектепті
«Алтын белгімен» бітірген. Оқушы кезінен жыр
мүшәйраларына қатысып, жүлделі орындар
алған. 2013 жылы «Таңғы шық» атты тұңғыш
жыр жинағы жарық көрген.
Қазіргі таңда Ақжарқын – ҚазҰУ-дың
журналистика факультетінің 3-курс студенті
аҚЫН-аРМаН
Бала күнде талай мен армандадым,
Армандап Марсқа да барған жанмын.
Ғарышкер болсам деген биік мақсат
Орнаттым артқа итеріп қалғандарын.
Кей кезде небір дүлдүл суретшінің
Ішіме қондырушы ем салғандарын.
Қылқаламды қолыма мен де алып,
Үмітіме сеніп ем жалғанарын.
Бір кезде кесек мінез танытып мен,
Саясаткер болуға қамданғанмын.
Болғым кеп прокурор да жүрдім біраз
Тәубесіне салам ба деп долданғанның.
«Кім болам?» деп шарқ ұрып жүрген кезде
Әнші болам деуден де арланбадым.
Қайтейін, армандаппын мен де біраз,
Берілмедім қиялға, оның жүгі аз.
Бойжетіп, ақылға кеп арманымды
Тоғыстырдым бір тұсқа,
Мұным – рас!
Ақын болсам деймін мен шын көңілмен,
Онда мен,
Зымырайтын кеңістікте ғарышкермін,
Елімді ойлар саясаткер, намысты ермін.
Қаламыммен өрнек сап бейнелеймін,
Суретші боп қоғамның бар істерін.
Айыптап алмас қылыш тілімменен
Орнын нұсқар едім қанішердің.
Ақын болсам егер мен шырқап жүрем,
Бұлбұл болып жұртымның ақ істерін.
Қатарынан емеспін, әйтеуір, тек
Кеудесіне от жанып, нан піскеннің.
Аттандым ақ сапарға, батаңды бер,
Қазағым, қайраты мол, намысты елім!
аМаН ЖүР, ӘКЕ, аНаШЫМ!
Заңғарым Әке – биігім,
Күрмеуін табар түйіннің.
Сіз барда ешбір сезбедім
Өмірдің қисық, қиынын.
Асылым – Анам, байлығым,
Өзіңсіз қандай жай-күйім?
Тірегім мына өмірде,
Жарығым, Сәулем, Ай-Күнім!
Төзімді берік, қайраттым,
Күшіңді, Әке, жоймақ кім?!
Ғұмырың бізге арналып,
Қиынды жеңіп жайраттың.
Асылым – Анам, періштем,
Дидарың нұр келіскен.
Жар болсын Аллам өзіңе
Тіледім шексіз мен іштен.
Үмітті бізге артарым,
Біз болып сенің жауһарың.
Ақталып, Әке, сенімің
Бітпесін қуат, қауқарың.
Кірпияз, таза, тұнығым,
Мейірімің қандай, жылуың?
Дүниеде жоқ қой, Анашым,
Тең келер сізге сұлуың!
Анашым, Әке – шаттығым,
Сіздерсіз бақыт тапты кім?!
Сіздермен бірге қуанып,
Басылар бірге аптығым.
Тап-таза мөлдір бұлағым,
Биігім, заңғар, шынарым.
Аман жүр, Әке, Анашым,
Сіздерден жалғыз сұрарым.
Әдемім, Анам, дидарлым,
Әкеммен сізге сыйладым.
Жыр жазам әркез алғыспен,
Жаздым бүгін сыйғанын.
ШаЛаЛЫҚТЫң ХаҚЫНДа
Ақылгөйдің жоғары ғой әрқашан да санасы,
Бірақ бұл – тек өз ойы.
Ажырамаған ағы менен қарасы,
Өлшенбеген жетер жері, шамасы,
Қазақтарда жетіп жатыр бүгінде
«Шала қазақ» деген сорлы баласы.
«Сорлы бала» ойламайды бірақ өзін сорлы деп.
Шелді көзі бұлдырласа, оған сол да болды тек.
Жетесіне жетпей жатыр, ұғынбай жүр әлі де,
Тіл алдында бар екенін, мол екенін зор міндет.
Аяғына таптағандай болад шығар өз тілін,
Ақылгөйлік, қайтсін енді, мұрсат бермей жатыр
ғой
Тексеруге тым болмаса санасының сөздігін.
Білгім келед менің дағы, «шала қазақ» дегеннің
Неше қазақ сөзі барын сөздігінде, кім білсін?
Айтқан ақыл дарымайтын, ұшатұғын далаға,
Қазақ тілін білмей жүрген, бейбақ, небір шалаға,
«Шала қазақ» деген тіркес тым артық сөз
мен үшін.
Бұлай олар жамай алмас, бітей алмас кемісін.
Орыс тілін қатты сүйсін, мейлі, бірақ өз тілін
Білмесе егер ана тілін, сүймесе егер баба
тілін,
Шала қазақ емес ол,
Қазақтың қатысы жоқ, білсе егер,
«Шала орыс» – нағыз аты
Мен білетін атау сол!
БОЛаШаҚ БүГІННЕН БаСТаЛаДЫ...
Қандай ыстық, қандай тәтті бала шақ,
Бала шақтан басталады жарқын, биік
болашақ.
Жауып өткен ақша бұлтты пердесіндей бір
түріп,
Тұрған еді көк аспанда алтын арай күн күліп.
Ескен желдей тыным алмай кідіріп,
Ойнап жүрді ерке бала жүгіріп.
Бақшасында күрек алып тырбаңдап,
Атасы жүр қартаң тартқан, сырқат белі
бүгіліп.
Сәби көңіл елітіп бар санасын,
Асыр салып, ат қып мініп ағашын.
Бақшадағы көріп қалып атасын,
Жетті шауып.
–Не істеп жатсың?
Әлде мендей ат қып мініп шабарсың?
Қолыңдағы тал шыбыққа, жас шыбыққа
қызығып,
Немеренің сұрақтары кетті сонда тізіліп.
Топыраққа салып бойын ағаштың,
Үндемей тұр,
Әуреге сап баласын.
Іс бітіріп, шелегінен су құйып:
–Өтеп жатырмын қарызымды, –
деді атасы жымиып.
– Қандай қарыз? – деді бала аң-таң қалып
аңырап,
–Мынау дала, мына жатқан атырап
Жатыр бізді еш есепсіз, еш қисапсыз асырап.
Қарызымның бір бөлігін өтермін,
Осы талда жайқалса егер жапырақ.
«Ә», – деді түсінгендей бас изеп,
–Ары қарай не істейсің?
Қалай өсед бұл ағаш?
Анау тұрған бәйтеректей болад деуің тым
оғаш.
–Бәрі мүмкін, қарамасаң шіріп өспей
қуарар,
Жайқалады күнде баптап, жүрсе күнде
суарар.
Айтқанынша болғаны жоқ,
Жүгіріп кеп бір шелек
Суды құйды тал шыбыққа, бұдан артық не
керек?
Сақ-сақ күліп атасы да, мәз-мейрам боп,
ырза боп:
Дәл бүгіннен басталды келешегі шыбықтың,
Сенің дағы болашағың зор екенін шын
ұқтым.
Асқар таулар көрінеді әрқашан да алыстан,
Қолғанатым, боларсың-ау сен де бір күн
данышпан!
Өсіп келем мен де дәл бір күтімі мол
шыбықтай,
Жалғастырам даналардың салған ізін
суытпай!
Ата-анамның тәрбиесін, ұстаздардың білімін
Тал бойыма нәрін жиып, құмарлана сіңірдім.
Сіңіріп-ап ұғып білдім –
Болашағым бүгінгім!
ТИІСТІ ЕМЕС ҰЛЫ
аБаЙДЫ ҰМЫТуҒа
Даналықты
Әрбір халық өзінше дара ұқты.
Төбесіне көтерген қазақ жұрты
Дүниеге әкелген сан алыпты.
Ақыл деген
Қабілет қой алысты жақын көрген,
Шатастырмай алайда даналықпен
Екі бөлек қарауды мақұл көрем.
Даналардың
Жүгі ауыр жүгіндей қара нардың.
Тот баспасы тәрізді асылдарды,
Қулық деген шаң баспас саналарын.
Қазағымның
Данасы көп озығы заманының.
Дана бірақ қазақта дара болар
Абай ақын – мұқалмас таза дарын.
Өлең сөзді
Патшасы еткен сендіріп көрер көзді.
Сезе білген және де жаза білген
Болатұғын «адамда кейбір кезді».
Сөзі қара
Жеткізбеген іштегі назын ғана
Қырық бесін қырдағы баға жетпес
Балайды оны ел-жұрты қазынаға.
Алыстардан,
Ой тербеген көз жетпес ғарыштардан.
Көзін ашып, көкірегін оятам деп
Кімдерменен шайқасып, алыспаған.
Ұлы тұлға,
Ұшқын берген жүрекке жылытуға
Ұмытпаған адамдық борыштарын
Тиісті емес сені ешкім ұмытуға!
Тиісті емес ұлы Абайды ұмытуға!
Көктем мерекесі келіп, жер анамыз әдемі бір күйге енгенде, барлық
жер құлпыра бастағанда аналар мерекесі де келіп жетеді. Осы мерекеде
ғана аналарымызға жақсы тілектер айтып қоймай, ананың әрбір күнін
мереке ету – біздің басты парызымыз. Ана жайлы сезіміңді айтып
тауысу мүмкін емес. Әркімнің өз анасына деген махаббаты шексіз. Мен
де анамның маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып, өз
ойымды аз да болса жеткізгім келеді.
«Анаңды меккеге үш арқалап барсаң да, қарызын өтей алмайсың» деген
дана қазақ халқы. Шынында да, анаңа қолыңнан келгеннің бәрін істесең
де, оның түн ұйқысын төрт бөлген бір күніндей ғана екен. Қаншама
байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды қадірлеу
парыз. Анаңның бір ауыз жылы сөзіне ештеңе жетпейді. Дүниенің нұры,
өмірдің гүлі – ана. Кез келген адамның әдептілігі мен сұлулығы, ең
алдымен, ана жүрегінің жылуынан басталып, ең жақсы қасиеттер балаға
алдымен анадан тарайды екен.
Биология және биотехнология факультеті «Биотехнология»
мамандығының студенттері жыл сайын 8 наурыз мерекесіне қарсы
ұстаздарына арнап жыл сайын мерекелік шаралар ұйымдастырып,
қарттар үйіне барады. Мұның өзі бізге зор қуаныш сыйлайды. Бұл
аналарға, үлкендерге деген үлкен құрметтің бір белгісіндей. Осы орайда
мереке қарсаңында ҚазҰУ аруларын, ұстаз-аналарды, құрбыларымды 8
наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесімен құттықтағым келеді.
Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, шат-шадыман көңіл
күй тілеймін!
Достарыңызбен бөлісу: